99-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-әрекеттері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы
1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес шараларды және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесін сақтау бойынша өзге де ықтимал шараларды қабылдауға міндетті.
2. Апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң экипажы өз өкiлеттiктерiн азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдеріне тапсырғанға дейiн борттағы адамдарды, мүлiктi құтқару мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, әуе кемесiнiң өзiн сақтау жөнiнде барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi. Әуе кемесi экипажының барлық мүшелерi адамдарды, мүлiктi және әуе кемесiн құтқаруға қатысуға мiндеттi.
3. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң командирi азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдері келгенге дейін осы әуе кемесiнiң бортындағы адамдардың iс-әрекеттеріне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы