71-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің құзыреті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз Күштері:
1) Мемлекеттік шекараны су астындағы ортада кесіп өтуге бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүддесінде қайыққа қарсы, оның ішінде су асты-диверсиялық қорғанысты жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы