25-бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Осы Заңның мақсаттары үшін:
1) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсында кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау;
2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға дербес қол қойдыра отырып табыс ету;
3) кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарды пошта арқылы тапсырыс хатпен кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға жіберу;
4) кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы арқылы электрондық құжат нысанында жөнелту хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.
Кредиторды осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәсілмен хабардар ету мүмкін болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тәсілдер мұндай кредиторды тиісінше хабардар ету деп танылады.
Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, аталған интернет-ресурста кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлардың жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау міндетті болып табылады.
Осы тармақтың күші оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі кезінде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге қолданылмайды. Кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы хабарды кредиторларға жіберу тәртібі:
оңалту рәсімі кезінде – осы Заңның 72-бабының 6-тармағында;
банкроттық рәсімі кезінде – осы Заңның 91-бабының 1-тармағында айқындалады.
Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиторларға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкімші, ал кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастыратын жағдайларда – кредиторлар комитетінің төрағасы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.";
2. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарда мынадай мәліметтер:
борышкердің атауы, заңды мекенжайы;
кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты мен орны;
кредиторлар жиналысының күн тәртібі;
кредиторлар жиналысының қарауына жататын материалдармен танысу тәртібі қамтылуға тиіс.
Күн тәртібінде қарауға ұсынылатын. кредиторлар жиналысының құзыретіне тікелей кіретін мәселелер қамтылуға тиіс. Күн тәртібін қалыптастыру кезінде кең ауқымда түсінілетін тұжырымдауды пайдалануға жол берілмейді.
3. Кредиторлардың алғашқы жиналысын қоспағанда, жиналысқа тікелей қатысу мүмкін болмаған жағдайда, кредитор сырттай, оның ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тәсілмен дауыс беруге құқылы.
Егер кредитор сырттай дауыс беретін болса, ол бұл туралы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға жиналыс өткізілгенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жиналыс өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей күн тәртібіне қатысты материалдарды осындай кредиторға танысу үшін жіберуге немесе ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы