⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтата тұру негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

17-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтата тұру негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтата тұру негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы 

       1. Егер бейбіт жиналыстар өткізу кезінде оған қатысушылардың кінәсінан адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін құқықтық тәртіпті бұзу орын алса, жергілікті атқарушы органның өкілі бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан осы бұзушылықты өз бетінше немесе өзімен бірлесіп жоюды талап етуге құқылы.  

       2. Бұзушылықты жою туралы заңды талап орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілі бұзушылықты жою үшін өзі белгілеген уақытқа бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады. Бұзушылық жойылған кезде бейбіт жиналыстар өткізу оларды ұйымдастырушы мен жергілікті атқарушы органның өкілі арасындағы келісу бойынша жалғасады.  

       3. Егер бұзушылық жергілікті атқарушы органның өкілі белгілеген уақыт өткеннен кейін жойылмаса, бейбіт жиналыстар осы Заңның 18-бабында көзделген тәртіппен тоқтатылуға тиіс.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы