Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

Талап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) тұрғын үй алуға кезекте тұруды қалпына келтіру, тұрғын үй жалдау шартын заңдастырудан бас тарту жөніндегі шешімнің күшін жою, сондай-ақ ипотекалық кредиттер бойынша міндеттемелері бар әскери қызметшілердің және құқық қорғау органдары, МКҚ қызметкерлерінің тұрғын үй комиссияларының тұрғын үй төлемдерінен бас тартуына дау айту туралы талаптармен сотқа жүгінулерінің өсуі болып табылады.

Соңғысы заңнамаға бұрын алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мәселелері бөлігінде аталған санаттағы адамдардың жағдайын жақсартатын өзгерістер енгізуге байланысты.

Бұл ұлғаю бұзылған құқықтарды қорғау үшін ӘРПК нормаларын пайдалануда азаматтардың белсенділігінің артқанын көрсетеді.

Жетісу облысында талап қоюшылар Талдықорған қаласы әкімдігінің «Талдықорған қаласының Тұрғын үй қатынастары бӛлімі» ММ-нің әрекетіне дау айтады. Бұл жағдай МТҚ-дан тұрғын үй алу кезегінен шығарып тастаудан және 2009 жылдан бастап 2020 жыл аралығындағы кезеңдерде бұрын берілген пәтерлерде тұру құқығына тұрғын үй комиссиясының шешімдерін ұсынбаудан туындады.

Соттар әртүрлі негіздер бойынша есептен шығару, оларды тұрғын үй комиссиясының қарауына беру кезінде пәтерлер беру туралы мәселені шығармау бойынша заңсыз әрекеттерді белгілейді.

Қазіргі уақытта отбасы құрамындағы талап қоюшылар осы пәтерлерде тұрады, тұрғын үйді күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді, коммуналдық қызметтерге ақы төлейді.

Осы мәселені жедел шешу үшін жергілікті соттар қала әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімдігі өкілдерінің, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының, облыс прокурорының орынбасары мен қала прокуратурасы, ҰҚКД және облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет кездесулер өткізді.

Заңның 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында МТҚ-дан бір ғана тұрғынжайды жекешелендіруге құқылы. Осы санаттар бойынша практика әртүрлі.

Мысалы, ЖС ӘІСА қаулысымен И.Ш.-ның әкімге, ММ-ге Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысын 18-тармақ бөлігінде заңсыз деп тану және оның күшін жою, тұрғын үй комиссиясының шешімін пәтерді жекешелендіруден бас тарту бөлігінде заңсыз деп тану және тұрғынжайды жекешелендіру шартын жасасу арқылы бұзушылықтарды жою туралы талап қоюы бойынша Павлодар облыстық соты ӘІСА шешімі мен қаулысы өзгертілді. (№6001-23-00-6ап/670).

Талап қоюда оған ведомстволық тұрғын үй қорына жатпайтын өзі тұрып жатқан тұрғынжайды жекешелендіруден заңсыз бас тартылғандығы уәжделген.

Павлодар облысы МАӘС-тің 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды: әкімдіктің 2020 жылғы 5 қарашадағы №2168\7 қаулысы заңсыз деп танылды және оның күші жойылды;

тұрғынжайды бөлу жөніндегі тұрғын үй комиссиясының шешімі пәтерді жекешелендіруден бас тарту бӛлігінде заңсыз деп танылды.

Талап қоюдың қалған бӛлігін қанағаттандырудан бас тартылды. Анықтама үшін:

Іс материалдарын қарағанда, шағым жасалған «Коммуналдық мүлік мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы №2168/7 әкімнің қаулысымен даулы пәтерді қоса алғанда, коммуналдық мүлік ММ ведомстволық тұрғын үй қорына берілген.

09.02.2021 ж. И. Павлодар қаласында жеке тұрғын үйінің болмауына байланысты ММ-ге ведомстволық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы өтінішпен жүгінді.

Ведомстволық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) 10.02.2021 ж. хаттамалық шешімімен талап қоюшыға жекешелендіру құқығынсыз Департаментте лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғын үй берілді.

 Сол күні ММ мен талап қоюшы арасында пәтер жалдау шарты жасалды.

03.03.2022 ж. талап қоюшы жоғарыда аталған пәтерді жекешелендіру туралы өтінішпен жүгінді.

Комиссияның 21.06.2022 жылғы шешімімен талап қоюшыға пәтердің ведомстволық тұрғын үй қорына жататындығына байланысты өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешіммен келіспей, талап қоюшы сотқа жүгінді. Жергілікті соттар талап қоюды ішінара қанағаттандыра отырып, ММ-нің өкілеттіктеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу функциясы кіретіндігін, ал талап қоюшыға берілген пәтер ведомстволық тұрғын үй емес, бірақ қызметтік тұрғын үйге жатады деген өз қорытындысын уәждеді.

Талап қоюшыда басқа тұрғын үйдің, жұмыс берушінің балансында ведомстволық тұрғын үйдің жоқтығына сүйене отырып, даулы пәтерді ведомстволық тұрғын үй қорына беру туралы дауланып отырған қаулы заңсыз болып табылады.

Жергілікті соттардың көрсетілген қорытындыларымен сот алқасы мыналарға байланысты келіспеді. ӘРПК-нің 155-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, егер оны қарау кезінде дауланып отырған әрекет (әрекетсіздік) жасалғанын, шешім Қазақстан Республикасының құзыреті мен заңнамасына сәйкес қабылданғанын анықтаса, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.

Заңның 2-бабының 1-5) тармағында ведомстволық тұрғынжай қорына мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғынжай комиссиясының шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар жатқызылды.

Заңның 67-бабының 3-2-тармағына сәйкес ведомстволық тұрғынжай қорынан тұрғынжайлар лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған, осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне пайдалануға беріледі.

Заңның 13-бабы 7-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғынжай қорынан берілген тұрғынжайларды жекешелендіруге болмайды.

Талап қоюшының пәтер беру туралы өтінішінен, Комиссияның 10.02.2021 ж. хаттамалық шешімінен талап қоюшы даулап отырған пәтер оған Департамент басшысының лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ротация тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметші ретінде берілгені көрінеді.

Іс бойынша талап қоюшы мемлекеттік тұрғын үй қорынан соңғысына қызметтік тұрғын үй беру үшін өзге негіздер болмағаны анықталды және талап қоюшы дауласпады.

Осыған байланысты жергілікті соттардың дауланып отырған пәтер ведомстволық тұрғын үй болып табылмайды және жекешелендіруге жатады деген тұжырымдары қате, істің мән-жайлары мен заң талаптарына қайшы келеді.

Даулы пәтерді балансында ұстаушы Департамент емес, ММ болып табылуы оны жекешелендіруге жатпайтын ведомстволық қызметтік тұрғын үй мәртебесінен айырмайды.

Заңда 10-3-бабында көзделген тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді іске асыра отырып, әкім даулы пәтерді ММ-нің балансына бере отырып, өз өкілеттіктері мен әкімшілік құзыреті шегінде әрекет етті.

ӘРПК-нің 6-бабының төртінші бөлігіне сәйкес әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.

Жазылғандарға сүйене отырып, сот алқасы әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары мен міндеттерін басшылыққа ала отырып, талап қоюшының талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарып, дау атйылған сот актілерін талап қоюды қанағаттандыру бөлігінде өзгерту туралы қорытындыға келді.

Жекешелендіру шартынан туындайтын тұрғын үй дауына байланысты тағы бір мысал.

Анықтама үшін: М. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің КММ-ге сотқа тұрғын үй комиссиясының тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тану және тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіруге рұқсат беруге міндеттеу туралы (№ 6001-22-00-6ап/1433) жүгінді.

Нұр-Сұлтан қаласы МАӘС шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, ол Нұр-Сұлтан қаласы ӘІСА апелляциялық сатысының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды.

12.01.2023 жылғы кассация қаулысымен талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылып, жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылды.

01.10.2021 ж. қызметтік тұрғынжайды жалдау (жалға алу) шартының негізінде талап қоюшы М. мен оның отбасы мүшелеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жалпы алаңы 95,3 ш. м. 3 бөлмелі № 37 пәтер (бұдан әрі – даулы пәтер) берілді, ол 06.08.2020 ж. бұйрық негізінде КММ жедел басқару құқығында тұр.

20.10.2021 ж. талап қоюшы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына оның барлық отбасы мүшелерінің пәтерді жекешелендіруге қатысудан және оны жекешелендіргеннен кейін ондағы меншік үлесінен бас тарту туралы өтініштерін қоса бере отырып, даулы пәтерді жекешелендіру туралы өтініш берді, ол Тұрғын үй қорына қарауға қайта жіберілді.

28.10.2021 ж. тұрғын үй комиссиясының шешімімен талап қоюшыға тұрғын үйді жекешелендіруден бас тартылды, өйткені тұрғын үйді жалдау шартында кӛрсетілген жалға алушының отбасы мүшелері бұрын МТҚ-дан өздерінің тұрғын үйді жекешелендіру құқығын пайдаланған.

Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында МТҚ-дан бір ғана тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы. Жоғарыда аталған бас тартумен келіспей, талап қоюшы осы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Соттар талап қоюды қанағаттандыру дан бас тартып, шағымданған пәтерді жекешелендіруден бас тартуды негізді деп таныды, өйткені талап қоюшының отбасы мүшелері, атап айтқанда жұбайы мен үлкен ұлы бұрын Алматы қаласында 1 бөлмелі пәтерді жекешелендіріп, МТҚ-дан өздерінің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған.

Соттар талап қоюшының оны жекешелендіруді талап етуге құқығы жоқ деп есептеді.

Алайда жергілікті соттардың бұл тұжырымдары іс бойынша белгіленген мән-жайлар мен заң талаптарына сәйкес келмейді.

Тұрғын үй комиссиясының тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіруге рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі заңсыз, талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болып табылады, оған МТҚ-дан тұрғын үйді жекешелендіру құқығы бұрын іске асырылмаған.

Пәтерді жекешелендіру кезінде талап қоюшы А.-мен некесі тіркелгені, олардың асырауында екі кәмелетке толмаған бала болғаны анықталды.

Заңның 101-бабының 4-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан кӛп жыл болған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.

Заңның 75-бабының 1-тармағына сәйкес жаңа редакцияда 2000 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi.

Заңның 2-бабына сәйкес тұрғынжайдың (пәтердің) пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы.

Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес жекешелендiрiлген тұрғын үй жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi.

Осыған байланысты талап қоюшының өзі және оның екінші ұлы тұрғынжайдың пайдалы алаңының 4 адамнан тұратын отбасы құрамына сәйкес келмеуі салдарынан ғана іс жүзінде ортақ бірлескен меншік болып табылатын пәтерді жекешелендіру шартына енгізілмегендігін түсіндіруі назарға лайық.

Жекешелендіру шартына отбасының барлық мүшелері енгізілген жағдайда, әрбір мүшенің үлесі 25%-ды құрайтын еді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, талап қоюшыға пәтерді жекешелендіруден бас тарту негіздері формальды сипатта болады және оны заңда кепілдендірілген құқықты іске асыруда шектейді.

Жергілікті соттардың сот актілері әкімшілік сот ісін жүргізудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне, қағидаттарына қайшы келеді, осыған байланысты талап қоюды толық көлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылып, күші жойылды.

Тағы бір мысал: соттың 2022 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен Ж.-ның әкімге, Бөлімге, Басқармаға тұрғын үй комиссиясының өзі тұрып жатқан пәтерді өтеусіз жекешелендіру туралы ӛтінішті қанағаттандырудан бас тарту мәселесі бойынша әрекеті мен шешімін заңсыз деп тану, жіберілген бұзушылықтарды жоюға міндеттеу туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылды.

Ақтөбе облыстық сотының ӘІСА-ның 2022 жылғы 19 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. ЖС ӘІСА 2022 жылғы 22 қарашадағы қаулысымен талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданып, аталған сот актілерінің күші жойылды.

Әкімнің, Бөлімнің, Басқарманың әрекеттері заңсыз деп танылсын және Ақтөбе қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының өзі тұрып жатқан пәтерді өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешімінің күші жойылсын деп қаулы етілді (№ 6001-22-00-6ап/1102).

Анықтама үшін: Талап қоюшы ММ қызметкері болып табылады.

Ж. Ақтөбе қаласының әкімдігіне 10 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі бар және Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен тұлға ретінде даулы тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы өтінішпен жүгінді.

Әкімдік жанындағы тұрғын үй комиссиясының 30.09.2021 ж. шешімімен Ж.-ның өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.

Соттар талап қоюдан бас тарта отырып, даулы тұрғын үй коммуналдық тұрғын үй қорына тиесілі және ММ-нің меншігі болып табылмайды, оның теңгерімінде болған жоқ, соған байланысты ол қызметтік тұрғынжай немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай болып табылмайды дегенге сүйенді.

Ресми құжаттарда талап қоюшы даулап отырған тұрғынжайдың мәртебесі белгіленбегенін ескере отырып, сот алқасы талап қоюшыға берілген тұрғынжай қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай санатына жатады деген қорытындыға келді, өйткені Заңның 67-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы екінші абзацының мағынасына сәйкес жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайлардан басқа, талап қоюшы жататын мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғынжай қызметтікке теңестіріледі.

Сондай-ақ тағы бір мысал келтіреміз, Г.-нің РММ-ге талап қоюы бойынша тұрғын үй комиссиясының пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы хаттамалық шешімін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік іс.

Анықтама үшін: ШҚО МАӘС шешімімен талап қоюшының судья лауазымында 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар екендігін, даулы пәтерде 12 жыл тұратындығын және оны күтіп ұстау ауыртпалығын көтергендігін, пәтер сатып алған кезде оның құнының бір бөлігін төлегендігін көрсетіп, талап қою әділеттілік қағидаты негізінде қанағаттандырылды.

ШҚО ӘІСА-ның 2023 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылды, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Алқа талап қоюшының 2003 жылғы 9 қазанда пәтерді жекешелендіру туралы шарт бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырғанын, кейіннен жиеніне сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартқанын, басқа тұрғын үйді қайта жекешелендіру заңда көзделмегенін атап өтті.

Заңның 13-бабының 9-тармағында адамның Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқығы бар екені анық көрсетілген.

Бұдан басқа, талап қоюшы тұрғын үйді жекешелендіру туралы өтінішінде бұрын жекешелендірілген пәтерді ол купондық механизмсіз жекешелендіргенін көрсетпеді.

Сондай-ақ талап қоюшының 2022 жылғы 21 сәуірдегі өтініші бөлу балансы жасалғанға дейін белгіленген мерзімде қаралмағаны, Абай облысының құрылуына, облыстың кейбір соттарының қысқартылуына байланысты тыңдау жүргізілмегені анықталды.

Алайда, ШҚО ӘІСА бұл бұзушылықтар тұтастай алғанда дұрыс емес әкімшілік актіні қабылдауға алып келмеді деген қорытындыға келді, сондықтан дұрыс, мәні бойынша, әкімшілік актіні тек бір формальды негіздер бойынша заңсыз деп тануға болмайды.

ЖС ӘІСА қаулысымен ШҚО ӘІСА 2023 жылғы 22 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылды (№6001-23-00-6ап/2192).

Тұрғын үйге мұқтаж қазір қызметтегі әскери қызметшінің талап қоюы да ерекше мысал болып табылады

Анықтама үшін: М. РММ-ге, тұрғын үй комиссиясына гарнизонның тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және оның күшін жою, бес адамнан тұратын отбасы құрамы бар талап қоюшыны қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану міндетін жүктеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Алматы гарнизоны әскери сотының 2022 жылғы 17 тамыздағы шешімімен М.-ның талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылды.

Әскери соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Тұрғын үй комиссиясының бес адамнан тұратын отбасы құрамы бар талап қоюшыны қызметтік тұрғын үйге мұқтаж деп танудан бас тарту туралы шешімі заңсыз деп танылды;

тұрғын үй комиссиясын талап қоюшының құқықтарының жол берілген бұзушылықтарын толық кӛлемде жоюға міндеттеуге қаулы етілді.

Тұрғын үй комиссиясының 2022 жылғы 19 мамырдағы №5 шешімімен талап қоюшыға бес адамнан тұратын отбасы құрамы бар тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде есепке қоюдан бас тартылды.

Бас тарту оның бұрын тұрғын үймен қамтамасыз етілгендігін, өзінің жекешелендіру құқығын іске асырғанымен, сондай-ақ жекешелендіру шартын бұзу арқылы пәтерді иеліктен шығарғанымен және сол сәттен бастап тұрғын үй заңнамасында белгіленген бес жыл өтпегенімен уәжделді.

Сот шешімінің күшін жойып, апелляциялық сатыдағы сот 2005 жылы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжай алғаннан кейін отбасы құрамы балалардың туылуына байланысты ұлғайғанын, соның салдарынан ол және оның отбасы мүшелері тұрып жатқан тұрғын үй Заңның 75-бабының 1-тармағында көзделген санитарлық нормаларға сәйкес келмейтінін, осыған байланысты, 13.04.2022 ж. талап қоюшы ТКШ бөліміне өтініш білдіріп, жекешелендіру шартын бұзғандығын айқындады.

Пәтер М.-ға қайтарылғаны және қазіргі уақытта мемлекеттік тұрғын үй қорында екендігі анықталды.

Меншік құқығында оның да, оның отбасы мүшелерінің де қандай да бір тұрғын үйі жоқ, бұл жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамамен расталады.

Талап қоюшы қызметтегі әскери қызметші болып табылады, күнтізбелік есептеуде 20 жылдан астам еңбек сіңірген жылдары бар және жоғарыда аталған заңның талаптарына сәйкес оны тұрғын үйге мұқтаж адамдардың кезегіне қоюға құқығы бар.

ЖС ӘІСА 2023 жылғы 7 қыркүйектегі қаулысымен апелляция қаулысы күшінде қалдырылды (№6001-23-00-6ап/184).

Тағы бір мысал ретінде Алматы қаласы МАӘС-тің 2022 жылғы 7 маусымдағы шешімін келтіреміз (жазбаша іс жүргізуде қаралған) А.Д.-ның Басқармаға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылды (№ 7594-22-00-4/942).

Анықтама үшін: Сот Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің шешімімен А. сегіз жасында «Мектеп-интернаты» КММ-ге берілген, одан әрі 2002 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының «Балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауыстырылғанын анықтады.

Кейіннен 27.08.2008 ж. «Жасөспірімдер үйі» КММ-ге ауыстырылды және 2019 ж. осы мекемеден шығарылды. 2012 жылы А.Д. «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге өз бетінше кезекке тұрды.

Алматы қаласы әкімінің 15.12.2021 ж. №4/652 қаулысымен құрамында 5 адам бар талап қоюшыға кезек тәртібімен коммуналдық тұрғын үй қорынан ауданы 41,5 ш.м., 1978 ж. салынған, қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығымен бұрын пайдалануға берілген тұрғын үй берілді.

Сол күні Басқарма мен А.Д. арасында тұрғынжайды жалдау шарты жасалды. 10.03.2022 ж. gosreestr.kz портал арқылы талап қоюшы Басқармаға жекешелендіруге өтініш берді, алайда 07.04.2022 ж. жауабымен бас тартылды, өйткені А.Д. өтініш берген кезде 29 жастан асып кетуіне байланысты «жетім балалар» санатына жатпады.

Сот жауапкердің жоғарыда аталған пәтерді жекешелендіруден талап қоюшының жиырма тоғыз жасқа толуына байланысты талап қоюшыға бас тартқаны туралы дәлелдерді дәрменсіз деп таныды. Заңда тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі регламенттелген және мемлекеттік тұрғын үй қорынан ӛздері тұратын тұрғынжайларды ӛтеусіз меншігіне алатын тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілерінің тізбесі айқындалған.

Атап айтқанда, Заңның 13-бабына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйдi осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен қалдық құны бойынша жекешелендiруге құқылы.

Заңның 68-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мыналар:

кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады.

Сонымен қатар жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын азаматтардың жасына қойылатын талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу кезінде ғана көзделген.

Демек, Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру кезінде жасына қойылатын талап кӛзделмеген.

Сонымен қатар, жауапкер тарапы талап қоюшының балалар үйі қызметкерлерінің кінәсінен ол тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне уақтылы қойылмағаны, сондай-ақ өз бетінше жүгінуі арқылы «жетім балалар» санаты бойынша есепке алынғаны және 2021 жылғы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алғаны туралы дәлелдеріне дау айтпайды.

Мұндай жағдайларда сот Басқарма уәкілетті мемлекеттік орган ретінде тұрғынжайға қажеттілігі жоғары және тұрғын үй проблемаларын өз мүмкіндіктерімен шеше алмайтын азаматтар топтарын тұрғын үймен, оның ішінде жекешелендіру құқығымен қамтамасыз ету үшін аса жауапты болады деп есептеді.

Тұрғын үйді коммуналдық меншікке берудің тағы бір мысалы. Анықтама үшін:

Апелляциялық сатының 2023 жылғы 2 тамыздағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған 2023 жылғы 3 мамырдағы сот шешімімен Р.-дың РММ-ге пәтерді өтеусіз жекешелендіру үшін коммуналдық меншікке беруге мәжбүрлеу туралы әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылды.

Сот Р. өтеусіз жекешелендіруі үшін пәтерді коммуналдық меншікке беруді міндеттеді.

Талап қоюшының Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретінде жеңілдіктерге құқығы бар екені анықталды. РММ-тің тұрғын үй комиссиясы отырысының 09.11.2020 ж. хаттамалық шешімімен Р. пәтерді жекешелендіруіне рұқсат берілді (7 адам бірауыздан «қолдап» дауыс берді).

Талап қоюшы РММ-де жұмыс істеген кезеңде №60 пәтерді жекешелендірген жоқ. 04.03.2021 ж. Р. одан әрі қызмет ӛткеру үшін РММ-ге ауыстырылды.

Сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, РММ-нің тұрғын үй комиссиясының 09.11.2020 жылғы шешімі заңсыз деп танылмады деген қорытындыға келді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 19-тармағына сәйкес жауапкер жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде №60 пәтерді коммуналдық меншікке беруді жүзеге асыруға тиіс болатын.

Бұдан басқа, талап қоюшының Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өз меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар.

Қағидалардың 12-тармағында тұрғын үйді жекешелендіру туралы мәселені шешуді: мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары қабылдайтыны көзделген.

Қағидалардың 24-тармағына сәйкес бөліп төлеу жолымен тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді белгіленген тәртіпте алғаннан кейін өтініш берушінің жұмыс орнының өзгеруі оның көрсетілген шешім бойынша тұрғын үйді жекешелендіру құқығын одан әрі іске асыруға әсер етпейді.

Заңның 13-бабы 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өз меншігіне өтеусіз алуға құқылы.

Баяндалғанды ескере отырып, сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандыру туралы қорытындыға келді, өйткені осылайша әкімшілік рәсімге қатысушылардың мүдделерінің әділ теңгерімі қамтамасыз етілді.

ЖС ӘІСА 2024 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілері күшінде қалдырылды (№6001-23-00-6ап/2406).

Мемлекеттік органның жалдау шартын жасасу міндеттемесіне байланысты келесі мысал

Анықтама үшін: Астана қаласы соты ӘІСА-ның 2023 жылғы 22 қарашадағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Астана қаласы МАӘС-тің 2023 жылғы 17 тамыздағы жалдау шартын жасасуға міндеттеу мен мәжбүрлеу туралы шешімі қанағаттандырылды:

ММ-ге Ш.-мен тұрғын үйді жалдау шартын жасасу міндеті жүктелді. Ш. 15.05.1998 ж. бастап 14.11.2005 ж. аралығында ШЖҚ-дағы МКК-мен еңбек қатынастарында болғаны анықталды.

Талап қоюшының ШЖҚ-дағы МКК-де жұмыс істеген кезеңінде, соңғысы 1998 жылғы 30 қыркүйекте 1999 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге уақытша иелікке меншігіне пәтер алды.

ШЖҚ-дағы МКК әкімшілік комиссиясының 2001 жылғы 20 наурыздағы хаттамалық шешімімен Ш. 2001 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде даулы пәтерді сатып алу немесе босату мәселесін шешуі қажет.

Астана қаласы әкімі орынбасарының 2001 жылғы 14 қыркүйектегі жауабымен ШЖҚ-дағы МКК атына талап қоюшының меншігіне даулы пәтерді беруге келісім берілді. 2005 жылғы 5 қазанда даулы пәтер ШЖҚ-дағы МКК балансынан ЖШС балансына берілді.

Кейіннен даулы мүлік Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 8 ақпандағы №16-124п қаулысының негізінде ЖШС балансынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтеусіз негізде қабылданды. Алайда даулы мүлікке құқық тіркеу органдарында тиісті түрде тіркелмеген.

Талап қоюшының даулы пәтерді жекешелендіру және даулы мүлікті жалдау шартын жасасу туралы өтініштері қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бұған дейін Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы сотының заңды күшіне енген шешімдерімен Ш.-ның меншік құқығын сатып алудың ескіру мерзіміне орай тану туралы және жалға алушының даулы мүлікті тану туралы талап қоюларын қанағаттандырудан бас тартылды.

Соттар даулы мүлікті жұмыс беруші талап қоюшыға қызметтік тұрғын үй ретінде берді және пәтер қазіргі уақытта коммуналдық меншікке кіреді, осыған байланысты жауапкер талап қоюшымен жалдау шартын рәсімдеуге құқылы екендігін ескерді.

Мүлік иелерінің оны уақтылы босату және оны күтіп ұстау ауыртпалығын өзіне жүктеу жөніндегі әрекетсіздігі талап қоюшының даулы пәтерде заңды негізде тұрғанын тану туралы куәландырады.

Бұдан басқа, меншік иесінің өзгеруі талап қоюшының даулы пәтерде тұру құқығының тоқтатуына алып келмеді. Заңның 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.

Жоғарыда аталған баптың 2-тармағында мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы кәсіпорынның тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.

Оларға берілетін тұрғын үйлер қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiледi. Демек, соттар даулы мүлікке меншік құқығын уақтылы және дұрыс тіркемеу пәтердің коммуналдық меншікте емес екенін куәландырмайды деген қорытындыға келді.

Жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде коммуналдық меншікке қабылданған мүлікті тиісінше ресімдемеу сот алқасының пікірінше уәкілетті органдар тарапынан жіберілген олқылық болып табылады, ал бұл мән-жай талап қоюшы үшін қолайсыз салдарға алып келмеуге тиіс.

Даулы мүліктің коммуналдық меншікке берілгенін ескере отырып, соттар талап қоюшы Басқармамен тұрғын үй жалдау шартын жасасуға құқылы деген қорытындыға келді.

 Демек, сенім құқығын қорғау қағидатын ескере отырып, олардың әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттарына сүйене отырып, 25 жыл ішінде уәкілетті органдар даулы мүлікке ешқандай қызығушылық танытпағанын және меншік құқығын тиісінше тіркеуді қамтамасыз етпегенін назарға ала отырып, соттар талап қоюдың негізділігі туралы қорытындыға келді (№ 7194-23-00-4/2169).   

Іс бойынша іс жүргізу тәртібі

ӘРПК-нің 146, 148-баптарының нормаларына сәйкес әкімшілік іс ақылға қонымды мерзімдерде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.

Сот талқылауы ӘРПК-нің 147-бабында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, АПК қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Сот тараптардың келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды мерзімде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы.

Сот талап қоюды тіркегеннен кейін алдын ала тыңдау және сот талқылауы сатысында, соттың белсенді рөлі шеңберінде талап қоюшылардың дұрыс құқықтық ұстанымын қалыптастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.

Негізінен аталған санаттағы істерді республика соттары жоғарыда кӛрсетілген талаптарды сақтай отырып қарады. Сонымен қатар талдау осы санаттағы дауларды қараған кезде төмендегі іс бойынша процестік заңның өрескел бұзылуын анықтады.

Анықтама үшін: Е. РММ-ге (№ 2794-22-00-4/654) талап қоюмен жүгінді.

БҚО МАӘС-тің 2022 жылғы 7 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылды, жауапкерге 2022 жылғы 4 тамыздағы баянат бойынша қолайлы акт қабылдау міндеті жүктелді. БҚО ӘІСА-ның 2023 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

ЖС ӘІСА 2023 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен БҚО ӘІСА қаулысының күші жойылып, іс ЖСҚ-ға соттың өзге құрамында облыстық сотқа жіберілді.

Апелляциялық сатыдағы сотта тұрғын үй тӛлемдеріне қатысты аталған істі облыстық соттың судьясы жазбаша іс жүргізуде жеке-дара, яғни заңсыз құрамда қарағаны анықталды, бұл істі өзге құрамдағы судьялардың жаңадан қарауына жібере отырып, жергілікті соттар қабылдаған сот актілерінің дұрыстығын талқыламай, қаулының күшін жоюға негіз болды.

Апелляциялық сатыдағы судья ӘРПК-нің 24-бабы тӛртінші бӛлігінің талаптарын ескермеді, соған байланысты әкімшілік істерді апелляциялық сатыдағы сотта алқалы құрам судьялардың саны тақ сан (кемінде үш) болғанда қарайды, олардың бірі тӛрағалық етуші болып табылады.

 Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жеке шағымдарды жеке-дара қарайды. Осылайша, әкімшілік істерді апелляциялық сатыда, оның ішінде сот құрамы бөлігінде қарау тәртібі бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық шағымдарды жеке-дара қарауды болғызбайтын ӘРПК-де регламенттелген.

Соттылық

           Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істерді қараған кезде дауларды шешу үшін соттылық қағидаттарын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.

Соттылық ӘРПК-нің 102, 103 және 106-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.

Талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыс орталықтарының шегіндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың соттылығындағы істерді қоспағанда, талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша сот қарауы мүмкін.

ӘРПК-нің 103-бабына сәйкес әскери соттар, егер әскери басқару органдары, әскери бӛлім жауапкер болып табылса, мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың талап қоюлары бойынша әкімшілік істерді қарайды.

Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әскери сот құрылмаса, оның соттылығына жатқызылған әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарайды.

Талдау көрсеткендей, негізінен соттарға келіп түскен талап қоюлар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылданған және соттарда қандай да бір қиындықтар туғызбайды.

Сонымен қатар өңірде әскери сот болған кезде БТТ тағайындау туралы талап қоюлар бойынша істердің соттылығын дұрыс айқындау мәселелері туындайды.

Мәселен, АТТ қазіргі әскери қызметшілерге тағайындалады және олар бойынша даулардың соттылығы әскери соттардың құзыретіне жатқызылған. БТТ әскери қызметші қызметтен босатылған кезде және дау тараптарының бірі мәртебесін жоғалтуына байланысты тағайындалса, арнайы соттылық енді қолданылмайды.

Соттардың баяндалған практикасы бойынша соттылықты дұрыс айқындау конституциялық нормаға байланысты маңызды болып табылатынын және оны әкімшілік істер бойынша сақтау ӘРПК-нің 102, 103-баптарына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтеміз.

Іске қатысатын адамдар тобы

ӘРПК-нің 26-бабына сәйкес әкімшілік процеске талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор қатысады.

Бұл ретте тұрғын үй даулары бойынша ӘРПК-нің 31-бабының ережелеріне орай прокурор, әдетте, қатыспайды. Іске қатысатын адамдардың шеңберін сотқа талап қоюды берген кезде талап қоюшы айқындайды.

Сотқа талап қоюмен жүгінуге құқығы бар адамдар Заңның 67-68-баптарында көрсетілген.

Сот алдын ала тыңдауда әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетімен (әрекетсіздігімен) құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделері қозғалуы мүмкін адамдар тобын анықтайды, кейіннен ӘРПК-нің 23- бабына сәйкес мүдделі тұлғалар ретінде тартылады.

Талдау көрсеткендей, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен МКҚ қызметкерлерінің АТТ және БТТ төлемдерімен байланысты талап қоюлары бойынша жауапкер ретінде шешім шығарған тұрғын үй комиссиялары (әскери бӛлімдер, ҚАЖК мекемелері, ПД, желілік бөлімдер, күзет қызметтері және т.б.) құрылған тиісті аумақтық әкімшілік орган болады.

Қажет болған жағдайда мүдделі тұлға ретінде жоғары тұрған мемлекеттік орган (Комитет, Министрлік) тартылады.

Азаматтардың талап қоюлары бойынша ЖАО-ға жауапкер ретінде әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі және/немесе ТКШ бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі тартылады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аудандық әкімдік (облыстық маңызы бар қала әкімдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады.

Заңның 77-бабы 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша беріледі.

Тұрақты негізде жұмыс істейтін ЖАО тұрғын үй комиссиялары ЖАО жанынан құрылады. Уәкілетті орган тұрғынжай беретін ЖАО болып табылады.

Әрбір нақты жағдайда талап қоюшының талабының нысанасы мен негіздеріне, жауапкердің қарсылықтарына және қолдануға жататын заңдарға, құқықтық жағдайға, уәкілетті органдардың өкілеттіктеріне сүйене отырып, жауапкерлерді дұрыс анықтау қажет.

Тиісті емес жауапкерге талап қойылған кезде соттың ӘРПК-нің 16, 116-баптарына сәйкес дауды қарау кезінде әуре-сарсаңды болғызбау мақсатында талап қоюшыға тиісті емес жауапкерді ӘРПК-нің 29-бабына сәйкес тиісті деп ауыстыру тәртібін түсіндіргені жөн.

Жергілікті соттардың практикасына сүйене отырып, тұрғын үй комиссияларының мүшелерін жауапкер ретінде тартудың қажеті жоқ.

Талап қоюды қанағаттандыру туралы шешімді әкімшілік орган, әкім немесе ТКШ бөлімі орындайды, заңды күшіне енген шешімдерді орындауда қиындықтар мен проблемалық мәселелер жоқ.

Татуласу рәсімдері

ӘРПК жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша татуласу рәсімдерін жүргізу мүмкіндігін көздейді, сонымен бірге жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптарды татуласуға жол беріледі.

Заңнама нормаларының мұндай ережесі азаматтың, заңды тұлғаның құқықтарын бұзушылықтарды жою шағымданған актінің күшін жою, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның өзі қандай да бір әрекетті тоқтату жолымен мүмкін болатындығына байланысты негізделген болып табылады.

Тараптар өзара келісімге келудің негізінде әкімшілік істі сот шешім шығаруға кеткенге дейін әкімшілік процестің барлық сатыларында (кезеңдерінде) татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы толық немесе ішінара аяқтай алады.

Соттың тараптарды татуласу үшін шаралар қабылдауы және олардың процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдесуі әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерінен туындайды.

Тараптардың талаптарына қатысты бейтарап ұстанымды ұстана отырып, сот тараптарға татуласу рәсімдерін жүргізу құқығын және осындай келісімдер жасасудың құқықтық салдарын түсіндіреді.

Жүргізілген талдау талданатын санаттағы бітімгершілікке байланысты аяқталған істердің ең көп тараған түрі тараптар медиативтік келісімдер жасасқан істерден тұратынын көрсетті.

Медиация туралы келісімдерді бекіту туралы ұйғарымдарды жауапкерлер белгіленген мерзімде өз еркімен орындайтындығын көрсетті. ӘРПК-нің 127-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сот ұйғарымын орындамағаны үшін жауапкерлерге соттың ақшалай өндіріп алуының жекелеген фактілері бар.

Істерді қарау кезінде әрекеттердің заңсыздығын сот анықтаған не жауапкердің өзі таныған істер едәуір көп болып отыр.

Деректер жауапкерлердің тұрғын үй заңнамасының нормаларын дұрыс қолданбағанын жөәне формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салуды бұзғанын крсетеді.

Сонымен қатар әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде ӘРПК қағидаттарын (соттың белсенді рөлі, әділеттілік, мөлшерлес), процестік мәжбүрлеу шараларын (ақшалай ӛндіріп алу) және татуласу рәсімдерін қолдану талданатын санаттағы істерді қарау сапасын едәуір арттырды.

Мәселен, белсенді рӛл қағидатын іске асыру соттың дауды шешуіне не дауды бейбіт жолмен реттеуге немесе істі қарау перспективаларын түсіндіруге байланысты талап қоюды кері қайтарып алуға ықпал етеді.

Мысалы, жауапкердің өзі даулы актінің күшін жояды немесе дау болмайтын әрекеттер жасайды. 

Талап арыздардың қайтарылуы.

Бірінші сатыдағы соттар аяқтаған істердің саны (шешім шығарып қаралғаны: оның ішінде қанағаттандырылғаны; қайтарылғандары: оның ішінде медиацияны бекітіп және соттылығы бойынша жіберілгені).

ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша талап қоюды қайтарып алуға байланыстыс.

Өзге негіздер бойынша қайтарылғандардың ішінен ең кӛп саны мыналарда көзделген негіз бойынша қайтаруларды құрайды:

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасында – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса.

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасында – сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса.

- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бӛлігінің 12) тармақшасында – сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген соттың шешімі немесе татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы болса.

Соттар талап қоюды қайтара отырып, тараптар арасында жария-құқықтық қатынастар жоқ деген қорытындыға келді, жауапкер талап қоюшыларға қатысты әкімшілік актілер шығармады.

Дәлелдемелер және дәлелдеу

ӘРПК-нің 129-бабына сәйкес дау айту жӛніндегі талап қоюлар бойынша дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органда жатқанына қарамастан, органда/тұрғын үй комиссиясында мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық алмасу жүйелерінде бар деректер ғана болады.

ЖАО шешімдер қабылдаған кезде, әдетте, кезекте тұрғандардан қосымша құжаттарды талап етпейді.

Сонымен қатар, тұрғын үй даулары бойынша дәлелдемелердің сипаты дәлелдемелерді ұсынуды талап етеді, олар туралы мәліметтер заңмен қорғалған немесе өзінің мазмұнына байланысты тек талап қоюшы ғана ұсына алады (ипотекалық шарттар, банктерден анықтамалар, жұмыс, оқу орнынан анықтамалар, қызметтік тізімдер) не дербес сипаты болады (отбасы құрамы туралы).

Осылайша, дәлел ретінде:

а) ЖАО-ның тұрғын үй комиссиясының кезекте тұрғандар тізімінен шығару туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша талап қоюшылар кезекте тұрғандар санатына жатқызу туралы құжаттарды (персоналды басқару бӛлімдерінен қызметтік тізімдер, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнынан анықтамалар, мүгедектік туралы анықтамалар, барлық балаларға туу туралы куәліктер, некені бұзу туралы куәліктер, отбасының барлық мүшелеріне мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар және т.

б.) ұсына алады, тұрғылықты жерінің (кетпейтінінің) дәлелі ретінде талап қоюшылар оқу орнынан, жұмыс орнынан анықтамалар, куәлардың айғақтарын, учаскелік полиция инспекторларының баянаттарын (сипаттамаларын) ұсына алады.

Соттар тұрғылықты жері бойынша тіркеу тарихын көші-қон полициясынан сұратуға мәжбүр, өйткені ҚАО ААЖ базасында тек ағымдағы деректер бар (ҚАО ААЖ-да тұрақты/уақытша тіркеу/үзінді көшірме күндері бар тарих жоқ), Еgov веб-қосымшаларындағы жеке кабинеттерде мұндай деректер берілмейді.

Жауапкерлер – есепке қою туралы шешімдер, тұрғын үй комиссиясының кезектен шығару туралы шешімдері, kezekte.kz. АЖ-дан мәліметтер, кезекте тұрғандардың іс материалдары;

б) тұрғын үй комиссияларының тұрғын үйге және БТТ, АТТ төлеуге мұқтаж деп тану туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша мынадай құжаттар ұсынылады:

талап қоюшылар – сатып алу құқығымен жалдау шарттары, ипотекалық шарттар, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар,

жауапкерлер – тұрғын үй комиссиясының мұқтаж адамдарды есепке қою туралы, есептен шығару туралы, БТТ – АТТ-дан бас тарту туралы шешімдері, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, қызметтік тізімдер, келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрықтар (және т.б.), тұрғын үй төлемдерін алушылардың – кезекте тұрғандардың іс материалдары.

ӘРПК-нің 129-бабының бірінші бөлігіне сәйкес талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті.

Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.

Көбінесе тұрғын үй алу туралы есепте тұрған адамға не оның өкіліне уәкілетті орган кезектен шығару туралы не басқа санат бойынша кезекке ауыстыру туралы хабарламайды, ал Заңның 73-бабының 3-тармағында мүдделі тұлғаларға есептен шығару туралы есептен шығару негіздерін көрсете отырып, шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзімде жазбаша түрде хабарланады.

Осыған байланысты, сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені дәлелдеме ретінде қараған кезде жауапкер талап қоюшыға мүдделі тұлғаға жеткізу және/немесе табыс ету туралы белгісі бар кезектен шығару туралы немесе басқа санатқа ауыстыру туралы жазбаша хабарлама беруге міндетті.

Мұндай дәлелдемелердің болмауы сотқа талап қоюды беру мерзімін ӛткізіп алуды дәлелді деп тану үшін негіз болып табылады. 

Талап қоюды беру мерзімдері (мерзімдерді қалпына келтіру практикасы)

            Талап қоюды беру мерзімдері ӘРПК-нің 20-тарауында көзделген, атап айтқанда, ӘРПК-нің 136-бабында реттеледі.

Жалпы қағида бойынша дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беру мерзімін сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіре алады.

Сотқа талап қоюды беру мерзімдерін өткізіп алу себептерін және олардың әкімшілік істі дұрыс шешу үшін мәнін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

Сотқа талап қоюды беру мерзімін дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.

Практикада сот аталған норманы қолдана отырып, іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды ескермейтін жағдайлар орын алады.

Анықтама үшін: Т. сотқа ММ-1-ге, ММ-2-ге: пәтер бөлігінде

1) пәтерді ММ-1- дің балансына қабылдауды,

2) әкімнің мүлікті балансқа қабылдау туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.

МАӘС-тің 2023 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымымен талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылып, талап қою ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылды.

Маңғыстау облысының ӘІСА-ның 2023 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымымен ұйғарым өзгеріссіз қалдырылды.

ЖС ӘІСА 2024 жылғы 24 қаңтарда төменгі сатыдағы соттардың ұйғарымының күшін жойып және істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібере отырып, бірінші сатыдағы сот талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартып, талап қою дау айтылған қаулы шығарылғаннан кейін бір жылдан астам уақыт өткен соң берілді, яғни талап қоюшы ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты бұлтартпау болып табылатын және қалпына келтіруге жатпайтын сотқа талап қою беруге арналған бір жылдық мерзімді өткізіп алды деген қорытындыға келді (№6001-23-00-6ап/2368).

Алайда сот талап қоюшының егде жасын (78 жас), жамбас ұшының сынығынан кейін оңалтуда болғандығын ескермеді, яғни талап қоюшы сотқа талап қоюды беру мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелді екендігін куәландыратын жеткілікті дәлелдер келтірді және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес талап қоюшы өткізіп алған мерзім қалпына келтірілуге тиіс болатын. 

Пайдаланылған қысқартулар:

- ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

- АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі

- АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

- ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

- АЖ – ақпараттық жүйе

- ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы

- ӘІСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

- МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот

- ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

- Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

- ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

- БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

- ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменті

- АМЖ – Арнаулы мемлекеттік органдар

- ПД – Полиция департаменті

- АТТ – ағымдағы тұрғын үй төлемдері

- БТТ – біржолғы тұрғын үй төлемдері

- МТҚ – мемлекеттік тұрғын үй қоры

- ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

Тұрғын үй даулары мәселелерін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;

– ӘРПК;

– АК;

– АПК;

– «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң);

– «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі

– Мемлекеттік мүлік туралы заң);

– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Әскери қызмет туралы заң);

– «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқық қорғау органдары туралы заң);

– «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқықтық актілер туралы заң);

– «Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы» ЖС-ның 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 НҚ;

сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – № 49 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – № 50 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары (бұдан әрі – № 524 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – № 673 Қағидалар);

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет кӛрсету қағидалары № 441;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары;

– Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Тұрғын үй қатынастары туралы заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Құқықтық актілер туралы заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстер заңдарға қарағанда көбірек заңды күші бар;

әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі акт нормалары қолданылады.

АК-нің 4-бабында, Құқықтық актілер туралы заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық актілер олар қолданысқа еңгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/381 1...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 03 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/2826Талапкер: К. А.Жауапкерл...

Толық оқу »

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюлары

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюларыТалап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан о...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй даулары

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй дауларыЗаңның 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

Тұрғын үй даулары үй-жайды, функционалдық мақсатын, тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстырумен өзгерту

Тұрғын үй даулары үй-жайды, функционалдық мақсатын, тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтың ішкі жүйесін толық н...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін кезекте тұрғандар тізіміне қосуға және одан алып тастауға байланысты тұрғын үй даулары

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін кезекте тұрғандар тізіміне қосуға және одан алып тастауға байланысты тұрғын үй дауларыТалап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш беру...

Толық оқу »

Тұрғын үй даулары-адамдарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану туралы талап-арыздар

Тұрғын үй даулары-адамдарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығынан а...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін не басқа да негіздер бойынша меншіктен алынған не реквизицияланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі әрекеттеріне шағымдануға байланысты тұрғын үй даулары

Мемлекет мұқтажы үшін не басқа да негіздер бойынша меншіктен алынған не реквизицияланған жағдайда мемлекеттік органдардың тұрғын үй беруден бас тарту жөніндегі әрекеттеріне ша...

Толық оқу »

110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз...

Толық оқу »

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алу

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алуОсы санаттағы істер талап қою тә...

Толық оқу »

Тұрғын үй даулары бойынша Адвокат

Тұрғын үй даулары бойынша АдвокатЖергілікті соттардың талап қоюшының арызын қанағаттандыру туралы қорытындылары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмей...

Толық оқу »

1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы 1 Бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасыТұрғын үй қатынастары туралы Заңы    1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемл...

Толық оқу »

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті нұсқамасының күшін жою және заңсыз деп тану туралы

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті нұсқамасының күшін жою және заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/368 15.08.2023 ж.Талапкер: "қаланың мәдениет жә...

Толық оқу »

130-бапқа түсініктеме. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерін орындамауы

130-бапқа түсініктеме. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы...

Толық оқу »

5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті  Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

  5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы      Тұрғын үй қа...

Толық оқу »

11-бап. Жеке тұрғын үйлер құрылысының әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыру Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

11-бап. Жеке тұрғын үйлер құрылысының әлеуметтiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыру Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы    ...

Толық оқу »

96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі осы Заңның 9...

Толық оқу »

4-бап. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

4-бап. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану олар...

Толық оқу »

Тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 03 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/1396Талапкер: Ж. Б.Жауапкер: "Қазақстан Республикасы Қорғ...

Толық оқу »

"Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ұсынысы бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабы 8) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысы

"Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ұсынысы бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабы 8) тармақшасының конституциялылығын тексеру турал...

Толық оқу »

Табысты кейс ипотекалық және тұрғын үй қарыздары бойынша мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізу

Табысты кейс ипотекалық және тұрғын үй қарыздары бойынша мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізуКомпанияның кеңсесіне банкте жалғыз мүлік кепілге қойылған қарыз ш...

Толық оқу »

341-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің, арнайы жер қорының болуы туралы ақпаратты жасыру

341-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің, арнайы жер қорының болуы туралы ақпарат...

Толық оқу »

602-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

602-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты же...

Толық оқу »

10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Үкіметі:      1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-ком...

Толық оқу »

Тұрғын үйді бұзу туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын азаматтық істер

Тұрғын үйді бұзу туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын азаматтық істер АІЖК 6- бабының және 1- тармағына сәйкес сот, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерд...

Толық оқу »

Шағымдарды қарау жөніндегі Комиссия ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру туралы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы

Шағымдарды қарау жөніндегі Комиссия ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру туралы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/1432 14.11.2023...

Толық оқу »

41-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

41-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықТұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы      1. Қазақста...

Толық оқу »

101-12-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

101-12-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұ...

Толық оқу »

114-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару  Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

114-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан...

Толық оқу »

92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту Тұрғын үй...

Толық оқу »

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 9.

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік...

Толық оқу »

51-1-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

51-1-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасыТұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста пәтерлердің, тұрғын ем...

Толық оқу »

46-бап. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептер Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

  46-бап. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептер Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісі...

Толық оқу »

146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы бо...

Толық оқу »

Адамдар тобының зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жасалған адамдардың еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіруі

Адамдар тобының зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жасалған адамдардың еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіруіҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған а...

Толық оқу »

391-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

391-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс...

Толық оқу »

130-бап. Жеке тұрғын үй салуға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

130-бап. Жеке тұрғын үй салуға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі      1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, бел...

Толық оқу »

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және тұрғын үй төлемдерін тағайындау т...

Толық оқу »

19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктеріТұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы      1. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй...

Толық оқу »

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын бұзу

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасының Қазақста...

Толық оқу »

36-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжаймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

36-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I жә...

Толық оқу »

78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Бірыңғай республи...

Толық оқу »

7-бап. Қаражатты пайдалану және орналастыру Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

7-бап. Қаражатты пайдалану және орналастыру Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы      1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымшылар алдындағы...

Толық оқу »

10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары  3-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖYЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары3-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖYЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ Қаз...

Толық оқу »

104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Азаматтар осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында,...

Толық оқу »

38-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт және реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

38-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт және реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібіТұрғын үй құрылысына үлест...

Толық оқу »

3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы  1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері, осы банктердің сал...

Толық оқу »

Тұрғын үй-коммуналдық даулар бойынша Адвокат заңгер ПИК ПИК ТКШ тұрғын үй-жайларды күтіп-ұстауға арналған шығыстарды өтеу жөніндегі Басқарушы компания Егер заңда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, меншік иесіне жүктеледі.

Тұрғын үй-коммуналдық даулар бойынша Адвокат заңгер ПИК ПИК ТКШ тұрғын үй-жайларды күтіп-ұстауға арналған шығыстарды өтеу жөніндегі Басқарушы компания Егер заңда немесе шартта...

Толық оқу »