6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы
1. Өтемақы:
1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) (қылмыстық топтың қылмыс жасауы бөлігінде), 120 (3-1-бөлігінің 1-тармағында, 3-2-бөлігінің 1) және 3) тармақтарында және төртінші бөлігінде), 121 (3-1-бөлігінің 1) тармағында, 3-2-бөлігінің 1) және 3) тармақтарында және төртінші бөлігінде), 123 (екінші бөлігінде), 124, 125 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 126 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 128 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында), 134, 135 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (бірінші және екінші бөліктерінде) және 308-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) (қылмыстық топтың қылмыс жасау бөлігінде), 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 116 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 118 (екінші және үшінші бөліктерінде), 119 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 120 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 141 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 192 (екінші бөлігінің 5) тармағында), 202 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 203 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 277 (бірінші және екінші бөліктерінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 317 (екінші және бесінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 322 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 345 (екінші бөлігінде), 345-1 (екінші бөлігінде), 346 (төртінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 352 (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 355 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 356 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 358 (үшінші бөлігінде) және 359 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
3) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 104, 105 (адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бөлігінде), 106 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 116 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 119 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120 (төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 121 (төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 141 (екінші бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 192 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 202 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 203 (үшінші бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 277 (екінші және үшінші бөліктерінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 317 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (абайсызда науқастың өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 344 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 345-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352 (адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 353 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 355 (үшінші бөлігінің 4) тармағында), 356 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 358 (төртінші және бесінші бөліктерінде) және 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша тағайындалады.
Осы Заңның 8-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы тағайындалмайды.
2. Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жәбірленушілер деп танылған кезінен бастап өтемақы алуға құқығы бар.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (11.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы