Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекет мұқтажы үшін не басқа да негіздер бойынша меншіктен алынған не реквизицияланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі әрекеттеріне шағымдануға байланысты тұрғын үй даулары

Мемлекет мұқтажы үшін не басқа да негіздер бойынша меншіктен алынған не реквизицияланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі әрекеттеріне шағымдануға байланысты тұрғын үй даулары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекет мұқтажы үшін не басқа да негіздер бойынша меншіктен алынған не реквизицияланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі әрекеттеріне шағымдануға байланысты тұрғын үй даулары

Талап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) тұрғын үй алуға кезекте тұруды қалпына келтіру, тұрғын үй жалдау шартын заңдастырудан бас тарту жөніндегі шешімнің күшін жою, сондай-ақ ипотекалық кредиттер бойынша міндеттемелері бар әскери қызметшілердің және құқық қорғау органдары, МКҚ қызметкерлерінің тұрғын үй комиссияларының тұрғын үй төлемдерінен бас тартуына дау айту туралы талаптармен сотқа жүгінулерінің өсуі болып табылады.

Соңғысы заңнамаға бұрын алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мәселелері бөлігінде аталған санаттағы адамдардың жағдайын жақсартатын өзгерістер енгізуге байланысты.

Бұл ұлғаю бұзылған құқықтарды қорғау үшін ӘРПК нормаларын пайдалануда азаматтардың белсенділігінің артқанын көрсетеді.

Жетісу облысында талап қоюшылар Талдықорған қаласы әкімдігінің «Талдықорған қаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің әрекетіне дау айтады. Бұл жағдай МТҚ-дан тұрғын үй алу кезегінен шығарып тастаудан және 2009 жылдан бастап 2020 жыл аралығындағы кезеңдерде бұрын берілген пәтерлерде тұру құқығына тұрғын үй комиссиясының шешімдерін ұсынбаудан туындады.

Соттар әртүрлі негіздер бойынша есептен шығару, оларды тұрғын үй комиссиясының қарауына беру кезінде пәтерлер беру туралы мәселені шығармау бойынша заңсыз әрекеттерді белгілейді.

Қазіргі уақытта отбасы құрамындағы талап қоюшылар осы пәтерлерде тұрады, тұрғын үйді күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді, коммуналдық қызметтерге ақы төлейді.

Осы мәселені жедел шешу үшін жергілікті соттар қала әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімдігі өкілдерінің, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының, облыс прокурорының орынбасары мен қала прокуратурасы, ҰҚКД және облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет кездесулер өткізді.

Қаралған әкімшілік істерден даулар мемлекет мұқтажы үшін меншік алынған не реквизициөяланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жніндегі әрекеттеріне шағымдануға байланысты болмағаны кӛрінеді.

Талдау көрсеткендей, Қарағанды облысы мен Астана қаласының сотын қоспағанда, республиканың соттарына мұндай талап қоюлар іс жүзінде түспеген. Анықтама үшін:

МАӘС-тің 2022 жылғы 2 тамыздағы шешімімен А.Ш.-ның әкімге 2022 жылғы 01 наурыздағы әкімің тұрғынжай беруге мәжбүрлеу туралы шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан толық кӛлемде бас тартылды (№ 6001-23-00-6ап/198).

Істің мән-жайларына сәйкес талап қоюшылар 1994 жылдан бастап жекешелендіру шарты негізінде 2010 жылы бұзылған кӛп қабатты үйде пәтері болды.

Олар тұрғын үйінен мәжбүрлі түрде айырылдық деп ойлап, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру немесе жоғалтқан тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақы төлеу туралы талаппен жауапкерге жүгінді, оны қанағаттандырудан бас тартылды.

Талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, сот жауапкердің талап қоюшыларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге және тиісті өтемақы төлеуге негіз жоқ деген қорытындыға келді.

Мәселен, тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 29 - бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес апатты көппәтерлі тұрғын үй бұзылған жағдайда тұрғын үйге меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтатуға (меншік иесінің еркінен тыс) жол беріледі.

Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 29-бабының 4-тармағында осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында кӛзделген негіз бойынша тұрғын үйге меншік құқығы мәжбүрлеп тоқтатылған кезде меншік иесіне осы Тұрғын үй қатынастары туралы заңның бабына сәйкес тұрғын үй берілетіні көзделген.

Бұл үйдің апатты болғандығы және жергілікті атқарушы орган бұзғаны туралы дәлелдер келтірілмеді, талап қоюшылар ұсынған жоқ.

Құқықтық кадастр мәліметтеріне сәйкес талап қоюшылардың даулы пәтерге меншік құқығы мәжбүрлеп тоқтатылған жоқ, бұл ретте даулы пәтер коммуналдық меншікке ӛткен деп танылмаған.

Облыстық соттың ӘІСА қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. ЖС ӘІСА қаулысымен жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды. Астана қаласы сотының практикасынан тағы бір мысал.

Талап қоюшы мәжбүрлеу туралы талап қоя отырып, Комиссияның оған жаңа тұрғын үй беруден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тануды және апатты тұрғын үйден қоныс аударуға байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болғандығын негіздей отырып, жауапкерді тұрғын үй беруге міндеттеуді сұрады.

Анықтама үшін: Астана қаласының сотының ӘІСА 2023 жылғы 8 қарашада өзгеріссіз қалдырған Астана қаласы МАӘС-тің 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен В.-ның әкімдікке, Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясына талап қоюы қанағаттандырылды:

- Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясының 23.05.2023 ж. № 1 В.-ға жаңа тұрғын үй беруден бас тарту бөлігіндегі шешімі заңсыз деп танылды;

- әкімдікке және Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясына В.-ға тұрғын үй беру міндеті жүктелді.

Істің мән-жайларынан В. 10.02.2004 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін 10.02.2004 ж.

ЖШС-мен (жалға беруші) жасалған тұрғын үйді жалдау шарты негізінде пәтерде тұрады, оған сәйкес талап қоюшыға жалға алушы ретінде пәтер ай сайынғы жалдау ақысы 500 теңгемен құжаттарсыз уақытша пайдалануға берілген. Шарттың қолданылу мерзімі кӛрсетілмеген.

Әкімдіктің 09.02.2023 ж. № 510-211 қаулысымен мүлікті реквизициялау тәртібімен мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылданды.

Осы қаулымен ММ-ге тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне алдағы уақытта жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберу және тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін қоныстандыруды жүргізу тапсырылды.

Осылайша, жер учаскесі бар барак үлгісіндегі авариялық үй құрылысы реквизициялау тәртібімен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының мәліметтері бойынша авариялық үйдегі № 3 пәтер ЖШС-ға тиесілі.

Бұрын 1982 жылдан бастап В. отбасымен бірге талап қоюшы Е.-ның анасына берілген пәтерде тұрды 2010 жылы талап қоюшы Е.-нің анасы қайтыс болды, пәтерге меншік құқығы белгіленген тәртіппен тіркелмеген.

Мәслихаттың шешімімен «Астана қаласындағы авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзудың 2006 – 2008 жылдарға арналған» бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаға сәйкес құрылыс салу үшін тартымды учаскелерді ұсыну арқылы инвесторлар, оның ішінде «Ж» ЖШС тартылды.

Осылайша, авариялық үй құрылысын бұзуға байланысты № 3 пәтерді В.-ға инвестор ЖШС берді.

Әкімнің міндетін атқарушының 05.12.2022 ж. № 182-3628 қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясы құрылды.

Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру шеңберінде бұзуға жататын авариялық үйлерде тұратын меншік иелері мен жалдаушыларға өтем беру туралы шешімдер қабылдау, сондай-ақ пәтер беру және берілген пәтерлерге (тұрғын емес үй-жайларға) жалдау шарттарын жасасу болып табылады.

Комиссияның шешімімен В.-ға және бірге тұратын отбасы мүшелеріне меншік иелерінің тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды ұсынбауына байланысты жаңа тұрғын үй беруден бас тартылды.

Соттар талап қоюды қанағаттандыра отырып, талап қоюшының даулы пәтерде 19 жылдан астам уақыт тұратындығын, оны күтіп ұстау ауыртпалығын кӛтеретінін ескерді, бұл 2004 жылғы тұрғын үйді жалдау шартымен, сондай-ақ коммуналдық төлем туралы түбіртектермен расталады.

Сонымен қатар талап қоюшының осы мүлікті ашық пайдаланатыны, оны күтіп ұстау ауыртпалығын көтеретіні, оның даулы пәтерде тұруына қатысты шағымдар ЖШС меншік иесінен бүкіл уақыт бойы түспегені, шарт жасалған сәттен бастап жалға беруші талап қоюшыдан жалдау ақысын талап етпегені анықталды.

Соттар жоғарыда аталған мән-жайлар ЖШС-ның пәтер иесін осы тұрғынжайға қандай да бір құқықты сақтау ниетінсіз меншік құқығынан айырғанын куәландырады деген қорытындыға келді, өйткені меншік иесі тұрғынжайды қараусыз және оны күтіп-ұстау жөніндегі міндеттерді орындаусыз қалдырды.

Соттар даулы пәтерді инвестор бұрын бұзылған, авариялық деп танылған үй құрылысының орнына бергенін де ескерді.

Бұл ретте талап қоюшының меншік құқығында өзге тұрғын үйі жоқ, жасына қарай (59 жас) өзінің тұрғын үй проблемасын өз бетінше шешуге мүмкіндігі де жоқ тұрғын үй алуға мұқтаж адамдар санатына жатады.

Жоғарыда анықталған мән-жайларға, сондай-ақ жауапкердің ӘРПК-нің 2-тарауында көзделген әкімшілік рәсімдердің міндеттері мен қағидаттарын бұзуына байланысты жергілікті соттар талап қоюды толық кӛлемде қанағаттандырды. Қазіргі уақытта аталған әкімшілік іс ЖС ӘІСА-ның қарауында жатыр (№ 6001-23-00-6ап/3405).

Осыған ұқсас мысал: Астана қаласы сотының ӘІСА 2023 жылғы 15 қарашада өзгеріссіз қалдырған Астана қаласы МАӘС-тің 2023 жылғы 23 тамыздағы шешімімен И.-дің әкімдікке, Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссияға тұрғын үй беру туралы қолайлы акт шығару міндеттемесі туралы талап қоюы қанағаттандырылды:

- әкімдікке және Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясына И.-ге тұрғын үй беру туралы қолайлы акт шығару міндеті жүктелді;

төленген мемлекеттік бажды жергілікті бюджеттен қайтару туралы мәселе шешілді.

Анықтама үшін:

ПИК төрағасының атына хатқа сәйкес И. жұмыс орнындағы бӛлмеде тұрады. И. бөлмеде көрсетілген уақыттан бастап тұру фактісіне жауапкер дау айтпайды.

«E-gov» электрондық порталының мәліметтеріне сәйкес И. осы мекенжай бойынша 1998 жылдың 28 тамызынан бастап тіркелген.

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің 11.11.1999 ж. қаулысымен осы жатақханадағы бӛлмелер Тұрғын үй департаментіне жекешелендіруді жүзеге асыру үшін берілген мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларының тізбесіне енгізілген.

