391-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның борышкерден талап ету құқығын басқаға беруі жүргізілген құн мен жеке тұлға мен борышкер арасындағы шарт негізінде басқаға беру күніне осындай талаптың мөлшері арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Егер басқаға беру жүргізілетін талапты жеке тұлға талап ету құқығын басқаға беру жолымен сатып алса және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алса, онда талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс жеке тұлғаның борышкерден талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген құны мен осындай талаптың басқаға беру күніне арналған мөлшері арасындағы оң айырма болып табылады, бірақ жеке тұлға талап ету құқығын бұрын алған құннан және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған талап ету құқығының құнынан аспайды.
Талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
2. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма осындай шарт жасалған күннен бастап талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
3. Талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқыққа бұрын ие болған құн және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған талап ету құқығының арасындағы оң айырма осындай құқыққа тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы ие болған және (немесе) оны алған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы бұрын сатып алынған және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
391-бап. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Ескерту. 391-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы баптың мақсаттары үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп тауарлар түсініледі.
2. Мыналар шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар болып табылады:
1) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға және (немесе) тұлғаларға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.
4. Осы бапқа сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың өткізілгенін немесе іс жүзінде тұтынылғанын растайтын, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ұсынған деректер негізінде қалыптастырылатын кеден органының мәліметтері есепке алынады.
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап оларға қосылған құн салығы салуға жатады.
Ескерту. 391-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы