⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Үгіттеу Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

15-бап. Үгіттеу Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Үгіттеу Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы 

      1. Бейбіт жиналысты ұйымдастырушының және Қазақстан Республикасының өзге де азаматтарының: 

       1) осы Заңның 11 және 13-баптарына сәйкес бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны және келісуді алу туралы өтінішті қарау немесе жергілікті атқарушы органның шешімін алу мерзімдері өткеннен; 

       2) осы Заңның 11-бабының 3-тармағына және 13-бабының 3-тармағына сәйкес бейбіт жиналысты ұйымдастырушы бейбіт жиналыстардың өткізу орнын және (немесе) жүру маршрутын не уақытын өзгерту туралы келісімін бергеннен кейін бейбіт жиналыстардың өткізу орны және (немесе) жүру маршруты не уақыты, бейбіт жиналыстарды өткізу мақсаттары туралы ақпаратты және оларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты өзге де ақпаратты хабарлай отырып, үгіттеуді кедергісіз жүргізуге, осы Заңда тыйым салынбаған нышанды, иллюстрациялық материалдарды пайдалануға, сондай-ақ осы іс-шараларға қатысуға үгіттеуге құқығы бар. 

      2. Үгіттеу жүргізу үшін үндеухаттар, плакаттар мен хабарландырулар таратылуы, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы