Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өтемақы алуға құқығы бар.

      2. Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады.

      3. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөніндегі міндетті сот "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде:

      1) кінәлі адамға;

      2) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне;

      3) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді.

      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы осы баптың үшінші бөлігінде аталған тұлғалардан "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде Жәбірленушілерге өтемақы қорына азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ақшаны өндіріп алу үшін негіз болып табылады.

      5. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге төленген ақша олардың өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға жатады.

      Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 173-бабына түсініктеме. Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 173-бабына түсініктеме. Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры1. Жәбірленушілер Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерг...

Толық оқу »

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорыЖәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде көздел...

Толық оқу »