69-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құзыреті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:
1) әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
2) осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес құрлықта, ішкі және аумақтық суларда, сондай-ақ су астындағы ортада Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады;
3) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты тосын оқиғаларды шешуге қатысады, осы мақсаттар үшін өзге де уәкілетті органдарды тартады;
4) аумақтық сулардағы теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемасын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы