26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;
2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;
3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;
4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мəселелерi бойынша нұсқауларын уəкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тəртіппен орындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел жəне жұмылдыру дайындығына тартылады.
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
5. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қорғаныс министрлігіне бекітуге енгізеді.
6. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы арнаулы мемлекеттік органдардың шешімі бойынша әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының қызмет көрсетуіне жатқызылуы мүмкін.
Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы