Арыз жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы
Қарасай ауданының
сотына
Талапкер:
Қарасай ауданының әкімі
Ж.Естенов
БСН ...
Алматы облысы, Қарасайауданы,
Қаскелең қ. Абылай хан 213 тел: 2-28-37
Сенімхат бойынша өкіл
А.Калиева
+77024065775
Жауапкер:БНАдилжановна
ЖСН ...
Тел: 8 ....
Талап арыз
жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы
«Рысқұлов» автомобиль жолының құрылысын жүргізу үшін, «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұсынған құжаттары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» бөлімшесінің берілген экспликациясына және картографикалық материалдарына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігінің 2019 жылы 18 шілде айында №232 «мемлекет мұқтажыдығы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығару туралы» қаулысы қабылданды.
Жауапкер БНА... меншігіндегі жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады, жер учаскесі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округінде орналасқан, нысаналы мақсаты – өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі № 03-047-097-2557, жалпы жер көлемі 0,0600 га жер телімі және жер телімінде орналасқан ауданы 153,0 ш.м. құрайтын тұрғын үй мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алуға жатады.
«Дом Оценки» ЖШС-нің 2025 жылғы 17 қазандағы №1480/25/ALM-68 санды жылжымайтын мүлікті бағалау актісі бойынша сатып алуға жататын жер телімінің нарықтық құны: 46 045 700 (қырық алты миллион қырық бес мың жеті жүз) теңгені құрады.
Қарасай ауданының аумағында тегін жер учаскелері жоқ, сондықтан оған теңестірілген жер телімін ұсыну мүмкін емес.
Жоғарыда көрсетілген қаулыны орындау мақсатында, заңға сәйкес жауапкерге мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы хабарлама жіберілді, бағалау есептерімен (өтемақы мөлшері туралы мәліметтер қамтылған) таныстырылды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 2-тармағына сәйкес, Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылған жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.
Алайда, жауапкер мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскесі үшін өтемақы мөлшерімен келіспейтінін айтып, өтемақы мөлшері төмен бағаланғанын алға тартты.
Осы уақытқа дейін жауапкерден ұсынылған өтемақы мөлшерімен келісу туралы хабарлама түспеген, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу шарты жасалмаған, жауапкермен сатып алу бағасы туралы келісім жасалмаған, бұл сотқа жүгінуге негіз болды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85, 87-88 бабтарына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 148, 149, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 61.67 бабтарына сәйкес
Соттан сұраймыз:
1) Алматы облысы Қарасай ауданы, Іргелі а/о, Көксай ауылы, 13 квартал, №26/39 мекенжайы бойынша орналасқан азаматша БНАдилжановнаға тиесілі кадастрлық нөмірі 03-047-097-2557, жалпы жер көлемі 0,0600 га жер учаскесін бағалау туралы жоғарыда көрсетілген нарықтық соммасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы шешім қабылдауды және иеліктен шығарылған жер учаскесінің құнын анықтауды сұраймыз.
2) «Дом Оценки» ЖШС 2025 жылғы 17 қазандағы №1480/25/ALM-68 жылжымайтын мүлікті бағалау актісі бойынша иеліктен шығарылған жер учаскесінің құны 46 045 700 (қырық алты миллион қырық бес мың жеті жүз) теңге болып анықтауды сұраймыз.
Қарасай ауданының әкімі Ж. Е...
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Талап арыз
7 рет жүктеп алынды