24-бап. Кредиторлар жиналысын шақыру тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, кредиторлар жиналысын ұйымдастыру мен өткізуді әкімші жүзеге асырады.
Оңалтуды басқарушыны шеттету, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны шеттету және банкроттықты басқарушыны бір мезгілде таңдау мәселесін қарау кезінде кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды кредиторлар комитеті немесе осындай жиналысқа бастамашылық жасаған кредитор жүзеге асырады.
2. Кредиторлар жиналысы:
1) борышкердің;
2) әкімшінің;
3) кредиторлар комитетінің;
4) талаптары тізілімге енгізілген кредиторлар талаптарының жалпы сомасының кемінде он пайызын не кредиторлардың жалпы санының кемінде он пайызын құрайтын кредиторлардың бастамашылығы бойынша шақырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау