Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 13 сәуір N 371.

  • "Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес
  • ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 488 Жарлығымен.

  •       1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
  •      2. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына нақты мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған оның құзыреті шеңберінде салалық (ведомстволық) тиесіліктегі мәліметтерді, сондай-ақ өздерінің ұсынуы бойынша басқа мемлекеттік органдардың тиісті тақырыптық бағыттағы мәліметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілсін.
  •      3. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары нақты мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі мен осы мәліметтерді уақтылы құпиясыздандыру үшін жеке жауапты болады деп белгіленсін.
  •      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
  •  
  •       Қазақстан Республикасының
          Президенті
  •  
  •  

  •  Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2000 жылғы 13 сәуірдегі№ 371 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН
  •  
  • Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының ТІЗБЕСІ

  •       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 488 Жарлығымен.
  • Жалпы ережелер

  •       1. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағының 214) тармақшасына сәйкес әзірленген.
  •      2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі.
  •      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.
  •      3. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптары негізінде мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі:
  •      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 11), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 18), 23), 26), 27), 28), 29), 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;

      2) алып тасталды – ҚР Президентінің 26.08.2025 № 975 Жарлығымен;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 28.04.2025 № 861 (ҚР тиісті заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін ҚР заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және уранды барлау жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыруы жөніндегі нормалар мен ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.08.2025 № 975; 08.01.2026 № 1152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.04.2026 № 1232 Жарлықтарымен.