Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін кезекте тұрғандар тізіміне қосуға және одан алып тастауға байланысты тұрғын үй даулары

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін кезекте тұрғандар тізіміне қосуға және одан алып тастауға байланысты тұрғын үй даулары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін кезекте тұрғандар тізіміне қосуға және одан алып тастауға байланысты тұрғын үй даулары

Талап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) тұрғын үй алуға кезекте тұруды қалпына келтіру, тұрғын үй жалдау шартын заңдастырудан бас тарту жөніндегі шешімнің күшін жою, сондай-ақ ипотекалық кредиттер бойынша міндеттемелері бар әскери қызметшілердің және құқық қорғау органдары, МКҚ қызметкерлерінің тұрғын үй комиссияларының тұрғын үй төлемдерінен бас тартуына дау айту туралы талаптармен сотқа жүгінулерінің өсуі болып табылады.

Соңғысы заңнамаға бұрын алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мәселелері бөлігінде аталған санаттағы адамдардың жағдайын жақсартатын өзгерістер енгізуге байланысты.

Бұл ұлғаю бұзылған құқықтарды қорғау үшін ӘРПК нормаларын пайдалануда азаматтардың белсенділігінің артқанын көрсетеді.

Жетісу облысында талап қоюшылар Талдықорған қаласы әкімдігінің «Талдықорған қаласының Тұрғын үй қатынастары бӛлімі» ММ-нің әрекетіне дау айтады. Бұл жағдай МТҚ-дан тұрғын үй алу кезегінен шығарып тастаудан және 2009 жылдан бастап 2020 жыл аралығындағы кезеңдерде бұрын берілген пәтерлерде тұру құқығына тұрғын үй комиссиясының шешімдерін ұсынбаудан туындады.

Соттар әртүрлі негіздер бойынша есептен шығару, оларды тұрғын үй комиссиясының қарауына беру кезінде пәтерлер беру туралы мәселені шығармау бойынша заңсыз әрекеттерді белгілейді.

Қазіргі уақытта отбасы құрамындағы талап қоюшылар осы пәтерлерде тұрады, тұрғын үйді күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді, коммуналдық қызметтерге ақы төлейді.

Осы мәселені жедел шешу үшін жергілікті соттар қала әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімдігі өкілдерінің, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының, облыс прокурорының орынбасары мен қала прокуратурасы, ҰҚКД және облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет кездесулер өткізді. 

Даулардың бұл түрі Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 10-тарауында, атап айтқанда, Заңның 73-бабымен реттеледі, оған сәйкес осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тұрғынжай алғанға дейін есепке қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аудару тәртібімен Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған кӛпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар есептен шығарып тасталуға жатпайды.

Мемлекет өзіне қабылдаған міндеттемелерді және тұрғын үй беру түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын орындауды азаматтың Қазақстан Республикасының аумағы шегінде тұрғылықты жерін таңдау құқығын іске асыруына байланысты қоюға болмайды.

Анықтама үшін: Алматы қаласы МАӘС-тің 2022 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен Т.-ның КМК-ге талабы қанағаттандырылды:

тұрғын үйге мұқтаждар тізімін тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тұрған және отбасы құрамы бір адам болып, «жетім балалар» санаты бойынша есепке қойылған тұрғын үйге мұқтаж Т.-ны есептен шығару заңсыз деп танылды;

КМК-ге шешім заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзім ішінде жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою, бұл туралы сотқа хабарлау міндеті жүктелді (№ 7594-22-00-4/514).

Әкімнің шешімімен 14.06.2013 ж. Р. Т.-ның қорғаншысы болып танылғаны анықталды. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 10.09.2013 ж. қаулысымен Т. «жетім балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждардың есебіне қойылды.

17.01.2022 ж. жауапкерден Т. атына оны тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алу туралы 28.12.2021 ж. №И-6804 хаты келіп түсті.

2022 жылғы 25 қаңтарда Т. жауапкерге аталған шешіммен келіспейтіні туралы жүгінді. 09.02.2022 ж. жауапкер басшысының орынбасары жазбаша түрде тарту туралы жауап берген. Т. «жетім балалар» санаты бойынша есепке тұрғанын, тұрғын үйге мұқтаж деп танылғандығын уәждеп, талап қоюмен сотқа шағымданды, алайда жауапкер қызметкерлері оған тәртіпті түсіндірмей, оны кезектен заңсыз алып тастады, осылайша оның құқықтарын бұзды.

 Пікірде жауапкер талап қоюдан бас тартуды сұрады, өйткені түгендеу нәтижелері бойынша 08.09.2021 жылдан бастап талап қоюшының тұрғылықты жері Алматы облысында, Алакөл ауданында, Үшарал ауылында тіркелгені анықталды.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандыра отырып, ол 14 жасынан бастап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болғанын, 2013 жылғы 14 маусымнан бастап қамқоршы Р-дың қамқорлығында болғанына сондай-ақ белгіленген тәртіппен «жетім балалар» санаты бойынша кезекке қойылғанын негізге алды.

Оның атында Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үйге меншік құқығы тіркелмеген, бұл EGOV анықтамаларымен расталады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған Бала құқықтары туралы конвенцияның (Нью-Йорк, 1989 жылғы 20 қараша) 3-бабының екінші бөлігіне сәйкес қатысушы мемлекеттер ата-анасының, қамқоршыларының немесе заң бойынша оған жауап беретін басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, оның әл-ауқаты үшін қажетті осындай қорғау мен қамқорлықты балаға қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатта барлық тиісті заңнамалық және әкімшілік шараларды қабылдайды.

Осы Конвенцияның 20-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өзінің отбасылық ортасынан уақытша немесе тұрақты түрде айырылған немесе өзінің жеке үздік мүддесі үшін осындай ортада қала алмайтын баланың мемлекет ұсынатын ерекше қорғауға және көмекке құқығы бар.

Заңның 68-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар жатады.

Сонымен қатар Заңның 73-бабының 1-тармағында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар есептен шығарып тасталуға жатпайтыны көзделген.

Осылайша, соттың пікірінше, Алматы қаласынан Алматы облысына көшу талап қоюшыны ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адам ретінде тұрғын үй беру құқығынан айыру үшін негіз бола алмайды.

Талап қоюшының аталған санат бойынша тұрғын үй беруге іске асырылмаған құқығының бар екендігін растай отырып, жауапкер тұрғын үй кезегінен негізсіз алып тастаған.

Басқа бір мысал, тұрғын үй беруге негіз болмағандықтан, тұрғын үйге мұқтаж адамдарды МТҚ-дан есептен шығаруға байланысты. Анықтама үшін:

Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 28 ақпандағы ӘІСА қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Алматы қаласы МАӘС-тің 2021 жылғы 12 қазандағы шешімімен А. талап қоюы қанағаттандырылды.

МКК-нің «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан бас тарту жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп тану туралы қаулы шығарылды;

МКК-ге сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап 15 күн ішінде А.Е. құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзушылықтарын жою міндеті жүктелді (№7594-21-00-4/631).

А. 1986 жылдан бастап Алматы қаласында тұратыны анықталды, онда тұрақты тіркелген.

Некесі тіркелген, төрт кішкентай баласы бар. 01.06.2020 ж. бастап талап қоюшының отбасына «көпбалалы отбасы» мәртебесі берілді.

Өз тұрғын үйінің болмауына байланысты талап қоюшы жауапкерге «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою үшін жүгінді.

Алайда жауапкер талап қоюшының 2019 жылы Алматы облысында тіркелгендігін, Алматы қаласында үш жылдан аз уақыт тұратындығын куәландыратынын уәждеп, есепке қоюдан бас тартты.

Талап қоюшының бас тарту себептерін түсіндіру туралы өтінішіне Алматы қаласында тұруын тұрақты тіркеуде үзілістің болуына сілтеме жасай отырып, жауап берілді.

Құқықтық негіз ретінде Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 67-бабының 1-тармағы көрсетілді.

Заңның 67, 69, 72-баптарының нормаларында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарына пайдалануға беріледі деп көзделген.

Сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, талап қоюшы жауапкерге жүгінгенге дейін туғаннан бастап және отыз жылдан астам уақыт бойы Алматы қаласында тұрақты тұрып, көпбалалы ана болып табылатынын, меншікті баспанасы жоқ екенін көрсетті.

Көрсетілген мән-жайлар талап қоюшыны коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж ретінде есепке қоюға жататын азаматтар санатына жатқызуға негіздердің бар екендігін куәландырады.

Жауапкердің талап қоюшының Алматы қаласының аумағында тұрақты тұру мерзімін үзу фактісінің болуы туралы дәлелдерін сот АК-нің 16-бабы бірінші бөлігінің нормасына сәйкес дәрменсіз деп таныды, азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Тұрғын үй қатынастары туралы заңнама үміткердің елді мекенде кемінде үш жыл тұрақты тұру шартына ғана сілтеме жасайды.

Осылайша, сот талап қоюшының Алматы қаласының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұру фактісін анық түрде анықтады, бұл, әрине, талап қоюшыны «кӛпбалалы отбасылар» санаты бойынша Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюға мүмкіндік береді, бұл Заңның 73- бабында көзделген.

ЖАО-ға талап қоюлар бойынша ЖС ӘІСА практикасынан мысалдар 1) Б.-ның Басқарманың 2020 жылғы 24 қарашадағы оны тұрғын үй алуға мұқтаждар кезегінен шығарып тастау бөлігіндегі бұйрығына дау айту туралы талап қоюы бойынша сот жауапкердің дәлелдерін бағалай отырып, санатты өзгерту туралы (бұл жағдайда «оралмандардан» «мүгедектерге») жеке ресімделген өтініштің берілмеуі талап қоюшыны тұрғын үй алу құқығынан айыру және мұқтаждар кезегінен шығарып тастау үшін негіз бола алмайтынын көрсетті (№6001-21-00-6ап/82);

2) А.-ның Басқарманың 02.09.2021 ж. «бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санаты бойынша кезекке қоюдан бас тартуына дау айту жӛніндегі қарсы талап қоюы бойынша 2022 жылғы 7 маусымда сот мынадай мән-жайларға жауапкердің назарын аударды (№ 6001-22-00- 6ап/92).

«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы» Ереженің 14-тармағының 1) тармақшасында Басқарманың құқықтары, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге үміткер азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды сұрату, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру;

Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін меншік нысанына және жеке тұлғаларға қарамастан мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен кәсіпорындардан қажетті ақпаратты сұрату құқығы көзделген.

Осылайша, Ережеде Басқарма республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұру фактісін тексеру кезінде еңбек кітапшасынан ұсынылған үзінді көшірмелерді, зейнетақы шотынан үзінді көшірмелерді тексеру, қажет болған жағдайда нақтылау үшін қажетті деректерді меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратып және оларды «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алып тексеру мүмкіндігі бар екендігін іске асыратын құқықтар көзделген.

Бұдан басқа, АК-нің 16-бабының 1-тармағына сәйкес азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен тұрғылықты жері болып танылады.

Бұл нормадан тұрғылықты жерін анықтау кезінде тіркелген емес, нақты тұрған жері негізгі факт болып табылады;

3) Л.-дің Басқарманың 2021 жылғы 28 маусымдағы «көпбалалы отбасылар» санаты бойынша есепке қоюдан бас тартуына дау айту туралы талап қоюы бойынша алқа қабылданған сот актілерін күшінде қалдыра отырып, заңнамада «тұруға жарамды тұрғын үй» ұғымының нақты анықтамасы болмағандықтан, соттар Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 75-бабы 1-тармағының ережелерін дұрыс қолданғанын атап өтті, оған сәйкес тұрғынжайдың пайдалы алаңының нормативі бір адамға кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспауға тиіс (№6001-22-00-6ап/10).

Осы іс бойынша жауапкер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының 8-тармағының 6) тармақшасына сілтеме жасай отырып, өз дәлелдерін талап қоюшы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ұсынбағандығына негіздеді.

Бұл дәлелдерді дәрменсіз деп тани отырып, алқа талап қоюшы тұрғын үйдің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі себебінен емес, меншік құқығында тұрғын үйдің болмауына байланысты «көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы өтініш бергенін көрсетті.

Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру қорытындысын беру туралы қағидаларының ережесі тараптардың құқықтық қатынастарына қолданылмайды.

Тағы бір мысал, МАӘС-тің 2023 жылғы 19 шілдедегі шешімімен С.- нің әкімге, ММ-ге МТҚ-дан тұрғын үй алуға кезектегі санатты өзгертуге мәжбүрлеу туралы талап қоюы қанағаттандырылды (№ 3594- 23-00-4/644).

 Жауапкерлерге С-нің МТҚ-дан тұрғынжайға мұқтаждар кезегіндегі санатын 2014 жылғы 8 шілдеден бастап есепке қойылған күннен бастап «толық емес отбасылардан» «кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына осы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде өзгерту міндеті жүктелген.

Анықтама үшін: Талап қоюшының талаптарын қанағаттандыра отырып, сот Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 67, 68, 69, 71, 74-баптарының (талап қоюшыны мұқтаждардың есебіне қою кезінде қолданыста болған редакцияда) талаптарына сүйенді, онда МТҚ-дан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде С.В. балалар үйінің түлегі болғандығы дұрыс анықталғанын көрсетті, осыған байланысты «жетім балалар» санаты бойынша кезекке қойылуға тиіс еді.

Бұдан басқа «Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарын бітірушілерді еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 1882 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес (талап қоюшыны балалар үйінен шығарған кезде қолданыста болған) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан ұйымдарды бітірушілерді еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау жөніндегі міндет жүктелген.

Алайда ЖАО мұндай шараларды қабылдамады, бұл өз кезегінде Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысының талаптарын ЖАО талап қоюшыны тиісті санат бойынша мұқтаждарды есепке қою бөлігінде орындамағанын куәландырады, бұл оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келді.

Сот балалар үйінің әкімшілігі – талап қоюшының қамқоршысы С.-ні коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж ретінде есепке қою шараларын уақтылы қабылдамағанын, есепке қою үшін әкімдікке құжаттарды ұсынбағанын, ал әкімдік оған есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмысын бақыламағанын және оны есепке қоймағанын, осылайша оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғанын анықтады.

«Жетім балалар» санаты бойынша МТТ-дан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан ЖАО жалдаған тұрғын үй беруге мұқтаж ретінде С. атына тиісті құжаттарды ұсынбауы салдарынан ММ әкімшілігінің әрекетсіздігі салдарынан талап қоюшы мемлекеттік тұрғын үй қорынан «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй беру бойынша кезекке қою құқығынан айырылды, бұл мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері арасында тиісті өзара іс-қимылдың толықтай жоқтығын, сондай-ақ олардың толықтай әрекетсіздігін куәландырады.

Бұл ретте, сот «жетім балалар» санаты бойынша тұрғынжайды алуға есепке қоймауда және кезекке қоюда С.-нің кінәсінің бар-жоғын қарамады, өйткені балалар үйі өзінің қамқоршы міндеттеріне қарамастан, оны МТҚ-дан тұрғынжай алуға уақтылы кезекке қоймаған және осы мәселе бойынша өтініш бермеген.

Бастапқыда С.В. 2014 жылы тұрғын үй алуға мұқтаждарды есепке қою туралы мәселемен әкімдікке өз бетінше жүгінді.

Талап қоюшы өтініш берген кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының қағидаларының 12-тармағына, Заңның 71-бабының 5-тармағына сәйкес ЖАО коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілігінің тізімдеріне түгендеу жүргізуге міндетті.

Талап қоюшы С. жағдайында ЖАО тұрғын үй комиссиясы оның 2014 жылғы 08 шілдедегі тұрғын үй беру туралы өтінішін қарап, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының қай санатына жататынын анықтамаған және оны МТҚ-дан «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы мәселені шешпеген, бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 1882 қаулысының талаптарының орындамағанын куәландырады. Соттың көрсетілген қорытындыларымен облыстық соттың ӘІСА бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып келісті.

Кассациялық тәртіппен сот актілеріне шағым жасалмады. Заңды күшіне енгеннен кейін сот шешімі С.-нің МТҚ-дан тұрғынжайға мұқтаждар кезегіндегі санатын «толық емес отбасылардан» «кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына өзгерту арқылы 2014 жылғы 08 шілдеден бастап есепке қойылған күннен бастап орындалды.

ӘРПК-нің 14-бабына сәйкес әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында міндет жүктеуіне тыйым салынады. Анықтама үшін:

апелляциялық сатының 2023 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған МАӘС-тің 2022 жылғы 13 қазандағы шешімімен К.-нің Басқармаға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждарды кезекке қоюға мәжбүрлеу туралы талап қоюы қанағаттандырылды.

Талап қоюшы 2009 жылғы 15 мамырдан бастап «бюджеттік ұйымның қызметкерлері» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға мұқтаждар кезегінде тұр. Мүгедектік туралы анықтамаға сәйкес талап қоюшыда бірінші топтағы мүгедектік анықталған.

Талап қоюшы 2022 жылғы 19 шілдеде Басқармаға оны «мүгедек» санаты бойынша есепке қою туралы өтінішпен жүгінді. 2022 жылғы 5 тамызда Басқарма жауап берді, онда талап қоюшыға мүгедектік анықталған кезден бастап тұрғынжай алуға мұқтаждар кезегін есепке қоюдан бас тартты және өтініш берілген жағдайда ол кезектің соңында, яғни ӛтініш берген кезден бастап есепке қойылатынын хабарлады.

К. 2009 жылдан бастап 2022 жыл аралығында бюджет қызметкері ретінде 12 жылдан астам уақыт тұрғын үйге кезекте тұрғанын, 2018 жылы оған бірінші топтағы мүгедектік белгіленгенін уәждеп, сотқа талап қоюмен жүгінді.

Жауапкердің мүгедектік бойынша кезекке қоюға өтініш берген кезден бастап бюджет қызметкерлерінің кезегінен кӛшіру жүзеге асырылатынын көрсете отырып бас тартуын талап қоюшы заңсыз деп санайды.

Талаптарды қанағаттандыра отырып, сот жауапкер талап қоюшыға мүгедектік белгіленген кезден бастап тұрғынжай алуға мұқтаждардың кезегіне есепке қоюдан заңсыз бас тартқаны жӛнінде уәж келтірді.

Талап қоюшының өтінішпен жазбаша нысанда жүгінуі және бірінші топтағы мүгедектік туралы анықтама беруі Басқарма үшін талап қоюшыны МТҚ-дан тұрғын үй алу үшін есепке қоюдың тағы бір негізі болып табылады.

Заңның 69-бабына орай осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;

есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса; өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

Заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар жатады. Осылайша, сот А.К. МТТ-дан тұрғын үй алуға құқығы бар тұлға болып табылатынын, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын анықтады.

Талап қоюшыны Заңның 73- бабында көзделген МТТ-дан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан ЖАО жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару үшін негіздер болған жоқ.

Кассациялық алқаның 2023 жылғы 26 қазандағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілері күшінде қалдырылды (№6001-23-00-6ап/642). 

Іс бойынша іс жүргізу тәртібі

ӘРПК-нің 146, 148-баптарының нормаларына сәйкес әкімшілік іс ақылға қонымды мерзімдерде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.

Сот талқылауы ӘРПК-нің 147-бабында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, АПК қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Сот тараптардың келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды мерзімде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы.

Сот талап қоюды тіркегеннен кейін алдын ала тыңдау және сот талқылауы сатысында, соттың белсенді рөлі шеңберінде талап қоюшылардың дұрыс құқықтық ұстанымын қалыптастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.

Негізінен аталған санаттағы істерді республика соттары жоғарыда кӛрсетілген талаптарды сақтай отырып қарады. Сонымен қатар талдау осы санаттағы дауларды қараған кезде төмендегі іс бойынша процестік заңның өрескел бұзылуын анықтады. 

Анықтама үшін: Е. РММ-ге (№ 2794-22-00-4/654) талап қоюмен жүгінді.

БҚО МАӘС-тің 2022 жылғы 7 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылды, жауапкерге 2022 жылғы 4 тамыздағы баянат бойынша қолайлы акт қабылдау міндеті жүктелді. БҚО ӘІСА-ның 2023 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

ЖС ӘІСА 2023 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен БҚО ӘІСА қаулысының күші жойылып, іс ЖСҚ-ға соттың өзге құрамында облыстық сотқа жіберілді.

Апелляциялық сатыдағы сотта тұрғын үй тӛлемдеріне қатысты аталған істі облыстық соттың судьясы жазбаша іс жүргізуде жеке-дара, яғни заңсыз құрамда қарағаны анықталды, бұл істі өзге құрамдағы судьялардың жаңадан қарауына жібере отырып, жергілікті соттар қабылдаған сот актілерінің дұрыстығын талқыламай, қаулының күшін жоюға негіз болды.

Апелляциялық сатыдағы судья ӘРПК-нің 24-бабы тӛртінші бӛлігінің талаптарын ескермеді, соған байланысты әкімшілік істерді апелляциялық сатыдағы сотта алқалы құрам судьялардың саны тақ сан (кемінде үш) болғанда қарайды, олардың бірі тӛрағалық етуші болып табылады.

 Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жеке шағымдарды жеке-дара қарайды. Осылайша, әкімшілік істерді апелляциялық сатыда, оның ішінде сот құрамы бөлігінде қарау тәртібі бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық шағымдарды жеке-дара қарауды болғызбайтын ӘРПК-де регламенттелген. 

Соттылық

           Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істерді қараған кезде дауларды шешу үшін соттылық қағидаттарын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.

Соттылық ӘРПК-нің 102, 103 және 106-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.

Талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыс орталықтарының шегіндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың соттылығындағы істерді қоспағанда, талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша сот қарауы мүмкін.

ӘРПК-нің 103-бабына сәйкес әскери соттар, егер әскери басқару органдары, әскери бӛлім жауапкер болып табылса, мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың талап қоюлары бойынша әкімшілік істерді қарайды.

Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әскери сот құрылмаса, оның соттылығына жатқызылған әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарайды.

Талдау көрсеткендей, негізінен соттарға келіп түскен талап қоюлар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылданған және соттарда қандай да бір қиындықтар туғызбайды.

Сонымен қатар өңірде әскери сот болған кезде БТТ тағайындау туралы талап қоюлар бойынша істердің соттылығын дұрыс айқындау мәселелері туындайды.

Мәселен, АТТ қазіргі әскери қызметшілерге тағайындалады және олар бойынша даулардың соттылығы әскери соттардың құзыретіне жатқызылған. БТТ әскери қызметші қызметтен босатылған кезде және дау тараптарының бірі мәртебесін жоғалтуына байланысты тағайындалса, арнайы соттылық енді қолданылмайды.

Соттардың баяндалған практикасы бойынша соттылықты дұрыс айқындау конституциялық нормаға байланысты маңызды болып табылатынын және оны әкімшілік істер бойынша сақтау ӘРПК-нің 102, 103-баптарына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтеміз. 

Іске қатысатын адамдар тобы

ӘРПК-нің 26-бабына сәйкес әкімшілік процеске талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор қатысады.

Бұл ретте тұрғын үй даулары бойынша ӘРПК-нің 31-бабының ережелеріне орай прокурор, әдетте, қатыспайды. Іске қатысатын адамдардың шеңберін сотқа талап қоюды берген кезде талап қоюшы айқындайды.

Сотқа талап қоюмен жүгінуге құқығы бар адамдар Заңның 67-68-баптарында көрсетілген.

Сот алдын ала тыңдауда әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетімен (әрекетсіздігімен) құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделері қозғалуы мүмкін адамдар тобын анықтайды, кейіннен ӘРПК-нің 23- бабына сәйкес мүдделі тұлғалар ретінде тартылады.

Талдау көрсеткендей, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен МКҚ қызметкерлерінің АТТ және БТТ төлемдерімен байланысты талап қоюлары бойынша жауапкер ретінде шешім шығарған тұрғын үй комиссиялары (әскери бӛлімдер, ҚАЖК мекемелері, ПД, желілік бөлімдер, күзет қызметтері және т.б.) құрылған тиісті аумақтық әкімшілік орган болады.

Қажет болған жағдайда мүдделі тұлға ретінде жоғары тұрған мемлекеттік орган (Комитет, Министрлік) тартылады.

Азаматтардың талап қоюлары бойынша ЖАО-ға жауапкер ретінде әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі және/немесе ТКШ бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі тартылады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аудандық әкімдік (облыстық маңызы бар қала әкімдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады.

Заңның 77-бабы 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша беріледі.

Тұрақты негізде жұмыс істейтін ЖАО тұрғын үй комиссиялары ЖАО жанынан құрылады. Уәкілетті орган тұрғынжай беретін ЖАО болып табылады.

Әрбір нақты жағдайда талап қоюшының талабының нысанасы мен негіздеріне, жауапкердің қарсылықтарына және қолдануға жататын заңдарға, құқықтық жағдайға, уәкілетті органдардың өкілеттіктеріне сүйене отырып, жауапкерлерді дұрыс анықтау қажет.

Тиісті емес жауапкерге талап қойылған кезде соттың ӘРПК-нің 16, 116-баптарына сәйкес дауды қарау кезінде әуре-сарсаңды болғызбау мақсатында талап қоюшыға тиісті емес жауапкерді ӘРПК-нің 29-бабына сәйкес тиісті деп ауыстыру тәртібін түсіндіргені жөн.

Жергілікті соттардың практикасына сүйене отырып, тұрғын үй комиссияларының мүшелерін жауапкер ретінде тартудың қажеті жоқ.

Талап қоюды қанағаттандыру туралы шешімді әкімшілік орган, әкім немесе ТКШ бөлімі орындайды, заңды күшіне енген шешімдерді орындауда қиындықтар мен проблемалық мәселелер жоқ. 

Татуласу рәсімдері

ӘРПК жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша татуласу рәсімдерін жүргізу мүмкіндігін көздейді, сонымен бірге жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптарды татуласуға жол беріледі.

Заңнама нормаларының мұндай ережесі азаматтың, заңды тұлғаның құқықтарын бұзушылықтарды жою шағымданған актінің күшін жою, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның өзі қандай да бір әрекетті тоқтату жолымен мүмкін болатындығына байланысты негізделген болып табылады.

Тараптар өзара келісімге келудің негізінде әкімшілік істі сот шешім шығаруға кеткенге дейін әкімшілік процестің барлық сатыларында (кезеңдерінде) татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы толық немесе ішінара аяқтай алады.

Соттың тараптарды татуласу үшін шаралар қабылдауы және олардың процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдесуі әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерінен туындайды.

Тараптардың талаптарына қатысты бейтарап ұстанымды ұстана отырып, сот тараптарға татуласу рәсімдерін жүргізу құқығын және осындай келісімдер жасасудың құқықтық салдарын түсіндіреді.

Жүргізілген талдау талданатын санаттағы бітімгершілікке байланысты аяқталған істердің ең көп тараған түрі тараптар медиативтік келісімдер жасасқан істерден тұратынын көрсетті.

Медиация туралы келісімдерді бекіту туралы ұйғарымдарды жауапкерлер белгіленген мерзімде өз еркімен орындайтындығын көрсетті. ӘРПК-нің 127-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сот ұйғарымын орындамағаны үшін жауапкерлерге соттың ақшалай өндіріп алуының жекелеген фактілері бар.

Істерді қарау кезінде әрекеттердің заңсыздығын сот анықтаған не жауапкердің өзі таныған істер едәуір көп болып отыр.

Деректер жауапкерлердің тұрғын үй заңнамасының нормаларын дұрыс қолданбағанын жөәне формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салуды бұзғанын крсетеді.

Сонымен қатар әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде ӘРПК қағидаттарын (соттың белсенді рөлі, әділеттілік, мөлшерлес), процестік мәжбүрлеу шараларын (ақшалай ӛндіріп алу) және татуласу рәсімдерін қолдану талданатын санаттағы істерді қарау сапасын едәуір арттырды.

Мәселен, белсенді рӛл қағидатын іске асыру соттың дауды шешуіне не дауды бейбіт жолмен реттеуге немесе істі қарау перспективаларын түсіндіруге байланысты талап қоюды кері қайтарып алуға ықпал етеді.

Мысалы, жауапкердің өзі даулы актінің күшін жояды немесе дау болмайтын әрекеттер жасайды. 

Талап арыздардың қайтарылуы.

Бірінші сатыдағы соттар аяқтаған істердің саны (шешім шығарып қаралғаны: оның ішінде қанағаттандырылғаны; қайтарылғандары: оның ішінде медиацияны бекітіп және соттылығы бойынша жіберілгені).

ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша талап қоюды қайтарып алуға байланыстыс.

Өзге негіздер бойынша қайтарылғандардың ішінен ең кӛп саны мыналарда көзделген негіз бойынша қайтаруларды құрайды:

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасында – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса.

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасында – сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса.

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бӛлігінің 12) тармақшасында – сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген соттың шешімі немесе татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы болса.

Соттар талап қоюды қайтара отырып, тараптар арасында жария-құқықтық қатынастар жоқ деген қорытындыға келді, жауапкер талап қоюшыларға қатысты әкімшілік актілер шығармады. 

Дәлелдемелер және дәлелдеу

ӘРПК-нің 129-бабына сәйкес дау айту жӛніндегі талап қоюлар бойынша дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органда жатқанына қарамастан, органда/тұрғын үй комиссиясында мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық алмасу жүйелерінде бар деректер ғана болады.

ЖАО шешімдер қабылдаған кезде, әдетте, кезекте тұрғандардан қосымша құжаттарды талап етпейді.

Сонымен қатар, тұрғын үй даулары бойынша дәлелдемелердің сипаты дәлелдемелерді ұсынуды талап етеді, олар туралы мәліметтер заңмен қорғалған немесе өзінің мазмұнына байланысты тек талап қоюшы ғана ұсына алады (ипотекалық шарттар, банктерден анықтамалар, жұмыс, оқу орнынан анықтамалар, қызметтік тізімдер) не дербес сипаты болады (отбасы құрамы туралы).

Осылайша, дәлел ретінде:

а) ЖАО-ның тұрғын үй комиссиясының кезекте тұрғандар тізімінен шығару туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша талап қоюшылар кезекте тұрғандар санатына жатқызу туралы құжаттарды (персоналды басқару бӛлімдерінен қызметтік тізімдер, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнынан анықтамалар, мүгедектік туралы анықтамалар, барлық балаларға туу туралы куәліктер, некені бұзу туралы куәліктер, отбасының барлық мүшелеріне мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар және т.

б.) ұсына алады, тұрғылықты жерінің (кетпейтінінің) дәлелі ретінде талап қоюшылар оқу орнынан, жұмыс орнынан анықтамалар, куәлардың айғақтарын, учаскелік полиция инспекторларының баянаттарын (сипаттамаларын) ұсына алады.

Соттар тұрғылықты жері бойынша тіркеу тарихын көші-қон полициясынан сұратуға мәжбүр, өйткені ҚАО ААЖ базасында тек ағымдағы деректер бар (ҚАО ААЖ-да тұрақты/уақытша тіркеу/үзінді көшірме күндері бар тарих жоқ), Еgov веб-қосымшаларындағы жеке кабинеттерде мұндай деректер берілмейді.

Жауапкерлер – есепке қою туралы шешімдер, тұрғын үй комиссиясының кезектен шығару туралы шешімдері, kezekte.kz. АЖ-дан мәліметтер, кезекте тұрғандардың іс материалдары;

б) тұрғын үй комиссияларының тұрғын үйге және БТТ, АТТ төлеуге мұқтаж деп тану туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша мынадай құжаттар ұсынылады:

талап қоюшылар – сатып алу құқығымен жалдау шарттары, ипотекалық шарттар, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар,

жауапкерлер – тұрғын үй комиссиясының мұқтаж адамдарды есепке қою туралы, есептен шығару туралы, БТТ – АТТ-дан бас тарту туралы шешімдері, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, қызметтік тізімдер, келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрықтар (және т.б.), тұрғын үй төлемдерін алушылардың – кезекте тұрғандардың іс материалдары.

ӘРПК-нің 129-бабының бірінші бөлігіне сәйкес талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті.

Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.

Көбінесе тұрғын үй алу туралы есепте тұрған адамға не оның өкіліне уәкілетті орган кезектен шығару туралы не басқа санат бойынша кезекке ауыстыру туралы хабарламайды, ал Заңның 73-бабының 3-тармағында мүдделі тұлғаларға есептен шығару туралы есептен шығару негіздерін көрсете отырып, шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзімде жазбаша түрде хабарланады.

Осыған байланысты, сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені дәлелдеме ретінде қараған кезде жауапкер талап қоюшыға мүдделі тұлғаға жеткізу және/немесе табыс ету туралы белгісі бар кезектен шығару туралы немесе басқа санатқа ауыстыру туралы жазбаша хабарлама беруге міндетті.

Мұндай дәлелдемелердің болмауы сотқа талап қоюды беру мерзімін ӛткізіп алуды дәлелді деп тану үшін негіз болып табылады. 

Талап қоюды беру мерзімдері (мерзімдерді қалпына келтіру практикасы)

            Талап қоюды беру мерзімдері ӘРПК-нің 20-тарауында көзделген, атап айтқанда, ӘРПК-нің 136-бабында реттеледі.

Жалпы қағида бойынша дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беру мерзімін сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіре алады.

Сотқа талап қоюды беру мерзімдерін өткізіп алу себептерін және олардың әкімшілік істі дұрыс шешу үшін мәнін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

Сотқа талап қоюды беру мерзімін дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.

Практикада сот аталған норманы қолдана отырып, іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды ескермейтін жағдайлар орын алады.

Анықтама үшін: Т. сотқа ММ-1-ге, ММ-2-ге: пәтер бөлігінде

1) пәтерді ММ-1- дің балансына қабылдауды,

2) әкімнің мүлікті балансқа қабылдау туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.

МАӘС-тің 2023 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымымен талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылып, талап қою ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылды.

Маңғыстау облысының ӘІСА-ның 2023 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымымен ұйғарым өзгеріссіз қалдырылды.

ЖС ӘІСА 2024 жылғы 24 қаңтарда төменгі сатыдағы соттардың ұйғарымының күшін жойып және істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібере отырып, бірінші сатыдағы сот талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартып, талап қою дау айтылған қаулы шығарылғаннан кейін бір жылдан астам уақыт өткен соң берілді, яғни талап қоюшы ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты бұлтартпау болып табылатын және қалпына келтіруге жатпайтын сотқа талап қою беруге арналған бір жылдық мерзімді өткізіп алды деген қорытындыға келді (№6001-23-00-6ап/2368).

Алайда сот талап қоюшының егде жасын (78 жас), жамбас ұшының сынығынан кейін оңалтуда болғандығын ескермеді, яғни талап қоюшы сотқа талап қоюды беру мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелді екендігін куәландыратын жеткілікті дәлелдер келтірді және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес талап қоюшы өткізіп алған мерзім қалпына келтірілуге тиіс болатын. 

Пайдаланылған қысқартулар:

- ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

- АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі

- АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

- ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

- АЖ – ақпараттық жүйе

- ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы

- ӘІСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

- МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот

- ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

- Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

- ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

- БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

- ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменті

- АМЖ – Арнаулы мемлекеттік органдар

- ПД – Полиция департаменті

- АТТ – ағымдағы тұрғын үй төлемдері

- БТТ – біржолғы тұрғын үй төлемдері

- МТҚ – мемлекеттік тұрғын үй қоры

- ЖАО – жергілікті атқарушы органдар 

Тұрғын үй даулары мәселелерін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;

– ӘРПК;

– АК;

– АПК;

– «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң);

– «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі

– Мемлекеттік мүлік туралы заң);

– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Әскери қызмет туралы заң);

– «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқық қорғау органдары туралы заң);

– «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқықтық актілер туралы заң);

– «Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы» ЖС-ның 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 НҚ;

сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – № 49 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – № 50 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары (бұдан әрі – № 524 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – № 673 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет кӛрсету қағидалары № 441;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары;

– Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Тұрғын үй қатынастары туралы заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Құқықтық актілер туралы заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстер заңдарға қарағанда көбірек заңды күші бар;

әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі акт нормалары қолданылады.

АК-нің 4-бабында, Құқықтық актілер туралы заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық актілер олар қолданысқа еңгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/381 1...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 03 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/2826Талапкер: К. А.Жауапкерл...

Толық оқу »

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй дауларыТалап қоюлар санының ұлға...

Толық оқу »

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюлары

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюларыТалап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан о...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй даулары

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй дауларыЗаңның 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

Тұрғын үй даулары үй-жайды, функционалдық мақсатын, тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстырумен өзгерту

Тұрғын үй даулары үй-жайды, функционалдық мақсатын, тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтың ішкі жүйесін толық н...

Толық оқу »

Тұрғын үй даулары-адамдарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану туралы талап-арыздар

Тұрғын үй даулары-адамдарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығынан а...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін не басқа да негіздер бойынша меншіктен алынған не реквизицияланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі әрекеттеріне шағымдануға байланысты тұрғын үй даулары

Мемлекет мұқтажы үшін не басқа да негіздер бойынша меншіктен алынған не реквизицияланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі әрекеттеріне ша...

Толық оқу »

110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз...

Толық оқу »

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алу

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алуОсы санаттағы істер талап қою тә...

Толық оқу »

Тұрғын үй даулары бойынша Адвокат

Тұрғын үй даулары бойынша АдвокатЖергілікті соттардың талап қоюшының арызын қанағаттандыру туралы қорытындылары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмей...

Толық оқу »

1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы 1 Бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасыТұрғын үй қатынастары туралы Заңы    1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемл...

Толық оқу »

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті нұсқамасының күшін жою және заңсыз деп тану туралы

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті нұсқамасының күшін жою және заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/368 15.08.2023 ж.Талапкер: "қаланың мәдениет жә...

Толық оқу »

130-бапқа түсініктеме. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерін орындамауы

130-бапқа түсініктеме. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы...

Толық оқу »

5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті  Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

  5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы      Тұрғын үй қа...

Толық оқу »

11-бап. Жеке тұрғын үйлер құрылысының әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыру Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

11-бап. Жеке тұрғын үйлер құрылысының әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыру Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы    ...

Толық оқу »

96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі осы Заңның 9...

Толық оқу »

4-бап. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

4-бап. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану олар...

Толық оқу »

Тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 03 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/1396Талапкер: Ж. Б.Жауапкер: "Қазақстан Республикасы Қорғ...

Толық оқу »

"Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ұсынысы бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабы 8) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысы

"Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ұсынысы бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабы 8) тармақшасының конституциялылығын тексеру турал...

Толық оқу »

Табысты кейс ипотекалық және тұрғын үй қарыздары бойынша мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізу

Табысты кейс ипотекалық және тұрғын үй қарыздары бойынша мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізуКомпанияның кеңсесіне банкте жалғыз мүлік кепілге қойылған қарыз ш...

Толық оқу »

341-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің, арнайы жер қорының болуы туралы ақпаратты жасыру

341-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің, арнайы жер қорының болуы туралы ақпарат...

Толық оқу »

602-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

602-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты же...

Толық оқу »

10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Үкіметі:      1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-ком...

Толық оқу »

Тұрғын үйді бұзу туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын азаматтық істер

Тұрғын үйді бұзу туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын азаматтық істер АІЖК 6- бабының және 1- тармағына сәйкес сот, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерд...

Толық оқу »

Шағымдарды қарау жөніндегі Комиссия ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру туралы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы

Шағымдарды қарау жөніндегі Комиссия ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру туралы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/1432 14.11.2023...

Толық оқу »

41-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

41-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықТұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы      1. Қазақста...

Толық оқу »

101-12-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

101-12-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұ...

Толық оқу »

114-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару  Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

114-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан...

Толық оқу »

92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту Тұрғын үй...

Толық оқу »

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 9.

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік...

Толық оқу »

51-1-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

51-1-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасыТұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста пәтерлердің, тұрғын ем...

Толық оқу »

46-бап. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептер Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

  46-бап. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептер Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісі...

Толық оқу »

146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы бо...

Толық оқу »

Адамдар тобының зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жасалған адамдардың еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіруі

Адамдар тобының зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жасалған адамдардың еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіруіҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған а...

Толық оқу »

391-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

391-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс...

Толық оқу »

130-бап. Жеке тұрғын үй салуға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

130-бап. Жеке тұрғын үй салуға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі      1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, бел...

Толық оқу »

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және тұрғын үй төлемдерін тағайындау т...

Толық оқу »

19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктеріТұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы      1. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй...

Толық оқу »

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын бұзу

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасының Қазақста...

Толық оқу »

36-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжаймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

36-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I жә...

Толық оқу »

78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Бірыңғай республи...

Толық оқу »

7-бап. Қаражатты пайдалану және орналастыру Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

7-бап. Қаражатты пайдалану және орналастыру Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы      1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымшылар алдындағы...

Толық оқу »

10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары  3-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖYЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары3-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖYЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ Қаз...

Толық оқу »

104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Азаматтар осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында,...

Толық оқу »

38-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт және реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

38-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт және реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібіТұрғын үй құрылысына үлест...

Толық оқу »

3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы  1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері, осы банктердің сал...

Толық оқу »

Тұрғын үй-коммуналдық даулар бойынша Адвокат заңгер ПИК ПИК ТКШ тұрғын үй-жайларды күтіп-ұстауға арналған шығыстарды өтеу жөніндегі Басқарушы компания Егер заңда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, меншік иесіне жүктеледі.

Тұрғын үй-коммуналдық даулар бойынша Адвокат заңгер ПИК ПИК ТКШ тұрғын үй-жайларды күтіп-ұстауға арналған шығыстарды өтеу жөніндегі Басқарушы компания Егер заңда немесе шартта...

Толық оқу »