120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық органдары тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған жағдайда электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жүргізеді.
2. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша шығарылған электрондық шот-фактуралар жазып беруді шектеу туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.
3. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы;
2) веб-қосымшаға және (немесе) пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне және (немесе) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне электрондық тәсілмен;
3) салық төлеушіге қолын қойдыра отырып жіберіледі.
4. Салық органдары тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша шектеудің күшін жою туралы шешім шығару арқылы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеудің күшін жоюды жүргізеді.
5. Салық төлеушінің электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешімге шағым жасауы оның қолданысын тоқтата тұрмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы