22-бап. Кеменi бiрдейлендiру құралдары 5-тарау. Кеме Iшкi су көлiгi туралы Заңы
1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кеменің атауы, тiркелімге алынған пунктi, тіркеу нөмiрi, шақыру сигналы және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсеріктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнің болуы мiндеттi.
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кеменің екі бортында да тiркеу нөмiрiнің болуы міндетті.
2. Меншік иесі кемеге атау береді және оны өзгертеді.
Тұйық бассейнде, аралас бассейндерде және аралас "өзен-теңіз" жүзу бассейндерінде пайдаланылатын кемелерге бірдей атау беруге жол берілмейді.
2-1. Меншік иесі тіркелген кеме кепілдерінің кепіл ұстаушыларын кеме атауының өзгергені туралы дереу хабардар етеді.
3. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес уәкілетті орган кеменiң тiркеу нөмiрiн бередi.
4. Шақыру сигналы, кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бiрдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы.
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы