⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы

5-бап. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 5-бап. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы 

1. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі:

      1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша берілетін мемлекеттік мүлік;

      3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

      4) Қор беретін қаржыландыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды өткізуден, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (табыстар);

      6) акциялар, облигациялар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (табыстар, сыйақылар (мүдде);

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасады.

      Университеттің және Зияткерлік мектептердің осы тармаққа сәйкес қалыптастырылған мүлкі оларға меншік құқығымен тиесілі болады.

      Университет және Зияткерлік мектептер өз мүлкін өздерінің құрылу мақсаттарына қол жеткізу үшін ғана пайдаланады.

      2. Университет және Зияткерлік мектептер, сондай-ақ олардың ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма, мемлекеттік білім беру тапсырысын және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға құқылы.

      2-1. Дербес білім беру ұйымының:

      1) бюджет қаражатын өзінің жоғары басқару органының немесе Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының тапсырмасына сәйкес қайта бөлуге;

      2) күрделі салымдарға бағытталатын шығыстар бойынша, сондай-ақ күрделі шығындарға жатпайтын шығыстар бойынша үнемдеу нәтижесінде пайда болған бюджет қаражатын жарғылық мақсаттарға сәйкес дербес білім беру ұйымының ұйымдары және (немесе) шығыстардың бағыттары арасында оларды дамытуға қайта бөлуге құқығы бар.

      Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражаты дербес білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша келесі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.

      2-2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымдарының меншігіне беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі Университет меншігіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде беріледі.

      Мемлекеттік мүлік тізілімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      Мемлекеттік мүлік тізілімінде дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мәліметтерді көрсету дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне мемлекеттің мүліктік құқықтарының туындауына алып келмейді.

      3. Дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне құрылтайшының мүліктік құқықтары болмайды.

      Құрылтайшы өзі құрған дербес білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал олар құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы. 

      Осы Заң "Назарбаев Университетінің" (бұдан әрі – Университет), "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) және "Назарбаев Қорының" (бұдан әрі – Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы