21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
1. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) Алынып тасталды.
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
5-1) өзі мәслихатының депутаты болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты мәселелер бойынша петициялар жазу жөнінде ұсынымдар мен консультациялар беруге;
5-2) өзі мәслихатының депутаты болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың петицияларды қарауы бойынша мониторинг жүргізуге;
5-3) петицияларды мәслихат сессиясының қарауына шығаруға;
6) тиiстi әкiмдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы;
9) жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарына қатысуға;
10) мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерін жария етуге;
11) мәслихаттардың құрылатын тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының құрамына кандидатураларды, оның ішінде өзінің жеке кандидатурасын ұсынуға;
12) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін білдіруге;
13) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ мәслихат сессиясы мен отырысына төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;
14) мәслихаттардың өзі құрамына сайланған тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары сессиясының және отырысының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ олар талқылайтын мәселелерді қарау және олардың мәні бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін орындауын тексеру қажеттілігі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізуге;
16) мәслихат қабылдайтын актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;
17) мәслихат құрған, сайлаған немесе бекіткен органдардың құрамына, сондай-ақ мәслихат сайлаған немесе бекіткен лауазымды адамдарға сенім білдіру туралы мәселе көтеруге;
17-1) жергілікті бюджет комиссияларының жұмысына қатысуға;
17-2) қажеттілігіне қарай бюджетті нақтылауға бастамашылық жасауға;
18) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және мәслихат регламентіне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2. Депутат:
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы, петициялардың қаралуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруға;
5) қоғамдық пікірді, азаматтардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың қажеттіліктері мен сұраныстарын зерделеуге, олар туралы мәслихат пен оның органдарына хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізуге және өзге де шаралар қабылдауға;
6) мәслихат төрағасына не өзі мүшесі болып табылатын тұрақты комиссияның төрағасына отырысқа келе алмайтыны туралы алдын ала хабарлауға;
7) кездесулер мен жиналыстар өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халықты олардың өткізілетін уақыты мен орны туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен жылына кемінде екі рет кездесулер мен жиналыстар өткізуге міндетті.
2-1. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік беріледі.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
Мәслихат депутаты азаматтардың құқықтарының бұзылуы немесе заңдылықты өзге де бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықты тоқтатуды талап етуге, ал қажет болған жағдайларда тиісті органдарға және лауазымды адамдарға бұзушылықтың жолын кесу талабымен жүгінуге құқылы.
4. Мәслихат депутатына осы баптың 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
1) мінеу;
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету.
3) мәслихаттың бір сессиясы ішінде сөз сөйлеу құқығынан айыру;
4) мәслихат сессиясына қатысу құқығынан айыру.
Бұл ретте тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутатына бір күндік жалақысынан айыру түріндегі жаза қосымша қолданылуы мүмкін.
Мәслихат депутаттарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазаларды қолданумен байланысты мәселелерді дайындауды, сондай-ақ мәслихат сессияларының және оның органдарының отырыстарына мәслихат депутаттарының келуін мониторингтеуді мәслихат аппараты жүзеге асырады.
Мәслихат депутаттарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жазаларды қолдану туралы мәселеге мәслихат төрағасы не мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы бастамашылық жасауы мүмкін.
5. Жазалар қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қолданылады, олардың қолданылуы туралы ақпарат тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жазалардың нақ сол бір теріс қылық үшін қайтадан қолданылуы мүмкін емес.
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы