⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді; 

      2) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
 

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 

      4) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбелерін әзірлеу тәртібін белгілейді; 

      5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды; 

      7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілері санатына жатқызу тәртібін бекітеді, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтардың тізбесін бекітеді; 

      8) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді ұйымдастыру, олардың жұмыс істеу және таратылу тәртібін белгілейді; 

      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді бірлесіп пайдалану мен қорғау туралы үкіметаралық келісімдерін жасайды, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді, шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға мемлекеттік құпиялар мен олардың көздерін беру туралы шешім қабылдайды және оларды беру тәртібін белгілейді; 

      10) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді; 

      11) Қазақстан Республикасының азаматтарына оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге байланысты арнаулы тексеру жүргізу тәртібін бекітеді; 

      12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы