Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы 

      Қазақстан Ұлттық Банкі:

 

      1) ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;

      2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;

 

    3-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру тәртібін айқындайды;

      3-2) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды

3-3) цифрлық теңгенің жалғыз эмитенті болып табылады;

      4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;

      5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;

      7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;

      8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

      8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

 

   8-2) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;

      8-3) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      8-4) Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуын реттеуді жүзеге асырады;

9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтер мен цифрлық активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;

      11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;

      12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;

      12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;

      13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;

 

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыздар береді;

     15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады; ЗҚАИ-ның ескертпесі!      15) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      16) статистикалық әдіснаманы әзірлейді, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш) жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады;

 

     17) сыртқы сектор статистикасы жөніндегі статистикалық нысандарды әзірлейді, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;

            18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады; ЗҚАИ-ның ескертпесі!      18) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      18-1) валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинау мен өңдеуді жүзеге асырады және оларды ұсыну тәртібін айқындайды;

 

      19) осы Заңға, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      20) мыналарға:

      өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған;

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған;

 цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қызметінің айрықша түрі болып табылатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;

    20-1) төтенше жағдай енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы ұйымдарының, төлем жүйелері операторларының, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуінің ерекше тәртібі мен шарттарын енгізуді, оның ішінде олар қолданатын комиссияларды реттеуді көздейтін арнаулы реттеу режимін енгізуге құқылы;

 21) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);      

21-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);      

22) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.     

 22-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

      23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;

      24) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру қағидаларының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      24-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, тексерілетін субъектілердің қызметін құзыреті шегінде тексеруге қатысады;

      24-2) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың , "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің, "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылардың, төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және жүргізуден бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

      24-3) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

24-4) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады;

       25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;

       26) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;

            27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады; ЗҚАИ-ның ескертпесі!      27) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;

      29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

 

     29-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының металл шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды;

      30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;  ЗҚАИ-ның ескертпесі!      30) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      31) Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

 

      32) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасасатын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

 

     32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді;

      33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;       ЗҚАИ-ның ескертпесі!      33) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      34) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысады;

 

      35) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады және оларды қолдану тәртібін айқындайды;

      35-1) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарына және (немесе) өзге заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;

      36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;

      37-1) алып тасталды - ҚР 13.03.2017 № 53-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;

      38-1) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;       ЗҚАИ-ның ескертпесі!      38-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      38-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат алмасуға құқылы.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;

 

   38-3) ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық саласында және өз қызметімен байланысты басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізеді;

      38-4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

38-5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 

      38-6) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді; 

      38-7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату және (немесе) айырбастау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды; 

      38-8) цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын, төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;

      39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арызды қайтару

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арызды қайтаруӘкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын...

Толық оқу »

47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтатуҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкі...

Толық оқу »

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрл...

Толық оқу »

Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуСеріктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін немесе атқарушы органның жекелеге...

Толық оқу »

37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттікте...

Толық оқу »

41-бап. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

41-бап. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Мемлекеттік орган қызметін...

Толық оқу »

20-1-бап. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және олардың өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

20-1-бап. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және олардың өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс берушілердің ерікті нег...

Толық оқу »

Заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі бойынша атқарушы орган басшысының өкілеттігі тоқтатылған

Заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі бойынша атқарушы орган басшысының өкілеттігі тоқтатылғанҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №...

Толық оқу »

15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

     15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы 1. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары орган...

Толық оқу »

18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктері Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктеріҰлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы      1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтыл...

Толық оқу »

2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпа...

Толық оқу »

85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігі Азаматтық қорғау туралы Заңы

85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігіАзаматтық қорғау туралы Заңы   1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі...

Толық оқу »

32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік ба...

Толық оқу »

44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктер...

Толық оқу »

21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және...

Толық оқу »

8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi Тұқым шаруашылығы туралы

8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерiТұқым шаруашылығы туралы      1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдер...

Толық оқу »

18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтатуҚазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы      1. Қаза...

Толық оқу »

32-2 бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

    32-2 бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін...

Толық оқу »

17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтату  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтатуҚазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы      1. Ассамблея мүшесінің өкілеттігі мынадай негіздер бойынша:      1) Ассамблея мүшес...

Толық оқу »

10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасуҚазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының Пре...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының жобасына пайдалану үшiн агент ретiнде Банктiң атынан және Банк үшiн жабдықтар сатып алуға және сатуға өкiлеттiгi туралы келiсiмдi бекiту туралы Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының жобасына пайдалану үшiн агент ретiнде Банктiң...

Толық оқу »

8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдерҚазақстан Республикасының х...

Толық оқу »

28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы

28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы      1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық ж...

Толық оқу »

36-бап. Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң

36-бап. Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы...

Толық оқу »

31-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

31-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтатуКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және пана...

Толық оқу »

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілерге лауазым...

Толық оқу »

34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәрт...

Толық оқу »

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану 1. Жеке күзет қызметі басшысының...

Толық оқу »

4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Үкiметi Парламент Мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегін...

Толық оқу »

Билік өкілінің ұғымдарын мемлекеттік қызметтегі және әкімшілік өкілеттіктерге ие тұлға ретінде анықтау

Билік өкілінің ұғымдарын мемлекеттік қызметтегі және әкімшілік өкілеттіктерге ие тұлға ретінде анықтауҚазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3-бабының 9-тармағы "билік өк...

Толық оқу »

Істің мән-жайларын зерттемеуіне байланысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін негізсіз соттау

Істің мән-жайларын зерттемеуіне байланысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін негізсіз соттауАстана қаласы Алматы ауданының № 02 аудандық сотының 2012 жылғы 09...

Толық оқу »

55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзіміАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Директорлар кеңесінің құрамына сайланған адамдардың, егер Қазақстан Республика...

Толық оқу »

Тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы шарттары бойынша сот істері жөніндегі адвокат заңгер

Тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы шарттары бойынша сот істері жөніндегі адвокат заңгерТергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚІЖК жо...

Толық оқу »

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судьяның өкiлеттiгi, егер: 1) партиялық...

Толық оқу »

46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау...

Толық оқу »

48-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

48-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      Мемлекеттік қызметші:      1)...

Толық оқу »

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралыҚаз...

Толық оқу »

29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мәртебесі, оны сайлау тәртібі және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мәртебесі, оны сайлау тәртібі және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті Микроқарж...

Толық оқу »

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Жекеше...

Толық оқу »

189-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігін тоқтату Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

189-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігін тоқтату Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі Ұлттық алдын алу тетi...

Толық оқу »