37-бап. Азаматтық алу және оны тоқтату мерзімінің есептелуі Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының
Ескерту. 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы азаматтығына:
- азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;
- кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тіркелген күні;
жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тіркелген күні ие болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтықтан шығару туралы Жарлығы шыққан күнi;
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы соттың үкімі заңды күшіне енген күні;
- осы Заңда көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдардың оны жоғалтқанын тiркеген күнi;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы тiркелген күнi тоқталады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы