Шағым апелляциялық сот алқасына қорғаушының шағым арызын қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жою
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына
Түркестан қаласы, 160-квартал, 498
8-725-33-59-704, 8 (701) 567-83-92
725-2460@sud.kz , 130203@sud.kz
Қорғаушы: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбековичтен
«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: АЕ К
ИИН ..........
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Н Е ауылы, Ж көшесі, 12 үй.
Шағым
(ҚР ҚПК 107 бабы негізінде)
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).
Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).
24 сәуір 2025 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Б.Сламбеков, Мақтаарал аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Саржанның, шағым беруші күдікті Е.К.А-тың қорғаушысы адвокат Г.Т.Саржановтың, лауазымды тұлға Мақтаарал АПБ-нің тергеушісі Д.Жақсылықтың қатысуларымен, сот залында, жабық сот отырысында дыбыс-бейнежазба құралын пайдалану арқылы шағым беруші адвокат Галымжан Турлыбекович Саржановтың Мақтаарал ауданының прокурорының әрекеттеріне берген № 5143-25-00-2-5м/8 шағым арызын қарап, қаулы етті:
Шағым беруші адвокат Галымжан Турлыбекович Саржановтың Мақтаарал ауданының прокурорының, Мақтаарал АПБ-нің тергеушісі Д.Қ.Жақсылықтың әрекеттеріне берген шағым арызы қараусыз қалдырылып, кері қайтарылсын.
Тергеу соты өз қаулысының Анықтау бөлігінде келесідей уәждерді басшылыққа алуда, «Соттардың прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс әрекеті /әрекетсіздігі/ және шешімдеріне берілген шағымдарды қарау туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының №3 санды 27.06.2012 жылғы 2 нормативтік қаулысының 5-тармағына сай Заңда өзге тәртіппен шағымдану көзделген процестік әрекеттер (әрекетсіздік) мен шешімдердің күшін жою туралы шағымдар, атап айтқанда Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеудің күшін жою туралы шағымдар, оларды ҚПК-нің 179-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарының талаптарын бұза отырып, тіркеу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы, адамды күдікті, қорғануға құқығы бар куә деп тану, әрекетті дұрыс сараламау немесе айыптауды тұжырымдау туралы, не оның дәлелденбегені туралы, күдікті деп тану және әрекетті саралау кезінде заңды дұрыс қолданбау туралы, сот санкция берген бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шағымдар, сондай-ақ сот актілерінің заңсыздығы туралы шағымдар ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарауға жатпайды» деген уәждерін атап айтқан.
Құрметті сот алқасы, аталған сот қаулысымен келіспейміз, себебі, біздің сотқа жүгінуімізге себеп болған жағдай – менің қорғауымдағы Е.К А-қа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында орын алған өрескел әділетсіздік пен заңсыздық, біз прокуратураның біліксіз қызметкерлерінің жауапсыз әрекеттеріне қатты наразымыз. Олардың бұл әрекеттері прокуратура органдары қызметкерінің абыройлы атына нұқсан келтіруде.
"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.
Алайда Прокуратура қызметкерлері тарапынан заңды сақтағаннан оны бұзуды жөн көруде.
Сонымен Қылмыстық заңнаманы бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдарына келер болсақ, Қорғау трапынан 03.04.2025 жыл тергеу изоляторында Е.К А-пен тергеушінің сұрау алу хаттамасын, онда берілген жауаптарды талқылау барысында, тергеу тарапынан қылмыстық заңнаманың ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімінің өрескел бұзылуы анықталды.
Анығын айтқанда 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу кезінде қорғаушының қатыспағандығы анықталып, Хаттамадағы қорғаушы ретінде шақырылған С.Акназаровтың қолы кешірек немесе басқа адаммен қойылған деп есептейміз.
Сонымен тергеуші Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 60-64, 80, 81, 110, 115, 197, 199, 208-210, 212, 216 баптарының нормаларын сақтамай Кодекстiң талаптары бұза отырып жауап алынғандығы анықталып отыр.
ҚР ҚПК 64-бап. Күдікті Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.
Алайда тергеу тарапынан аталған бап нормалары формальді түрде жасалынып шын мәнәнде Күдіктіге жауап алу алдында құқықтары түсіндірілмеген.
ҚПК 112-бабына сай Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде: Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
12.04.2025 жыл 11:01 сағатта, Е-өтініш электронды порталы бойынша тіркеу №ЗТ-2025-01196565, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекетіне ҚР ҚПК 24, 58, 64, 65-1,78, 99, 100, 105 баптарынана сәйкес, басшылыққа ала отырып шағым жазған болатынбыз төмендегіні сұрап:
· Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдауды;
Егер аталған заң бұзушылықтал орын алған жағдайда:
· Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды;
· Күдікті Е.К А-тан 2025 жыл 1 наурыз күні 15 сағ. 35 минуттан 16 сағат 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын - заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастауды;
· Прокуратура тарпынан Прокурорлық қадағалау кезіндегі алу жүргізілген материалдармен қорғау тарпын танстыруды;
· Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 105 бабында, 2 бөлігімен белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.
ҚР ҚПК 58-бабында көрсетілгендей Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам және оған негіздер болған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асырады.
Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, Қорғаушы шағымның уәждеу бөлігінде Прокуратураға біздің аталған уәждерімізді тексеру барысында төмендегі ұсыныстарды ескеруге сұраған едік:
1) Тергеушінің кабинетінде орналасқан Бейне жазба таспасының 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдікті Е.А-тан жауап алу кезіндегі уақытта түсірілген ақпаратқа, бейне таспасынан алу жүргізуді; (Бейне жазбаны алу бойынша прокуратура ешқанадай іс әрекетер жасамағандығы жайлы сот отырысы барысында анықталды және прокуратура тергеуге 24.04.2025 жылы Түркістан облысына видео бейне жазбасын сұрату бойынша ауызша нұсқау бергені анықталды).
2) 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында тергеу амладарына қатысқан қорғаушы С.Акназаровтың телефон нөміріне детеализацисына алу жүргізіп қорғаушының тергеу амалдары кезіндегі уақытта полиция бөліміне тиесілі байланыс оператры вышкасының аумағанда болуы немесе болмауын анықтау. (Прокуратура тарапынан С.Акназаровтың аталған шағым бойынша жазбаша пікірін алу бойынша немесе Күдікті А-тан аталған жайт бойынша сұрау алмаған сонымен прокуратураның ешқанадай іс әрекетер жасамағандығы жайлы сот отырысы барысында анықталды).
Алайда 2025 жыл 17 сәуірдегі Мақтаарал ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі Досаев А.Т., шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысында, қорғау тарапы ұсынған ісшаралардың жүргізілгендігі жайлы ақпрататр жоқ, кересінше Прокурор «Қорғаушының күдікті Е.К А-тан 01.03.2025ж. жауап алу хаттамасын заңсыз деп танып, дәлелдеме қатарынан алып тастау жөніндегі уәждері объективті деректермен бекітілмеген». Деген уәжге келіп дәлелдемелерді жинауды Қорғау тарпына ысырып тастады.
Қорғаушының құзіретіне телефон нөмірінің детеализацисына алу жүргізу және АПБ аудио бейна жазбасын алу кірмейді. Бұл жағдайда Прокуратура өз құзіреті шегінда телефон нөмірінің детеализацисына алу жүргізуді және АПБ аудио бейна жазбасын алу жүргізуге, Күдікті А-тан сұрау алу мүмкіншілігі бола тұра тергеушінің заңбұзушылық іс әрекеттерін әшкерелейтін материалдарға алу жүргізбегені Прокуратура тарапынан өрескел заң бұзушылық болып отыр.
Прокуратура жоғарыда аталған материалдарды жинап сол материалдармен қорғау тарпын танстырып дәлелдемелерді ұсынса Қорғау тарпынан ешқандай күмән баолмас еді. Қорғаушы іс бойынша күмән тудыратын процессуалдық әрекеттерді дәлелдуге міндетті емес, Крісінше прокуратра күмән тудыратын трегу амалдарын тергеп тексеруге міндетті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 19-бабы «Кiнәсiздiк презумпциясы» нормасында көрсетілгендей Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс делінген.
ҚР ҚПК 106-бабына сай қылмыстық іс бойынша Күдіктінің құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы делінген.
Аталған баптың 2 бөлігіне сай «Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс».
Біз тергеу сотына дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы шағым жазған жоқпыз. Қорғау тарапы соттан прокуратруарының іс ірекеттеріне және қорғаушының, прокуратураға жолданған шағымында көрсеткен ұсыныстарын ескермегендігін және тексермегеніне сотқа шағымданғанбыз.
Жоғарыда аталған Прокуратура тарапынан өрескел заң бұзушылықтарды Тергеу соты қолымен ұстап, көзімен көре тұра Шағымды қараусыз қалдыруы аманатқа қиянат болды деп есептейміз.
Тергеу соты сотқа жолдаған ҚР ҚПК-нің 106 бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорының, әрекеттері бойынша Шағымды қарап, Шағымның Прокуратура тарапынан Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында және қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында жеке қаулы қабылдау керек еді деп есептейміз.
ҚР ҚПК-ның 107 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының күдіктіні күзетпен ұстау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға құқылы.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 107 бабына сәйкес,
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
· 2025 жылғы 24 сәуірдегі Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбековтың, шағым арызы қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жоюды;
· ҚР ҚПК-нің 106 бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорының әрекеттеріне берілген Шағымды толық қарап заңды және құқықытық бағасын беруді.
Құрметтпен,
Қорғаушы
Г.Т Саржанов 25.04.2025 жыл
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Шағым Түркістан облыстық сотына
4 рет жүктеп алынды