10-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы
1. Салықтық емес түсімдер Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері болып табылады, оларға:
1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар;
3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;
4) регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер жатады.
2. Сот айыптау үкiмiн шығарған кезде кінәлі адамдардан Жәбірленушілерге өтемақы қорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарының негізінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.
Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобы жасаған жағдайда, мәжбүрлі төлем әрбір кінәлі адамнан жеке өндіріп алынады.
Кінәлі адамға қатысты айыптау үкімі қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша шығарылған жағдайда, одан неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес келетін мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.
3. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.
4. Жәбірленушілерге өтемақы қорына инкассолық өкімдер шығаруға жол берілмейді.
Осы Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы