Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

     ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелерін ұйымдастыруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, төлем жүйелерін реттеуді және оларды қадағалауды (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оларды бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын реттеуді осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      Төлем жүйелері, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары саласы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласының бір бөлігі болып табылады.

      2. Төлемдер және төлем жүйелері саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады және өзге де өкілеттіктерді іске асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

     Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы