3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеуді өткізу құқығын іске асыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы;
2) іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау;
3) жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулер мен пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін жағдайлар ұсыну.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің күш қолданылмайтын сипаты;
2) заңдылық;
3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) қатысу еріктілігі;
5) бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция;
6) тараптардың жауапкершілігі.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы