10-бап. Қордың мүлкі Астана Хаб" инновациялық кластері туралы Заңы
1. Қордың мүлкі:
1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
2) алып тасталды – ҚР 27.09.2025 № 220-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды өткізуден және қызметтерді көрсетуден түскен түсімдер (кірістер);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақылар (мүдде);
4-1) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4-2) "Астана Хаб" қатысушылары Қор қызметінің қағидаларына сәйкес Қорға енгізетін мүшелік жарналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
2. Алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1. Қор инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша өз мүлкі есебінен қаржыландыру үшін айқындайды.
3. Алып тасталды – ҚР 27.09.2025 № 220-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3-1. Алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қордың осы бапқа сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады.
5. Қор осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті инновациялық кластердің қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және оны дамыту, сондай-ақ инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланады.
6. Қор мүлкіне құрылтайшының мүліктік құқықтары болмайды.
Құрылтайшы Қордың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қор құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ.
Осы Заң "Астана Хаб" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы