54-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы. Кедендік баждар, салықтар төленбейтін жағдайлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 56, 91, 97, 103, 136, 137, 141, 153, 162, 174, 185, 198, 208, 216, 225, 232, 241, 247-баптарға, 277-бабының 4-тармағына, 279, 280, 284, 288, 295, 309-баптарға, 3096-баптың 14-тармағына және 3097-бабына, сондай-ақ Комиссия көздеген жағдайларда, осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мән-жайлар басталған кезде туындайды.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:
1) осы Кодекстің 56, 91, 97, 103, 136, 137, 141, 153, 162, 174, 185, 198, 208, 216, 225, 232, 241, 247-баптарында, 277-бабының 4-тармағында, 279, 280, 284, 288, 295, 309-баптарында, 3096-баптың 15-тармағында және 3097-бабында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына байланысты мән-жайлар басталған кезде және шарттар сақталған кезде;
2) Комиссия көздеген жағдайларда, осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мән-жайлар басталған кезде:
3) осы Кодекстің 55-бабы 4-тармағында және 68-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда;
4) осы Кодекстің 68-бабы 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмаған жағдайда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндіріп алу үмітсіз деп танылған, кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты тоқтатылады.
3. Комиссия, бірдей тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі адамдарда түрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаса, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлар бір мүше мемлекетте туындап, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет өзге мүше мемлекетте туындаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ осындай мән-жайлардың туындауын растау бойынша кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға құқылы.
4. Кедендік баждар, салықтар:
1) орналастыру шарттары осындай кедендік рәсімді қолдану аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін және осындай кедендік рәсімге сәйкес осы тауарларды пайдалану шарттары сақталған кезде, кедендік баждар, салықтар төлеуді көздемейтін кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты;
2) осы Кодекстің 272-бабы 4-тармағына және 281-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын, тауарлардың жеке санаттарына қатысты, осы Кодексте тауарлардың осы санаттары үшін оларды пайдалану шарттары сақталған кезде;
3) кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және осындай жеңілдіктер табыс ету талаптарын сақтаған кезде, осындай кедендік рәсімді қолдану аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін, салықтар төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданумен уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, тауарларды жеңілдіктер табыс ету талаптарына сәйкес келетін мақсаттарда пайдаланылған кезде, осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтаған кезде, сондай-ақ осындай кедендік рәсімге сәйкес осындай тауарларды пайдалану талаптарын сақтаған кезде, декларанттың осындай жеңілдіктерден бас тарту жағдайларын қоспағанда;
4) кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолданумен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, тауарларды жеңілдіктер табыс ету талаптарына сәйкес келетін мақсаттарда пайдаланған кезде, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтаған кезде, декларанттың осындай жеңілдіктерден бас тарту жағдайларын қоспағанда, төленбейді.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы