⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы 

      1. Ұлттық палатаның мүлкі: 

      1) міндетті мүшелік жарналар; 

      2) көрсетілетін қызметтерден түсетін түсімдер (кірістер); 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасуы мүмкін. 

      Ұлттық палатаның осы Заңға сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады. 

      2. Алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      3. Ұлттық палата құрылтайшыларының Ұлттық палата мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды. 

      Ұлттық палатаның құрылтайшылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Ұлттық палата құрылтайшылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 

      4. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер оның мүшелері арасында бөліне алмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалады. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы