Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 765-бап. Дәлелдемелер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

765-бап. Дәлелдемелер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

765-бап. Дәлелдемелер Әкімшілік құқық бұзушылық туралыҚазақстан Республикасының Кодексі 

      1. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның немесе органның (лауазымды адамның) осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар іс-әрекеттің болғанын немесе болмағанын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның осы іс-әрекетті жасағанын немесе жасамағанын, осы тұлғаның кiнәлiлiгiн не кінәсіздігін анықтауына негіз болатын заңды түрде алынған нақты деректер, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер болып табылады. 

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген нақты деректер: әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның түсiнiктемелерiмен; жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындыларымен және айғақтарымен; заттай дәлелдемелермен; өзге де құжаттармен; осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және процестік әрекеттердің хаттамаларымен анықталады. 

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дәлелдемелер ретiнде қарау кезiнде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған деректер пайдаланылуы мүмкiн. 

      3. Егер нақты деректер іс жүргізуге қатысушылардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестiң өзге де қағидаларын бұза отырып алынып, нақты деректердiң анықтығына ықпал етiп немесе ықпал етуi мүмкiн болып, оның iшiнде: 

      1) зорлық-зомбылық жасап, қорқытып, алдап, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер қолданып; 

      2) процеске қатысатын адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты оған түсiндiрмеу, толық емес немесе дұрыс емес түсiндiру салдарынан туындаған шатасуын пайдаланып; 

      3) осы іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекеттi жүргізуіне байланысты; 

      4) қарсылық бiлдiруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты; 

      5) процестік әрекеттi жүргізу тәртiбiн бұза отырып; 

      6) белгiсiз көзден; 

      7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолданып, осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретiнде жол беруге болмайды деп танылуға тиiс. 

      4. Нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтынын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiп жатқан судья немесе орган (лауазымды адам) өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтiнiшхаты бойынша белгілейді. 

      5. Тиiстi бұзушылықтар мен оларға жол берген тұлғалардың кiнәлiлiгi фактiсiн қоспағанда, заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердiң заңдық күшi жоқ деп танылады және оларды iс бойынша шешiмнiң негiзiне алуға, сондай-ақ iс бойынша кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдалануға болмайды. 

 

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Тұрғын үй комиссияларының шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша дәлелдемелер және дәлелдеу

Тұрғын үй комиссияларының шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша дәлелдемелер және дәлелдеуӘПК-нің 129-бабына сәйкес, дау айту туралы талап қоюлар бойынша дәлелдеу а...

Толық оқу »

99-бап. Ақпараттың материалдық жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

99-бап. Ақпараттың материалдық жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Дәлелдемелер іс үшін маңызы бар және іске қатыстылығ...

Толық оқу »

765-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дәлелі

765-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дәлелі 1. Заңды түрде алынған нақты деректер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс...

Толық оқу »

63-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің дәлелі

63-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің дәлелі1. Сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ іс...

Толық оқу »

Қылмыстық істегі эпизод бойынша заң талаптарына сәйкес алынбаған дәлелдемелер алқабилердің қарауына заңсыз ұсынылған.

Қылмыстық істегі эпизод бойынша заң талаптарына сәйкес алынбаған дәлелдемелер алқабилердің қарауына заңсыз ұсынылған.Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған а...

Толық оқу »

342-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жаңа кредиторының құқықтарын дәлелдеу

342-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жаңа кредиторының құқықтарын дәлелдеу Түсініктеме берілген баптың ережелері жаңа несие берушінің борышкерге...

Толық оқу »

Дәлелдемелер мен дәлелдеу

Дәлелдемелер мен дәлелдеуӘРПК-нің 129-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік процесте дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органына қатысты. Талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәле...

Толық оқу »

99-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің материалдық ақпарат жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер

99-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің материалдық ақпарат жеткізгіштеріндегі дәлелдемелер1. Дәлелдемелер мыналарды қамтитын ақпара...

Толық оқу »

Дәлелдемелер жәбірленуші тарапынан қандай да бір қатер төндіретін әрекеттер болмаған кезде өмірлік маңызды органға оқ ату жәбірленушіні өлтіруге кінәлі адамның ниеті туралы куәландырады

Дәлелдемелер жәбірленуші тарапынан қандай да бір қатер төндіретін әрекеттер болмаған кезде өмірлік маңызды органға оқ ату жәбірленушіні өлтіруге кінәлі адамның ниеті туралы ку...

Толық оқу »

342-бап. Жаңа несие берушiнiң құқықтарына дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

342-бап. Жаңа несие берушiнiң құқықтарына дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелердi өзiне табыс етк...

Толық оқу »

Қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып алынған және тексеруге ұшырамаған дәлелдемелер айыптаудың негізіне алынбайды

Қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып алынған және тексеруге ұшырамаған дәлелдемелер айыптаудың негізіне алынбайдыШығыс Қазақстан облыстық сотының қылм...

Толық оқу »

Кері қайтарып алу мен дәлелдеме беру үшін сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот процесін кейінге қалдыру туралы өтініш

Кері қайтарып алу мен дәлелдеме беру үшін сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот процесін кейінге қалдыру туралы өтінішАлматы қаласы Бостандық аудандық сот...

Толық оқу »

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңды күшіне енбейді, сондықтан айыптау үкімінің негізін қалауға болмайды, сонымен қатар кез-келген жағдайды дәлелдеу кезінде қолданылады

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңды күшіне енбейді, сондықтан айыптау үкімінің негізін қалауға болмайды, сонымен қатар кез-келген жағдайды дәлелдеу кезінде қолданылад...

Толық оқу »

165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын дәлелдемелер мен материалдар  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын дәлелдемелер мен материалдарСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Жалпы аварияны бөлудi талап ететiн тарап мәлiмделген...

Толық оқу »

219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі ...

Толық оқу »

Іс жүргізу әрекетін жүргізу тәртібін бұза отырып дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін алынған дәлелдемелер

Іс жүргізу әрекетін жүргізу тәртібін бұза отырып дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін алынған дәлелдемелерШығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық сотының 2016 жылғы 30 маусы...

Толық оқу »