19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден:
1) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi емес тұлға жасаған;
1-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған кемені қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгінген;
2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасында көзделген талаптар сақталмаған;
3) мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылады.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы