4-бап. Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілеттіктері Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы
Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
1) жәбірленушіге Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы алу құқығын түсіндіреді;
2) өтемақы тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажет ақпаратты сұратады;
3) негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы тағайындайды;
4) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін жүргізеді;
5) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін өтемақы тағайындау туралы шешім шығарылғаннан кейінгі айдың он бесінші күніне қарай ай сайын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
6) негізсіз төленген өтемақыны қайтару мәселелерін реттейтін бірлескен нормативтік құқықтық актіні әзірлейді және бекітеді.
Осы Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы