11-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерді айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні ол мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келген кезде көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызады:
1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатын жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын шығару және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде оларды пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
3) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші электрондық ақшаны шығару, өтеу және оларды пайдалана отырып жүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
4) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын пайдаланбай, электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
5) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында және шет елге ақша аударымдары жүйесі арқылы ақша аудару бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
6) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында және шет елге банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
7) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, әлеуметтік және өзге де төлемдерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
8) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының көрсетілетін төлем қызметтері нарығында көрсетілетін төлем қызметтерін өзге де берушілер ұсынбайтын көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге өзі дербес жатқызады.
3. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші маңыздылар қатарына жатқызылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізіліміне енгізеді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді және көрсетілген мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
4. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші:
1) басқару органының құрамын, өкілеттіктерін және жұмыс регламентін;
2) басшылық етуші органның өкілеттіктерін;
3) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тән тәуекелдерді басқару жүйесін;
4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші мен мүдделі тұлғалар арасындағы мүдделер қайшылығын шешу тәртібін;
5) клиенттердің көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануы тұрғысындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындайды.
5. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тән тәуекелдерді басқару жүйесі:
1) тәуекелдерді анықтау, өлшеу, тәуекелдер мониторингі және оларды басқару рәсімдерін;
2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз ету рәсімдерін және оның қызметін қалпына келтіру жоспарын айқындайды.
6. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзі ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мәліметтерді ұсынады;
2) көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді және жүргізілген бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы