⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

18-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 18-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы 

       1. Бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері мыналар болып табылады:  

      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру; 

       2) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер; 

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу нысанын өзгерту; 

       4) осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген жағдай; 

      5) ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы; 

      6) бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі. 

       2. Бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның өкілі:  

      1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан не оларға қатысушылардан бейбіт жиналыстарды өз еркімен тоқтатуды талап етеді; 

       2) бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талапты орындау үшін уақыт белгілейді.  

       3. Бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талап орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейбіт жиналыстарды мәжбүрлеп тоқтату жөнінде қажетті шараларды қолданады.  

      4. Бейбіт жиналыстарға қатысушының (қатысушылардың) осы Заңның талаптарын бұзуы оның (олардың) бейбіт жиналыстарға қатысуын тоқтатуға алып келеді және ол жойылған жағдайда, бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін негіз болып табылмайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы