144-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың ерекшеліктері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Осы Заңның 128-бабының 4-тармағында көзделген шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен бөлек, шаруашылық жүргiзу құқығы меншік иесінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін заңды түрде алып қойған жағдайларда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмейтін мүлiктi алып қою (осы Заңның 141-бабының 2-тармағы);
2) артық, пайдаланылмаған не өз мақсатында пайдаланылмаған мүлiктi алып қою жатады.
2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлiкті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерiн белгiлейді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы