18-бап. Мәліметтердің құпиялылық дәрежелері мен бұл мәліметтер көздерінің құпиялылық белгілері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық дәрежесі аталған мәліметтерді тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың ауырлық дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.
2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық үш дәрежесі және осы дәрежелерге сәйкес көрсетілген мәліметтердің көздеріне арналған: "аса маңызды", "өте құпия" және "құпия" деген құпиялылық белгілері белгіленеді.
Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерге "аса маңызды", "өте құпия" деген құпиялылық белгілері беріледі.
Қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге "құпия" деген құпиялылық белгісі беріледі.
Аталған құпиялылық белгілерін мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге өзге де шектеу белгілерін беруге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы