Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

      2. Азаматтық талапкердің қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгі іс жүргiзу сатысында талап қоюдан бас тарту туралы арызы жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iс материалдарына қоса тiгіледі. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

      3. Сот талап қоюдан бас тартуды сот талқылауының кез келген сәтінде, бiрақ сот үкiмді қаулы ету үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдайды.

      Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдағанға дейін азаматтық талапкерге талап қоюдан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы нақ осы нысана туралы дау бойынша және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, сотқа қайталап жүгінуді болғызбайтынын түсіндіруге міндетті.

      4. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.

      Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

152-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап арызын қайтару

152-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап арызын қайтару1. Егер:1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе т...

Толық оқу »

169-бапқа түсініктеме. Талап арызды қайтару, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талап қоюынан бас тарту

169-бапқа түсініктеме. Талап арызды қайтару, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талап қоюынан бас тарту1 азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келге...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 169-бабына түсініктеме. Талап қою арызын қайтару, талап қоюдан бас тарту

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 169-бабына түсініктеме. Талап қою арызын қайтару, талап қоюдан бас тарту1. Азаматтық талап қоюшы қылмыстық процестің кез...

Толық оқу »