Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Қылмыстық істегі эпизод бойынша заң талаптарына сәйкес алынбаған дәлелдемелер алқабилердің қарауына заңсыз ұсынылған.

Қылмыстық істегі эпизод бойынша заң талаптарына сәйкес алынбаған дәлелдемелер алқабилердің қарауына заңсыз ұсынылған.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қылмыстық істегі эпизод бойынша заң талаптарына сәйкес алынбаған дәлелдемелер алқабилердің қарауына заңсыз ұсынылған.

Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилердің қатысуымен шығарылған 2010 жылғы 3 тамыздағы үкімімен:К., бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 259 - бабы 3 бөлігінің «б» тармағымен мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Атырау облыстық соты кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сот үкімімен К. есірткі затын бірнеше рет заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылған. Сотталған К. өтінішінде сот үкімімен келіспейтінін, бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп, сот үкімін өзгертуге, өзінің қылмыстық әрекетін ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің «б» тармағынан осы баптың 1-1 бөлігіне қайта саралап, тағайындалған жазасын жеңілдетуді сұраған. Қадағалаушы сот алқасы прокурордың сот қаулыларын өзгертуді сұраған пікірін тыңдап, қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, К. жөніндегі сот актілері төмендегі мән-жайлардың негізінде өзгертілуге жатады деп есептейді. ҚІЖК-нің 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әрбiр дәлелдеме қатыстылығы жол берiлушiлiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктілігi тұрғысынан бағалануға тиiс.

Сонымен қатар, ҚІЖК-нің 576-бабына сай, алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулылары туралы істер бойынша қадағалау сатысында осы Кодекстің 459-бабының бірінші және екінші бөлігінің тармақтарында көзделген негіздер бойынша іс жүргізілуі мүмкін екендігі көрсетілген. Алқабилердің қатысуымен қабылданған соттың, яғни К.-ны ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп тану туралы тұжырымы заң талаптарына негізделмеген. Сот ҚІЖК-нің 24-бабының талаптарын бұзып, iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолданбаған, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңының бірқатар ережелерін бұзуға жол берген. Сотта зерттелген дәлелдемелерге қарағанда сотталған К.-ның салмағы 44,97 гр., болатын есірткі заты - кептірілген марихуананы Б.-ға 2010 жылы 8  қаңтарда (20 000 теңгеге) өткізгені туралы эпизод алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысында дәлелденіп бекітілген. Сонымен қатар, сотталған К.-ның 2010 жылдың 13 қаңтарында салмағы 3,24 гр. кептірілген марихуананы Б.-ға (3000 теңгеге) өткізгені туралы эпизод бойынша дәлелдемелер заң талаптарына сай алынбаған және алқабилердің қарауына заңсыз ұсынылған.ҚІЖК-нің 549-бабының 3-бөлігіне және 116-бабына сәйкес, заң талаптарын бұзу арқылы алынған дәлелдемелер алқабилердің қатысуымен қарауға берілмейді, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот іс материалдарынан мұндай дәлелдемелерді тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен алып тастай алатындығы көрсетілген.  Алайда, істі қарау барысында заңның бұл талаптары орындалмаған. «Есірткі, психотроптық, және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 нормативтік қаулысының 9-1-тармағында, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде азаматтарды құқық бұзушылықтарды жасауға итермелеуге және арандатуға тыйым салынатындығы қарастырылған. ҚІЖК-нің 117-бабының талаптарына сай, қылмыстың жасалу мәнжайлары, атап айтқанда осы іске қатысты есірткі затын өткізудің әрбір фактісі жасалғанда өзінің сатуға деген дербес пиғылымен қамтылған сатудың әрбір фактілері дәлелденуге жатады.

Көрсетілген заңның талаптары К.-ға қатысты орындалмаған және Заңның жедел-іздестіру шараларын тоқтату мен К.-ның одан әрі қылмыс жасауын болдырмау туралы талаптарына қарамастан, полиция қызметкерлері заңда көрсетілген негіздерді келтірмей, бір тұлғадан қайталап жедел сатып алуды жүргізген. Бұл ретте, 2010 жылдың 8 қаңтарында болған бірінші сатып алуды қайталайтын кейінгі, яғни осы жылдың 13 қаңтарындағы қайталап жедел сатып алудың қандай мақсатта жүргізілгені іс бойынша анықталмаған және істің құжаттарына қарағанда ол тергеу қажеттілігіне байланысты болмаған. Анықталған заң бұзушылықтарға қарағанда, Қ.-ның әрекетінде есірткі затын бірнеше рет өткізген деген саралау белгілері орын алмаған. Сондықтан К.-ға қатысты 2010 жылдың 13 қаңтарында есірткі затын өткізгені туралы эпизод қысқартылуға жатады. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде қадағалаушы сот алқасы Қ.-ның қылмыстық әрекетін ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің «б» тармағынан ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігіне қайта саралап, ол бойынша мүлкін тәркілеп, 6 (алты) жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгіледі.    

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Тұрғын үй комиссияларының шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша дәлелдемелер және дәлелдеу

Тұрғын үй комиссияларының шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша дәлелдемелер және дәлелдеуӘПК-нің 129-бабына сәйкес, дау айту туралы талап қоюлар бойынша дәлелдеу а...

Толық оқу »

99-бап. Ақпараттың материалдық жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

99-бап. Ақпараттың материалдық жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Дәлелдемелер іс үшін маңызы бар және іске қатыстылығ...

Толық оқу »

765-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дәлелі

765-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дәлелі 1. Заңды түрде алынған нақты деректер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс...

Толық оқу »

63-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің дәлелі

63-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің дәлелі1. Сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ іс...

Толық оқу »

342-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жаңа кредиторының құқықтарын дәлелдеу

342-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жаңа кредиторының құқықтарын дәлелдеу Түсініктеме берілген баптың ережелері жаңа несие берушінің борышкерге...

Толық оқу »

Дәлелдемелер мен дәлелдеу

Дәлелдемелер мен дәлелдеуӘРПК-нің 129-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік процесте дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органына қатысты. Талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәле...

Толық оқу »

99-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің материалдық ақпарат жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер

99-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің материалдық ақпарат жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер1. Дәлелдемелер мыналарды қамтитын ақпара...

Толық оқу »

63-бап. Дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

63-бап. Дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сонд...

Толық оқу »

Дәлелдемелер жәбірленуші тарапынан қандай да бір қатер төндіретін әрекеттер болмаған кезде өмірлік маңызды органға оқ ату жәбірленушіні өлтіруге кінәлі адамның ниеті туралы куәландырады

Дәлелдемелер жәбірленуші тарапынан қандай да бір қатер төндіретін әрекеттер болмаған кезде өмірлік маңызды органға оқ ату жәбірленушіні өлтіруге кінәлі адамның ниеті туралы ку...

Толық оқу »

342-бап. Жаңа несие берушiнiң құқықтарына дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

342-бап. Жаңа несие берушiнiң құқықтарына дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелердi өзiне табыс етк...

Толық оқу »

Қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып алынған және тексеруге ұшырамаған дәлелдемелер айыптаудың негізіне алынбайды

Қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып алынған және тексеруге ұшырамаған дәлелдемелер айыптаудың негізіне алынбайдыШығыс Қазақстан облыстық сотының қылм...

Толық оқу »

Кері қайтарып алу мен дәлелдеме беру үшін сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот процесін кейінге қалдыру туралы өтініш

Кері қайтарып алу мен дәлелдеме беру үшін сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот процесін кейінге қалдыру туралы өтінішАлматы қаласы Бостандық аудандық сот...

Толық оқу »

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңды күшіне енбейді, сондықтан айыптау үкімінің негізін қалауға болмайды, сонымен қатар кез-келген жағдайды дәлелдеу кезінде қолданылады

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңды күшіне енбейді, сондықтан айыптау үкімінің негізін қалауға болмайды, сонымен қатар кез-келген жағдайды дәлелдеу кезінде қолданылад...

Толық оқу »

765-бап. Дәлелдемелер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

765-бап. Дәлелдемелер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның немесе органны...

Толық оқу »

165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын дәлелдемелер мен материалдар  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын дәлелдемелер мен материалдарСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Жалпы аварияны бөлудi талап ететiн тарап мәлiмделген...

Толық оқу »

219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі ...

Толық оқу »

Іс жүргізу әрекетін жүргізу тәртібін бұза отырып дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін алынған дәлелдемелер

Іс жүргізу әрекетін жүргізу тәртібін бұза отырып дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін алынған дәлелдемелерШығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық сотының 2016 жылғы 30 маусы...

Толық оқу »