Беру кезінде баланс ұстаушы АҚ болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.09.2022 ж. №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына, Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес жер учаскесі бар авариялық үй құрылысы реквизициялау тәртібімен мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатады.

Комиссияның шешімімен И.-ге және бірге тұратын отбасы мүшелеріне (ұлы М., 1993 ж.т.) меншік иелерінің құқық белгілейтін құжаттарды ұсынбауына байланысты жаңа тұрғын үй беруден бас тартылды. 06.06.2023 ж. талап қоюшыға пәтерді босату туралы хабарлама жіберілді.

Талап қоюшы үйден шығарумен келіспей, соттан 1993 жылы оған жұмыс орнынан бөлме беріліп, сол кезден бастап тұрақты тұратындығы және оны күтіп ұстау ауыртпалығын көтергендігі жөінде уәж келтіріп, жауапкерге тұрғын үй беруді талап етуді міндеттеуді сұрады.

Алайда қажетті құжаттардың болмауына байланысты бөлмені өз атына рәсімдей алмады, бұл оның жалғыз тұрғын үйі, жатақхана авариялық деп танылуына байланысты талап қоюшыны басқа баспана бермей шығаруда.

Соттар И.-нің талап қоюын қанағаттандыра отырып, И.-нің даулы бөлмеде 19 жылдан астам уақыт тұратынын, оны күтіп ұстау ауыртпалығын көтергенін ескерді, бұл пайдалану қызметтерінің анықтамаларымен, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртектермен расталады.

Бұдан басқа, талап қоюшының меншік құқығында басқа тұрғын үй (бӛлмелер) жоқ, жасына қарай (66 жас) зейнеткер бола отырып, өзінің тұрғын үй проблемасын өз бетінше шеше алмайды, демек тұрғын үй алуға мұқтаж адамдар санатына жатады.

Жоғарыда анықталған мән-жайларға, сондай-ақ жауапкердің ӘРПК-нің 2-тарауында көзделген әкімшілік рәсімдердің міндеттері мен қағидаттарын бұзуына байланысты жергілікті соттар талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта бұл әкімшілік іс ЖС ӘІСА қарауында. (№ 6001-24-00-6ап/9).

Тағы бір мысал: Астана қаласы соты ӘІСА-ның 2023 жылғы 1 қарашадағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Астана қаласы МАӘС-тің 2023 жылғы 9 тамыздағы шешімімен Л.-дің әкімдікке, Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясына талап қоюы қанағаттандырылды:

Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 1 шешімі Л.-ге тұрғын үй беруден бас тарту бөлігінде заңсыз деп танылды;

әкімдікке және Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру комиссиясына Л.-ге тұрғын үй беру міндеті жүктелді.

Анықтама үшін: әкімдіктің қаулысымен үй авариялық деп танылғандығы және реквизициялау тәртібімен мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататыны анықталды.

Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру шеңберінде бұзуға жататын авариялық үйлерде тұратын меншік иелері мен жалдаушыларға өтемақы беру туралы шешім қабылдау мақсатында Комиссия құрылды.

Талап қоюшы жоғарыда аталған үйдің №2 пәтерінде тіркелген және 1982 жылдан бері тұрады.

Комиссияның 23.05.2023 ж. шешімімен талап қоюшыға құқық белгілейтін құжаттардың болмауына және 01.08.2007 ж. заңдастырудан бас тарту туралы шешімнің болуына байланысты жаңа тұрғын үй беруден бас тартылды.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, талап қоюшының жасына қарай тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын, даулы шешім мыналарға байланысты әкімшілік рәсімдердің міндеттері мен қағидаттарын ескермей шығарылғанын көрсетті.

Соттың сұрауына Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы берген жауаптар, ІІМ-нің халықты құжаттандыру дерекқорының мәліметтері бойынша талап қоюшының даулы пәтерде 1982 жылғы 22 сәуірден бастап тұратыны анықталды, ол осы мекенжай бойынша және қазіргі уақытқа дейін тіркелген.

Талап қоюшы бұл мүлікті ашық пайдаланады, әкімдік атынан мүліктің меншік иесінен оның даулы пәтерде тұруына қатысты шағым түспеген, бүкіл уақыт бойы көшіру туралы талап алмаған.

ӘРПК-нің 84-бабыныңалтыншы бөлігінде әкімшілік рәсімге қатысушы сенім құқығын қорғау қағидатына сілтеме жасау құқығынан айырылатын жағдайлардың толық тізбесі көзделген. Қаралып отырған жағдайда мұндай негіздер болған жоқ.

Бұдан басқа, бірінші сатыдағы сот талап қоюшының мүлікті заңдастыру туралы өтініші бойынша қабылданған шешімде сәйкессіздікті анықтады.

Талап қоюшы 2007 жылы пәтер мен жер учаскесін заңдастыруға екі өтініш берді. Жер учаскесін заңдастыру жөніндегі комиссияның шешімімен заңдастырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

Пәтер бөлігінде архивтің 19.01.2023 ж. жауабына сәйкес талап қоюшының №12872 ӛтінішіне қатысты пәтер бойынша «Заңның 11-бабының 4-тармағымен» шешім қабылданды.

Заңның 11-бабының 4-тармағында осы Заңда белгіленген талаптар сақталған кезде комиссия жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы шешім шығаратыны көзделген.

Осылайша, пәтерге қатысты заңдастыру жөніндегі комиссия шешімінің арасында заңдастыру мән-жайлары бойынша хаттамада және талап қоюшыға берілген шешімде көрсетілген қайшылықтардың орын алуы іс материалдарына қоса берілген құжаттармен расталады.

Жоғарыда анықталған мән-жайларға байланысты соттар талап қоюшының бұзылған үй құрылысында 40 жылдан астам тұру фактісі расталған кезде құқық белгілейтін құжаттардың болмауы талап қоюшыға тұрғын үй беруден бас тартудың негізі болып табылмайды деген қорытындыға келді, өйткені мемлекет атынан мемлекеттік органдар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жатқызылған, тұрғын үй мәселелерін шешудің басқа мүмкіндіктері жоқ азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Бұл ретте сот жауапкерлердің берілетін пәтерлерге жалдау шартын жасасу арқылы тұрғын үй беру туралы мәселелерді шешу кезінде әкімшілік қалауы бар екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс ЖС ӘІСА қарауында (№ 6001-23-00-6ап/3354). Жалдау шартын жасасудан бас тартуды заңсыз деп тану және жалдау шартын жасасуға мәжбүрлеу туралы талап қоюлар бойынша Астана қаласының МАӘС практикасынан тағы бір іс.

Анықтама үшін: Астана қаласы МАӘС-тің 2022 жылғы 21 сәуірдегі шешімімен Т.-ның ММ-ге жалдау шартын жасасудан бас тартуды заңсыз деп тану және жалдау шартын жасасуға мәжбүрлеу туралы талап қоюы қанағаттандырылды.

Апелляциялық сатының 2022 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Сотта талап қоюшының бұрынғы мекенжай бойынша тұрғаны және осы бөлмені күтіп ұстау ауыртпалығын көтергені анықталды.

Жоғарыда көрсетілген тұрғын үй ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен авариялық деп танылды және Астана қаласы бойынша авариялық және ескі көпқабатты тұрғын үйлердің тізбесіне енгізілді.

Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен тұрып жатқан авариялық тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың болмауына байланысты талап қоюшыға жаңа тұрғын үй беруден бас тартылды.

09.03.2021 ж. талап қоюшының пайдалануына ЖАО пәтер берді.

Сот Астана қаласы Байқоңыр ауданы сотының 2021 жылғы 05 тамыздағы шешімімен Т.-ға 1974 жылы авариялық деп танылған үйден бөлме беру туралы ордердің табысталғаны анықтады.

2021 жылғы 19 қазанда Астана қаласы сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдаумен шешімнің күші жойылды.

Кейіннен ҚР ЖС азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен талап қоюшының Астана қаласы сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 қазандағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатын беруден бас тартылды.

2021 жылдың 27 желтоқсанында талап қоюшы жауапкерге жалдау шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінді. 2022 жылғы 11 қаңтарда жауапкер негіздердің болмауына байланысты жалдау шартын жасасудан бас тартты.

Сот талапты қанағаттандырған кезде мынадай мән-жай назарға алды.

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2021 жылғы 19 қазандағы қаулысында талап қоюшының бұзылған жатақханада ұзақ тұрғаны және оның тұру фактісі бойынша даудың жоқтығы туралы дәлелдемелерді ескере отырып, талап қоюшы жергілікті атқарушы органға жалдау шартын жасасу туралы өтінішпен жүгіну арқылы қорғаудың өзге тәсілін таңдауға құқылы екенін көөрсетті.

Өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, талап қоюшы уәкілетті органның әрекеттеріне белгіленген тәртіппен шағымдану құқығын іске асыруға құқылы.

Осы қаулымен заңды ұзақ тұру фактісі емес, ордердің болуы фактісі қаралды.

Заңның 68-бабының 5) тармақшасына сәйкес талап қоюшы жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткер болып табылады, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар санатына жатады.

Талап қоюшының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында сот жауапкерге талап қоюшымен даулы бөлмені жалдау шартын қайта жасасу міндетін жүктеуді қажет деп санады, өткені талап қоюшымен жалдау шартын жасасудан бас тарту әкімшілік заңнамада көзделген қағидаттарды бұзады.

ҚР ЖС кассациялық сатысының 2023 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілері күшінде қалдырылды (№6001-22-00-6ап/1653).

Іс бойынша іс жүргізу тәртібі

ӘРПК-нің 146, 148-баптарының нормаларына сәйкес әкімшілік іс ақылға қонымды мерзімдерде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.

Сот талқылауы ӘРПК-нің 147-бабында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, АПК қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Сот тараптардың келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды мерзімде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы.

Сот талап қоюды тіркегеннен кейін алдын ала тыңдау және сот талқылауы сатысында, соттың белсенді рөлі шеңберінде талап қоюшылардың дұрыс құқықтық ұстанымын қалыптастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.

Негізінен аталған санаттағы істерді республика соттары жоғарыда кӛрсетілген талаптарды сақтай отырып қарады. Сонымен қатар талдау осы санаттағы дауларды қараған кезде төмендегі іс бойынша процестік заңның өрескел бұзылуын анықтады.

Анықтама үшін: Е. РММ-ге (№ 2794-22-00-4/654) талап қоюмен жүгінді.

БҚО МАӘС-тің 2022 жылғы 7 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылды, жауапкерге 2022 жылғы 4 тамыздағы баянат бойынша қолайлы акт қабылдау міндеті жүктелді. БҚО ӘІСА-ның 2023 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

ЖС ӘІСА 2023 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен БҚО ӘІСА қаулысының күші жойылып, іс ЖСҚ-ға соттың өзге құрамында облыстық сотқа жіберілді.

Апелляциялық сатыдағы сотта тұрғын үй тӛлемдеріне қатысты аталған істі облыстық соттың судьясы жазбаша іс жүргізуде жеке-дара, яғни заңсыз құрамда қарағаны анықталды, бұл істі өзге құрамдағы судьялардың жаңадан қарауына жібере отырып, жергілікті соттар қабылдаған сот актілерінің дұрыстығын талқыламай, қаулының күшін жоюға негіз болды.

Апелляциялық сатыдағы судья ӘРПК-нің 24-бабы тӛртінші бӛлігінің талаптарын ескермеді, соған байланысты әкімшілік істерді апелляциялық сатыдағы сотта алқалы құрам судьялардың саны тақ сан (кемінде үш) болғанда қарайды, олардың бірі тӛрағалық етуші болып табылады.

 Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жеке шағымдарды жеке-дара қарайды. Осылайша, әкімшілік істерді апелляциялық сатыда, оның ішінде сот құрамы бөлігінде қарау тәртібі бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық шағымдарды жеке-дара қарауды болғызбайтын ӘРПК-де регламенттелген.

Соттылық

           Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істерді қараған кезде дауларды шешу үшін соттылық қағидаттарын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.

Соттылық ӘРПК-нің 102, 103 және 106-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.

Талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыс орталықтарының шегіндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың соттылығындағы істерді қоспағанда, талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша сот қарауы мүмкін.

ӘРПК-нің 103-бабына сәйкес әскери соттар, егер әскери басқару органдары, әскери бӛлім жауапкер болып табылса, мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың талап қоюлары бойынша әкімшілік істерді қарайды.

Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әскери сот құрылмаса, оның соттылығына жатқызылған әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарайды.

Талдау көрсеткендей, негізінен соттарға келіп түскен талап қоюлар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылданған және соттарда қандай да бір қиындықтар туғызбайды.

Сонымен қатар өңірде әскери сот болған кезде БТТ тағайындау туралы талап қоюлар бойынша істердің соттылығын дұрыс айқындау мәселелері туындайды.

Мәселен, АТТ қазіргі әскери қызметшілерге тағайындалады және олар бойынша даулардың соттылығы әскери соттардың құзыретіне жатқызылған. БТТ әскери қызметші қызметтен босатылған кезде және дау тараптарының бірі мәртебесін жоғалтуына байланысты тағайындалса, арнайы соттылық енді қолданылмайды.

Соттардың баяндалған практикасы бойынша соттылықты дұрыс айқындау конституциялық нормаға байланысты маңызды болып табылатынын және оны әкімшілік істер бойынша сақтау ӘРПК-нің 102, 103-баптарына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтеміз.

Іске қатысатын адамдар тобы

ӘРПК-нің 26-бабына сәйкес әкімшілік процеске талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор қатысады.

Бұл ретте тұрғын үй даулары бойынша ӘРПК-нің 31-бабының ережелеріне орай прокурор, әдетте, қатыспайды. Іске қатысатын адамдардың шеңберін сотқа талап қоюды берген кезде талап қоюшы айқындайды.

Сотқа талап қоюмен жүгінуге құқығы бар адамдар Заңның 67-68-баптарында көрсетілген.

Сот алдын ала тыңдауда әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетімен (әрекетсіздігімен) құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделері қозғалуы мүмкін адамдар тобын анықтайды, кейіннен ӘРПК-нің 23- бабына сәйкес мүдделі тұлғалар ретінде тартылады.

Талдау көрсеткендей, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен МКҚ қызметкерлерінің АТТ және БТТ төлемдерімен байланысты талап қоюлары бойынша жауапкер ретінде шешім шығарған тұрғын үй комиссиялары (әскери бӛлімдер, ҚАЖК мекемелері, ПД, желілік бөлімдер, күзет қызметтері және т.б.) құрылған тиісті аумақтық әкімшілік орган болады.

Қажет болған жағдайда мүдделі тұлға ретінде жоғары тұрған мемлекеттік орган (Комитет, Министрлік) тартылады.

Азаматтардың талап қоюлары бойынша ЖАО-ға жауапкер ретінде әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі және/немесе ТКШ бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі тартылады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аудандық әкімдік (облыстық маңызы бар қала әкімдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады.

Заңның 77-бабы 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша беріледі.

Тұрақты негізде жұмыс істейтін ЖАО тұрғын үй комиссиялары ЖАО жанынан құрылады. Уәкілетті орган тұрғынжай беретін ЖАО болып табылады.

Әрбір нақты жағдайда талап қоюшының талабының нысанасы мен негіздеріне, жауапкердің қарсылықтарына және қолдануға жататын заңдарға, құқықтық жағдайға, уәкілетті органдардың өкілеттіктеріне сүйене отырып, жауапкерлерді дұрыс анықтау қажет.

Тиісті емес жауапкерге талап қойылған кезде соттың ӘРПК-нің 16, 116-баптарына сәйкес дауды қарау кезінде әуре-сарсаңды болғызбау мақсатында талап қоюшыға тиісті емес жауапкерді ӘРПК-нің 29-бабына сәйкес тиісті деп ауыстыру тәртібін түсіндіргені жөн.

Жергілікті соттардың практикасына сүйене отырып, тұрғын үй комиссияларының мүшелерін жауапкер ретінде тартудың қажеті жоқ.

Талап қоюды қанағаттандыру туралы шешімді әкімшілік орган, әкім немесе ТКШ бөлімі орындайды, заңды күшіне енген шешімдерді орындауда қиындықтар мен проблемалық мәселелер жоқ.

Татуласу рәсімдері

ӘРПК жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша татуласу рәсімдерін жүргізу мүмкіндігін көздейді, сонымен бірге жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптарды татуласуға жол беріледі.

Заңнама нормаларының мұндай ережесі азаматтың, заңды тұлғаның құқықтарын бұзушылықтарды жою шағымданған актінің күшін жою, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның өзі қандай да бір әрекетті тоқтату жолымен мүмкін болатындығына байланысты негізделген болып табылады.

Тараптар өзара келісімге келудің негізінде әкімшілік істі сот шешім шығаруға кеткенге дейін әкімшілік процестің барлық сатыларында (кезеңдерінде) татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы толық немесе ішінара аяқтай алады.

Соттың тараптарды татуласу үшін шаралар қабылдауы және олардың процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдесуі әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерінен туындайды.

Тараптардың талаптарына қатысты бейтарап ұстанымды ұстана отырып, сот тараптарға татуласу рәсімдерін жүргізу құқығын және осындай келісімдер жасасудың құқықтық салдарын түсіндіреді.

Жүргізілген талдау талданатын санаттағы бітімгершілікке байланысты аяқталған істердің ең көп тараған түрі тараптар медиативтік келісімдер жасасқан істерден тұратынын көрсетті.

Медиация туралы келісімдерді бекіту туралы ұйғарымдарды жауапкерлер белгіленген мерзімде өз еркімен орындайтындығын көрсетті. ӘРПК-нің 127-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сот ұйғарымын орындамағаны үшін жауапкерлерге соттың ақшалай өндіріп алуының жекелеген фактілері бар.

Істерді қарау кезінде әрекеттердің заңсыздығын сот анықтаған не жауапкердің өзі таныған істер едәуір көп болып отыр.

Деректер жауапкерлердің тұрғын үй заңнамасының нормаларын дұрыс қолданбағанын жөәне формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салуды бұзғанын крсетеді.

Сонымен қатар әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде ӘРПК қағидаттарын (соттың белсенді рөлі, әділеттілік, мөлшерлес), процестік мәжбүрлеу шараларын (ақшалай ӛндіріп алу) және татуласу рәсімдерін қолдану талданатын санаттағы істерді қарау сапасын едәуір арттырды.

Мәселен, белсенді рӛл қағидатын іске асыру соттың дауды шешуіне не дауды бейбіт жолмен реттеуге немесе істі қарау перспективаларын түсіндіруге байланысты талап қоюды кері қайтарып алуға ықпал етеді.

Мысалы, жауапкердің өзі даулы актінің күшін жояды немесе дау болмайтын әрекеттер жасайды. 

Талап арыздардың қайтарылуы.

Бірінші сатыдағы соттар аяқтаған істердің саны (шешім шығарып қаралғаны: оның ішінде қанағаттандырылғаны; қайтарылғандары: оның ішінде медиацияны бекітіп және соттылығы бойынша жіберілгені).

ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша талап қоюды қайтарып алуға байланыстыс.

Өзге негіздер бойынша қайтарылғандардың ішінен ең кӛп саны мыналарда көзделген негіз бойынша қайтаруларды құрайды:

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасында – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса.

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасында – сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса.

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бӛлігінің 12) тармақшасында – сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген соттың шешімі немесе татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы болса.

Соттар талап қоюды қайтара отырып, тараптар арасында жария-құқықтық қатынастар жоқ деген қорытындыға келді, жауапкер талап қоюшыларға қатысты әкімшілік актілер шығармады.

Дәлелдемелер және дәлелдеу

ӘРПК-нің 129-бабына сәйкес дау айту жӛніндегі талап қоюлар бойынша дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органда жатқанына қарамастан, органда/тұрғын үй комиссиясында мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық алмасу жүйелерінде бар деректер ғана болады.

ЖАО шешімдер қабылдаған кезде, әдетте, кезекте тұрғандардан қосымша құжаттарды талап етпейді.

Сонымен қатар, тұрғын үй даулары бойынша дәлелдемелердің сипаты дәлелдемелерді ұсынуды талап етеді, олар туралы мәліметтер заңмен қорғалған немесе өзінің мазмұнына байланысты тек талап қоюшы ғана ұсына алады (ипотекалық шарттар, банктерден анықтамалар, жұмыс, оқу орнынан анықтамалар, қызметтік тізімдер) не дербес сипаты болады (отбасы құрамы туралы).

Осылайша, дәлел ретінде:

а) ЖАО-ның тұрғын үй комиссиясының кезекте тұрғандар тізімінен шығару туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша талап қоюшылар кезекте тұрғандар санатына жатқызу туралы құжаттарды (персоналды басқару бӛлімдерінен қызметтік тізімдер, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнынан анықтамалар, мүгедектік туралы анықтамалар, барлық балаларға туу туралы куәліктер, некені бұзу туралы куәліктер, отбасының барлық мүшелеріне мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар және т.

б.) ұсына алады, тұрғылықты жерінің (кетпейтінінің) дәлелі ретінде талап қоюшылар оқу орнынан, жұмыс орнынан анықтамалар, куәлардың айғақтарын, учаскелік полиция инспекторларының баянаттарын (сипаттамаларын) ұсына алады.

Соттар тұрғылықты жері бойынша тіркеу тарихын көші-қон полициясынан сұратуға мәжбүр, өйткені ҚАО ААЖ базасында тек ағымдағы деректер бар (ҚАО ААЖ-да тұрақты/уақытша тіркеу/үзінді көшірме күндері бар тарих жоқ), Еgov веб-қосымшаларындағы жеке кабинеттерде мұндай деректер берілмейді.

Жауапкерлер – есепке қою туралы шешімдер, тұрғын үй комиссиясының кезектен шығару туралы шешімдері, kezekte.kz. АЖ-дан мәліметтер, кезекте тұрғандардың іс материалдары;

б) тұрғын үй комиссияларының тұрғын үйге және БТТ, АТТ төлеуге мұқтаж деп тану туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша мынадай құжаттар ұсынылады:

талап қоюшылар – сатып алу құқығымен жалдау шарттары, ипотекалық шарттар, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар,

жауапкерлер – тұрғын үй комиссиясының мұқтаж адамдарды есепке қою туралы, есептен шығару туралы, БТТ – АТТ-дан бас тарту туралы шешімдері, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, қызметтік тізімдер, келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрықтар (және т.б.), тұрғын үй төлемдерін алушылардың – кезекте тұрғандардың іс материалдары.

ӘРПК-нің 129-бабының бірінші бөлігіне сәйкес талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті.

Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.

Көбінесе тұрғын үй алу туралы есепте тұрған адамға не оның өкіліне уәкілетті орган кезектен шығару туралы не басқа санат бойынша кезекке ауыстыру туралы хабарламайды, ал Заңның 73-бабының 3-тармағында мүдделі тұлғаларға есептен шығару туралы есептен шығару негіздерін көрсете отырып, шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзімде жазбаша түрде хабарланады.

Осыған байланысты, сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені дәлелдеме ретінде қараған кезде жауапкер талап қоюшыға мүдделі тұлғаға жеткізу және/немесе табыс ету туралы белгісі бар кезектен шығару туралы немесе басқа санатқа ауыстыру туралы жазбаша хабарлама беруге міндетті.

Мұндай дәлелдемелердің болмауы сотқа талап қоюды беру мерзімін ӛткізіп алуды дәлелді деп тану үшін негіз болып табылады. 

Талап қоюды беру мерзімдері (мерзімдерді қалпына келтіру практикасы)

           Талап қоюды беру мерзімдері ӘРПК-нің 20-тарауында көзделген, атап айтқанда, ӘРПК-нің 136-бабында реттеледі.

Жалпы қағида бойынша дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беру мерзімін сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіре алады.

Сотқа талап қоюды беру мерзімдерін өткізіп алу себептерін және олардың әкімшілік істі дұрыс шешу үшін мәнін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

Сотқа талап қоюды беру мерзімін дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.

Практикада сот аталған норманы қолдана отырып, іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды ескермейтін жағдайлар орын алады.

Анықтама үшін: Т. сотқа ММ-1-ге, ММ-2-ге: пәтер бөлігінде

1) пәтерді ММ-1- дің балансына қабылдауды,

2) әкімнің мүлікті балансқа қабылдау туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.

МАӘС-тің 2023 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымымен талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылып, талап қою ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылды.

Маңғыстау облысының ӘІСА-ның 2023 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымымен ұйғарым өзгеріссіз қалдырылды.

ЖС ӘІСА 2024 жылғы 24 қаңтарда төменгі сатыдағы соттардың ұйғарымының күшін жойып және істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібере отырып, бірінші сатыдағы сот талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартып, талап қою дау айтылған қаулы шығарылғаннан кейін бір жылдан астам уақыт өткен соң берілді, яғни талап қоюшы ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты бұлтартпау болып табылатын және қалпына келтіруге жатпайтын сотқа талап қою беруге арналған бір жылдық мерзімді өткізіп алды деген қорытындыға келді (№6001-23-00-6ап/2368).

Алайда сот талап қоюшының егде жасын (78 жас), жамбас ұшының сынығынан кейін оңалтуда болғандығын ескермеді, яғни талап қоюшы сотқа талап қоюды беру мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелді екендігін куәландыратын жеткілікті дәлелдер келтірді және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес талап қоюшы өткізіп алған мерзім қалпына келтірілуге тиіс болатын. 

Пайдаланылған қысқартулар:

- ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

- АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі

- АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

- ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

- АЖ – ақпараттық жүйе

- ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы

- ӘІСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

- МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот

- ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

- Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

- ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

- БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

- ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменті

- АМЖ – Арнаулы мемлекеттік органдар

- ПД – Полиция департаменті

- АТТ – ағымдағы тұрғын үй төлемдері

- БТТ – біржолғы тұрғын үй төлемдері

- МТҚ – мемлекеттік тұрғын үй қоры

- ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

Тұрғын үй даулары мәселелерін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;

– ӘРПК;

– АК;

– АПК;

– «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң);

– «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі

– Мемлекеттік мүлік туралы заң);

– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Әскери қызмет туралы заң);

– «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқық қорғау органдары туралы заң);

– «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқықтық актілер туралы заң);

– «Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы» ЖС-ның 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 НҚ;

сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – № 49 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – № 50 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары (бұдан әрі – № 524 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – № 673 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет кӛрсету қағидалары № 441;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары;

– Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Тұрғын үй қатынастары туралы заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Құқықтық актілер туралы заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстер заңдарға қарағанда көбірек заңды күші бар;

әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі акт нормалары қолданылады.

АК-нің 4-бабында, Құқықтық актілер туралы заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық актілер олар қолданысқа еңгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты бұзған кезде меншiкке тұрғын үй беру ерекшелiктерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты бұзған кезде меншiкке тұрғын үй беру ерекшелiктер...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) ҚР

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) Сот ісін жүргізуде "Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы" КММ...

Толық оқу »

Әкімдіктің жер учаскесін және жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы талап арызына қарсылық

Әкімдіктің жер учаскесін және жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы талап арызына қарсылықНазар аударыңыз! Заң және құқық заң...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу)Өндірісте 27.11.2020 жылғы № 7585-20-00-2/...... "Алматы қаласы жер қ...

Толық оқу »

68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтемді төлеу нысандары мен төлеу мерзімдері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтемді төлеу нысанд...

Толық оқу »

15-бап. Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiкке тұрғын үй беру Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

15-бап. Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiкке тұрғын үй беру Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы...

Толық оқу »

Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару | мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою / жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп сатып алу

Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару | мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою / жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп сатып алуАлматы қаласының Наурызбай аудандық соты аш...

Толық оқу »

Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзінен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін сатып алу туралы шешіммен келіспесе не онымен сатып алынатын жер учаскесінің бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары туралы келісімге қол жеткізілмесе, сатып алу туралы шешім қабылдаған жергілікті атқарушы орган жер учаскесін сатып алу туралы сотқа талап қоя алады

Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзінен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін сатып алу туралы шешіммен келіспесе не онымен сатып алынатын жер учаскесіні...

Толық оқу »

86-бап. Меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі құқықтары Жер кодексі Қазақстан Республикасының

86-бап. Меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі құқықтары Жер кодексі Қазақстан Респу...

Толық оқу »

89-бап. Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою Жер кодексі Қазақстан Республикасының

89-бап. Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою Жер кодексі Қазақстан Республикасының      Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк...

Толық оқу »

208-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде мемлекет ие болатын мүлікті бағалау ерекшеліктері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

208-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде мемлекет ие болатын мүлікті бағалау ерекшеліктеріМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару / жылжымайтын мүлікті мемлекет пайдасына мәжбүрлеп сатып алу

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару / жылжымайтын мүлікті мемлекет пайдасына мәжбүрлеп сатып алу2020 жылғы 13 ақпанда Алматы қалалық сотының азаматты...

Толық оқу »

64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібіМемлеке...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалған

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалғанЖауапкер О. мемлекеттік мұқтаж үшін алына...

Толық оқу »

62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттарыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Ме...

Толық оқу »

62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттар...

Толық оқу »

88-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының

88-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының      Ескерту. 88-баптың тақырыбына өзгеріс енгіз...

Толық оқу »

Тұрғын үй даулары бойынша жер учаскесін және оның үстінде орналасқан жылжымайтын мүлкімен (тұрғын үй) бірге мемлекет мұқтажы үшін сатып алып, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арыз

Тұрғын үй даулары бойынша жер учаскесін және оның үстінде орналасқан жылжымайтын мүлкімен (тұрғын үй) бірге мемлекет мұқтажы үшін сатып алып, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы...

Толық оқу »

67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшеріМемлекеттік мүлік туралы Заңы     ...

Толық оқу »

9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқы...

Толық оқу »

Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның бағасын кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажет

Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның бағасын кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажетТалапкер Шымкент қаласы әкімінің өкі...

Толық оқу »

51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою Орман кодексі Қазақстан Республикасының

51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн м...

Толық оқу »

84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері Жер кодексі Қазақстан Республикасының

84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері Жер кодексі Қазақстан Республикасының     1. Жер учаскесi мемлекет мұқ...

Толық оқу »

65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруМемлекеттік мүлік туралы Заңы     ...

Толық оқу »

87-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде оның құнын өтеу Жер кодексі Қазақстан Республикасының

87-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде оның құнын өтеу Жер кодексі Қазақстан Республикасының      Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мә...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы материалдық зиянды өтеу туралы талап қою

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы материалдық зиянды өтеу туралы талап қоюАлматы қаласы Наурызбай аудандық соты050000, Алматы...

Толық оқу »

Мәжбүрлеп иеліктен шығару және мемлекет мұқтажы үшін алып қойғаны үшін өтемнің мөлшерін айқындау

Мәжбүрлеп иеліктен шығару және мемлекет мұқтажы үшін алып қойғаны үшін өтемнің мөлшерін айқындау2019 жылғы 05 қарашада Алматы қаласы Жетісу аудандық соты төрағалық етуші судья...

Толық оқу »

Соттың мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешіміне әкімдіктің апелляциялық шағымына қарсылық

Соттың мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешіміне әкімдіктің апелляциялық шағымына қарсылықАзаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқағаАлматы қалалық сот...

Толық оқу »

61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары 6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

      61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы...

Толық оқу »

Қарсылық талап қоюшының сот шешіміне мәжбүрлеп шағымдануына кері қайтарып алу мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару алынатын жылжымайтын мүлікке және жер учаскесіне өтемақы мөлшерін айқындау

Қарсылық талап қоюшының сот шешіміне мәжбүрлеп шағымдануына кері қайтарып алу мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару алынатын жылжымайтын мүлікке және жер учаскесіне өтемақы мө...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алуды мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арыз

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алуды мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

85-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының

85-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттiк емес жер пай...

Толық оқу »

Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажына алып қоюына байланысты даулар

Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажына алып қоюына байланысты даулар Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы күшіндегі мемлекеттік мұқтажы үшін иеліктен мәжбүрлеп шыға...

Толық оқу »

Әкімнің мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскесін өтеуге жер учаскелерін бермеу жөніндегі әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы, әкімді жер учаскесін алып қою және өтеуге баламалы жер учаскелерін беру туралы қаулы шығаруға мәжбүрлеу туралы

Әкімнің мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскесін өтеуге жер учаскелерін бермеу жөніндегі әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы, әкімді жер учаскесін алып қою және өтеуге б...

Толық оқу »

Соттардың мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Соттардың мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғ...

Толық оқу »

Заңда көзделген айрықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару оның баламалы өтелуі шартымен жүргізілуі мүмкін.

Заңда көзделген айрықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару оның баламалы өтелуі шартымен жүргізілуі мүмкін."А" ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) Қ...

Толық оқу »

63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы...

Толық оқу »

62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

   62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принципте...

Толық оқу »

28-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мүлік құқықтарына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

28-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мүлік құқықтарына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп...

Толық оқу »

66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқығы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

  66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің...

Толық оқу »

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты материалдық зиянды және оның шеккен шығыстарын өтеуден бас тарту туралы сот шешіміне апелляциялық шағым

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты материалдық зиянды және оның шеккен шығыстарын өтеуден бас тарту туралы сот шешіміне апелляциялық шағымСот алқасыазам...

Толық оқу »