Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi  Сақтандыру қызметі туралы Заңы

72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi  Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi  Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

      1. Сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiк пен қанағаттандырылуға тиiс:  

      1) бiрiншi кезекте, кредиторлардың сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптары қанағаттандырылады; 

      1-1) екінші кезекте, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады; 

      2) үшінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi; 

       3) төртiншi кезекте, сақтандырылушының жеке өзiне байланысты жасалған сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;  

       4) бесiншi кезекте, кредиторлардың - жеке тұлғалардың өздерi жасалған мүлiктiк сақтандыру шарттары және сақтандырылушының жеке өзiне байланысты емес сақтандырудың басқа да түрлерi бойынша талаптары қанағаттандырылады;  

      5) алтыншы кезекте кредиторлардың осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге жасалған сақтандыру шарттары бойынша талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда басқа сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша талаптары қанағаттандырылады; 

      6) жетiншi кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;  

       7) сегiзiншi кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;  

       8) тоғызыншы кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.  

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісіне байланысты шығыстар кезектен тыс жүргізіледі. 

      3. Қайта сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:  

      1) бiрiншi кезекте, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын қайта сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;  

      2) екінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi; 

       3) үшiншi кезекте, цеденттердiң "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;  

       4) төртiншi кезекте, цеденттердiң "жалпы сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;  

       5) бесiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;  

       6) алтыншы кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;  

      7) жетiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады. 

      4. Әрбiр келесi кезектегi талаптар одан алдыңғы кезектегi талаптар толық орындалғаннан кейiн қанағаттандырылады.  

      Бiр кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырған кезде қаражат олардың арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына бара-бар бөлiнедi. 

      5. Тиiстi кезегi келгенде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн әдiстермен, оның iшiнде есеп айырысудың бара-барлық принципiн сақтай отырып, ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай күйiнде беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.  

      6. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күні белгілеген бағам бойынша теңгемен қанағаттандырылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

74-2-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

74-2-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы -Қазақстан Респ...

Толық оқу »

27-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

27-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы      1. Қаржы бас...

Толық оқу »

Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізіліміне кіргізу (шығару) туралы азаматтық істер

Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізіліміне кіргізу (шығару) туралы азаматтық істер«Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 3-бабының 2-тармағына және Қазақстан Рес...

Толық оқу »

92-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін жариялау Оңалту және банкроттық туралы Заңы

92-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін жариялауОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Уақытша басқарушы қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ...

Толық оқу »

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру заңды тұлғаны таратудың үш...

Толық оқу »

38-бап. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi Астық туралы Заңы

38-бап. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi Астық туралы Заңы      1. Оңалтылатын, с...

Толық оқу »

51-бап. Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

51-бап. Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде оның кредит...

Толық оқу »

Банкроттық кезінде кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу (Алып тастау) туралы азаматтық істер

Банкроттық кезінде кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу (Алып тастау) туралы азаматтық істер "Оңалту және банкроттық туралы" 3-баптың 2-бөлігіне және АІЖК-нің 355-бабына...

Толық оқу »

123-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

123-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігі ҚазақстанРеспубликасындағыбанктержәнебанкқызметітуралы Заңы      1. Мәжбүрлеп таратыл...

Толық оқу »

72-бап. Оңалту рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру Оңалту және банкроттық туралы Заңы

72-бап. Оңалту рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Уақытша әкімші оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған...

Толық оқу »

90-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру Оңалту және банкроттық туралы Заңы

90-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Уақытша басқарушы тағайындалған күнінен бастап екі айда...

Толық оқу »

108-бап. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік Оңалту және банкроттық туралы Заңы

108-бап. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақш...

Толық оқу »

103-бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы

103-бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру сомасы мен тәртібіОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Кепілді кредитор талабының сомасын айқындау кез...

Толық оқу »

107-бап. Бесінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы

107-бап. Бесінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібіОңалту және банкроттық туралы Заңы      Мүлік жеткіліксіз болған кезде кредиторлар...

Толық оқу »

106-бап. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы

106-бап. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібіОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Төртінші кезектегі талаптардың құрамын...

Толық оқу »

105-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы

105-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібіОңалту және банкроттық туралы Заңы      Үшінші кезек құрамына енгізілетін талаптар...

Толық оқу »

Конкурстық басқарушыға сыйақы оның қызметінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын және кредиторлар комитеті айқындайтын әкімшілік шығыстарды шегергенде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражаттың жеті пайызынан аспайтын мөлшерде қосымша төлемдерді қамтиды.

Конкурстық басқарушыға сыйақы оның қызметінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын және кредиторлар комитеті айқындайтын әкімшілік шығыстарды шегергенде кредиторлардың талапта...

Толық оқу »

107-1-бап. Алтыншы кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы

107-1-бап. Алтыншы кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібіОңалту және банкроттық туралы Заңы      Мүлік жеткіліксіз болған кезде осы Заңны...

Толық оқу »