⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

4-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы 

       Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға мыналар жатады:  

       1) бейбіт жиналыстарға ықтимал қатысушыларды құлақтандыру;  

       2) жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш беру;  

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық және өзге де қажетті көмек беруге құзыреті шегінде жәрдем көрсетуі; 

       4) үгіттеуді Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен жүргізу;  

       5) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының мемлекеттік кауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізуі;  

      6) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; 

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын өзге де әрекеттер. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы