19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы
1. Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының кездейсоқ қымбаттау тәуекелін, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мердігер (бас мердігер) көтереді.
2. Мердігер (бас мердігер), егер өзіне байланысты емес себептер бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының құны сметадан кемінде он пайыздан асып түссе, сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының сметадан он пайыздан асатын сомада кездейсоқ қымбаттау тәуекелін уәкілетті компания көтереді.
3. Мердігердің (бас мердігердің) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мердігерлік шарт бойынша орындаған жұмыстары үшін төлемдерді төлеу инжинирингтік компания растаған, орындалған жұмыстар актілері негізінде уәкілетті компанияның банктік шотынан жүргізіледі.
Уәкілетті компанияның банктік шотынан үлескерлердің ақшасы пайдаланылған кезде құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес мердігерлік шарт бойынша мердігерге (бас мердігерге) төлемдерді алдын ала төлеуге мынадай шарттардың бірі ескеріле отырып жол беріледі:
1) мердігердің (бас мердігердің) міндеттемелерді тиісінше орындауын қамтамасыз ету болып табылатын аванстық төлемді қайтару бойынша екінші деңгейдегі банктің кепілдіктері болған кезде уәкілетті компаниямен мердігерлік шарт құнының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс;
2) қамтамасыз етусіз уәкілетті компаниямен мердігерлік шарт сомасының он пайызынан аспауға тиіс.
Мердігер (бас мердігер) орындаған жұмыстар үшін төлемдерді кейіннен төлеу осы Заңның 20-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
4. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс мақсаттарына пайдалануды осы Заңның 20-бабында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.
5. Аяқталмаған құрылыстың меншік иесі уәкілетті компания болып табылады.
6. Құрылыс салушының және уәкілетті компанияның банктік қарызды тартуынан және Бірыңғай оператордан кепілдік алуынан басқа, олардың өзге міндеттемелері бойынша аяқталмаған құрылыспен азаматтық-құқықтық мәмілелерге тыйым салынады.
7. Мердігер (бас мердігер), құрылыс салушы және уәкілетті компания кепілдік мерзімі ішінде жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй көрсеткіштері сапасының сақталуына және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді.
8. Құрылыс салушы және уәкілетті компания жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
9. Уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестің алаң бірлігін жобалау құнының көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы алаңына арақатынасымен айқындалатын құннан төмен емес өткізуге міндетті.
10. Құрылыс салушы уәкілетті компанияның міндеттемелері бойынша үлескерлер алдында субсидиарлық жауаптылықта болады.
11. Уәкілетті компанияның осы Заңның 9 және 10-баптарында көзделген көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы оның көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау мерзімін бұзуы болып табылады. Құрылыс мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен әрқайсысы үш айдан үш мәрте созуға жол беріледі.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ.
Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы