32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшілiкті қолдау және қауіпсiздiк жөнiндегi басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Pecпубликасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
3. Қазақстан Pecпубликасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы