Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның бағасын кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажет
Талапкер Шымкент қаласы әкімінің өкілі жауапкер – «Мұра» өндірістік кооперативінен (әрі қарай – ӨК) мемлекет мұқтажы үшін алынған жер телімі мен жылжымайтын мүлкін сатып алып, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 18 қаңтардағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылған. Жауапкер ӨК-нің Шымкент қаласында орналасқан 1,0214 га жер телімі 2 588 228 теңгеге және жылжымайтын мүліктері 117 170 254 теңгеге мемлекет мұқтажы үшін сатып алынып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған. ӨК-ден мемлекеттің пайдасына 3 592 755 теңге мемлекеттік баж өндірілген. Оңтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгеріссіз қалдырған. ӨК сот шешімімен келіспей, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына өтініш беріп, өтінішінде соттар істі біржақты қарап, келтірілген дәлелдемелерге тиісті заң нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсетіп, дау келтірілген сот актілерінің күшін жойып, алаңы 1,0214 га жер телімі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет мұқтажы үшін 497 701 000 теңгеге сатып алынып, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Қадағалау сот алқасы азаматтық іс құжаттарын және өтініштің уәждерін зерделеп, өтініш төмендегі негіздерге байланысты ішінара қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай – АІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілген. Іс құжаттарын қарағанда, Шымкент қаласы әкімінің 2004 жылғы 1сәуірдегі қаулысы негізінде ӨК-ге құрылыс заттары және ауылшаруашылық машиналары базасын ұйымдастыру үшін алаңы 1,0214 га жер телімі жеке меншік құқығымен берілген. 2004 жылғы 30 сәуірдегі сатып алу-сату шарты негізінде бұл жер телімін жауапкер 2 588 228 теңгеге сатып алған. Шымкент қаласының әкімі 2011 жылғы 4 тамызда №872 қаулысымен ӨК-нің осы жер телімін Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұсынысы бойынша, Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде және мемлекеттік маңызы бар нысан құрылысын салу үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабының 1,2-тармақтарына және 89- бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы қаулы қабылдаған. Соттар талап арызды қанағаттандырғанда, Шымкент қаласы әкімінің мемлекет мұқтаждығына алынатын жер телімі мен мүліктерді бағалауды өткізу қызметін жүргізу компаниясын ашық түрде сатып алу туралы 2011 жылғы 16 тамыздағы конкурстың жеңімпазы «Eservice» ЖШС-не жүктелгенін, оның 2011 жылғы 29 қыркүйектегі №672/1 бағалау жөніндегі есебі бойынша мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүліктің бағасы 117 170 254 теңгеге бағаланғанын назарға алған. Алайда, қадағалау сот алқасы соттардың бұл тұжырымдарымен келіспейді. Себебі, ӨК даулы мүліктерге дербес бағалау өткізу жөнінде «Экспертно-оценочное предприятие» ЖШС-не тапсырыс берген. ЖШС-ның 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 653 бағалау есебіне сай жылжымайтын мүліктер құны 497 701 000 теңгені құраған. Осы мәнжайлар дәлелдемелермен сотқа ұсынылғанмен, оған заң тұрғысынан баға берілмеген. Сонымен қатар, өтінішке тіркелген құжаттардан сот шешімі қабылданғаннан кейін 2012 жылғы 8 ақпанда ӨК-нің директоры П. Оңтүстік Қазақстан облыстық Бағалаушылар палатасына «Eservice» ЖШС-нің бағалау есебіне сараптама өткізу жайлы арызданғаны көрінеді.
Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның бағасын кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажет
Оңтүстік Қазақстан облыстық Бағалаушылар палатасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №4/12 сараптамасында «Eservice» ЖШС-нің есебінде қателіктер бар делінген. Алайда, апелляциялық сотқа табысталған бұл қорытынды зерделенбеген. Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі сотқа талап арыз бергенде жер телімі қандай жағдайларға байланысты, не себепті мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылатынын көрсетпеген. Бірінші сатыдағы сот, жалпы алаңы 1,0214 га жер телімі мемлекет мұқтажы үшін 2 588 228 теңгеге сатып алынсын деп қаулы шығарғанда, 2004 жылғы 30 сәуірдегі сатып алу-сату шартын назарға алған. Яғни 2012 жылғы жер телімдерінің бағасы мен жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажеттігін ескермеген. Сонымен бірге, жауапкер өкілінің берген түсінігіне қарағанда Шымкент қаласының әкімдігі даулы жерге мемлекет үшін маңызы бар нысан құрылысын салуға тиісті қаражат бөлмеген. Себебі, заңды күшіне енген сот шешімі 2012 жылғы 14 наурыздан бері орындалмаған. Сондай-ақ алқа отырысында «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 12 ақпандағы №20/662 хаты зерделенді. Хатта ӨК-не тиесілі жер телімі орналасқан ауданның ТЖЖ (толық жоспарлау жобасы) осы уақытқа дейін әзірленбегені байқалады. АІЖК-нің 70-бабына сәйкес, тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі. АІЖК-нің 364-бабының талаптарына сәйкес, іс үшін маңызы бар мәнжайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге әкеледі. Істің мұндай тұрғысында, дау келтірілген сот актілерінің күші жойылып, іс қайта қаралуға жіберіледі. Істі қайта қарау барысында жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жойып, тараптардың уәждерін жан-жақты тексеріп, тараптар арасындағы құқықтық қатынастарға дұрыс баға беріп, анықталған мән-жайларға байланысты іс бойынша заңды және негізді шешім қабылдау қажет.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның бағасын кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажет
221 рет жүктеп алынды -
Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның бағасын кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажет
200 рет жүктеп алынды -
Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның бағасын кадастрлық (бағалау) құнына сәйкес есептеу қажет
220 рет жүктеп алынды