179-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII ҚРЗ
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы, бала асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны (қамқоршыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе одан шығу фактісі шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің ықтиярхатын алған күннен кейін қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мүгедектігі бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шығу елінде артық есептелген (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттама ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, цифрлық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер;
2) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;
3) алушының ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
4) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер;
5) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы