Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 23-бап. Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбанын қайтару немесе орналастыру Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

23-бап. Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбанын қайтару немесе орналастыру Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 23-бап. Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбанын қайтару немесе орналастыру Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын адам саудасының кәмелетке толмаған құрбаны анықталған жағдайда, бала тұрған жердегі қорғаншылық және қамқоршылық органдары ата-аналарының (ата-анасының) не өзге де заңды өкілдерінің бар-жоғы және тұратын жері туралы мәліметтерді алуға жәрдемдеседі, қажет болғанда баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға баланы орналастырады. 

      Кәмелетке толмаған адамды шыққан еліне (өзі азаматы болып табылатын елге) қайтару немесе Қазақстан Республикасында қалдыру туралы мәселені шешу кезінде шешім он жасқа толған кәмелетке толмаған адамның ата-аналарының (ата-анасының) не өзге де заңды өкілдерінің немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен берген келісімімен ғана қабылданады. 

      2. Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбаны ата-аналары (ата-анасы) не өзге де заңды өкілдері немесе кәмелетке толмаған адамның шыққан елінің (өзі азаматы болып табылатын елдің) құзыретті органдары ол үшін өзіне жауапкершілікті алуға және оған тиісті көмек пен қорғауды ұсынуға келіскен жағдайда, шыққан еліне (өзі азаматы болып табылатын елге) қайтарылуы тиіс. 

      3. Егер осындай қайтару адам саудасының кәмелетке толмаған құрбанының қауіпсіздігіне қатер төндірсе және оның мүдделеріне сай келмесе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы тиіс. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы