Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот шешімі бойынша жұбайы заң бойынша мұрагерліктен шеттетілуі мүмкін

Сот шешімі бойынша жұбайы заң бойынша мұрагерліктен шеттетілуі мүмкін

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сот шешімі бойынша жұбайы заң бойынша мұрагерліктен шеттетілуі мүмкін

Егер мұра қалдырушының жұбайымен некесі мұра ашылғанға дейін іс жүзінде тоқтатылғаны және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бойы бөлек тұрғаны дәлелденсе, сот шешімі бойынша жұбайы заң бойынша мұрагерліктен шеттетілуі мүмкін (Азаматтық кодекстің 1070-бабының 2-тармағы).

Аталған норма соттармен дұрыс қолданылады. Ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бойы бөлек тұрғаны, ортақ бірлескен шаруашылық жүргізбегені, бір-біріне материалдық қолдау көрсетпегені анықталған жағдайда, соттар талап қоюларды қанағаттандырады.

Павлодар қалалық сотының 2024 жылғы 13 наурыздағы шешімімен Д.К.-ның (анасы) Д.О.-ға (жұбайы) қойған талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған. Талап 2023 жылғы 8 қыркүйекте Д.Ж.-ның қайтыс болғанын, мұрагерлік мүліктің пәтерден тұратынын, ерлі-зайыптылардың 2015 жылдан бастап бөлек тұрғанын және ортақ шаруашылық жүргізбегенін негізге ала отырып қойылған.

Сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, талапкердің некенің іс жүзінде тоқтатылғаны туралы уәждері куәлардың айғақтарымен теріске шығарылатынын негізге алған. Куәлар көрсетілген пәтерді Д. ерлі-зайыптыларының бірлесіп жалға бергенін растаған. Сонымен қатар, даулы пәтер бойынша коммуналдық қызметтер мен салықтарды 2021–2022 жылдары дәл жауапкердің төлегені, бұл көрсетілген кезеңде Д.-ның отбасылық қатынастарының болғанын куәландырады.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Жалпы ережелер

Нормативтік қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес, мұрагерлік істері бойынша дауларды шешу кезінде соттар мұра ашылған күні қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алуға тиіс.

Мұрагерлік қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындайтын құқықтар мен міндеттерге қолданылады.

Алдыңғы қорытуда 1999 жылғы 1 шілдеден бастап, яғни Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) қолданысқа енгізілген кезден бастап мұраны қабылдаудың бұрын қолданыста болған тәртібі өзгергені түсіндірілген.

1999 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болған Қазақ КСР Азаматтық кодексінің 542-бабына сәйкес, мұраны иелену үшін мұрагер оны қабылдауға тиіс болатын.

Мұрагер мұрагерлік мүлікке іс жүзінде иелік етуге немесе оны басқаруға кіріскен кезде не мұра ашылған жердегі мемлекеттік нотариат кеңсесіне мұраны қабылдау туралы өтініш берген кезде мұраны қабылдады деп танылған.

Аталған әрекеттер мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде жасалуға тиіс болған.

1999 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) қолданысқа енгізілуімен мұраны қабылдау қағидалары елеулі түрде өзгерді, «мұраны қабылдау презумпциясы» қолданыла бастады, яғни мұрагер кейіннен мұрадан бас тартпаса, мұрагерлік құқығынан айырылмаса және оны мұрагер етіп тағайындау туралы өсиеттік өкімнің жарамсыз деп танылуы салдарынан мұрагерлік құқығын жоғалтпаса, мұра ашылған кезден бастап өзіне тиесілі мұраға құқық алатын болды.

2007 жылғы 3 ақпаннан бастап мұраны қабылдаудың бұрынғы тәртібі қайтадан қолданыла бастады («Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы және Ерекше бөлімдер) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заң).

Жекелеген жағдайларда соттар істі қарау кезінде мұра ашылған күні қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алу қажеттігін ескермейді.

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық сотының 2024 жылғы 16 мамырдағы шешімімен Г.В.В.-ның Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және оны мұраны қабылдаған деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған.

Істің мән-жайларынан мұра қалдырушы Г.В.Н.-ның 2000 жылғы 13 желтоқсанда, яғни мұраны қабылдау презумпциясы қолданылған кезеңде қайтыс болғаны анықталған. Алайда талапкер Ақтөбе нотариат округінің нотариусы К.-ға мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін жүгінген кезде, мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алуына байланысты оған бас тартылған.

Мұндай қателіктер жүйелі сипатқа ие, жекелеген нотариустардың заңды білмеуі азаматтардың соттарға негізсіз жүгінуіне әкеп соғады, ал соттар нотариустардың заңсыз әрекеттерінің жолын кеспей, азаматтардың құқықтарының одан әрі бұзылуына ықпал етеді.

Соттар мұрагерлердің шеңбері де мұра ашылған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес айқындалатынын білуге тиіс. Қазақ КСР Азаматтық кодексі қолданылған кезеңде мұрагерлердің тек үш кезегі болған, 1999 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заң бойынша мұрагерлердің алты кезегі айқындалған, ал 2007 жылғы 3 ақпаннан бастап мұрагерлердің шеңбері қайтадан өзгертілген.

1999 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан аралығындағы кезеңде Азаматтық кодексте мұрагерлік трансмиссия институты болмаған, ал 2007 жылғы 3 ақпаннан бастап өкілдік ету құқығы бойынша мұрагерлік қағидалары өзгертілген.

Осылайша, әртүрлі кезеңдерде бір мәселенің құқықтық реттелуі әртүрлі болғандықтан, соттар мұра ашылған сәтте қолданыста болған құқық нормаларын қолдануға тиіс.

Соттылық

Азаматтық процестік кодекске сәйкес мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын азаматтық істердің мынадай соттылығы белгіленген.

Азаматтық процестік кодекстің 31-бабының 3-бөлігімен мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану, мұраны иесіз деп тану, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру, мұрадан бас тарту мерзімін ұзарту туралы талап қоюлар бойынша істердің айрықша соттылығы айқындалған.

Жоғарыда аталған талап қоюлар бойынша істер мұра ашылған жер бойынша қаралады.

Бұған дейінгі қорытуда Нормативтік қаулының 12-тармағы мен Азаматтық процестік кодекстің 31-бабының 3-бөлігі арасындағы қайшылыққа байланысты мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюлар бойынша істердің соттылығы мәселелері түсіндірілген. Нормативтік қаулыға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін соттарға Азаматтық процестік кодекстің нормаларын басшылыққа алу ұсынылады, яғни мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру немесе мұрадан бас тарту мерзімін ұзарту туралы талап қоюлар мұра ашылған жердегі сотқа берілуге тиіс.

Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес мұра ашылатын жер мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері, ал ол белгісіз болған жағдайда – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері болып табылады.

Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының 2024 жылғы 23 қазандағы ұйғарымымен А.Т.-ның О.-ға және басқа да тұлғаларға мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюы істің осы сотқа соттылығының болмауына байланысты негізсіз қайтарылған. Талап қоюды қайтаруға негіз ретінде сот қайтыс болған А.М.-ның Талдықорған қаласында тіркелгенін көрсеткен.

Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 желтоқсандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшін жойып, талап қою сол сотқа жіберілген.

Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпарат алмасу жүйесінің (ҚАААО ААЖ) мәліметтеріне сәйкес, қайтыс болған А.М. тірі кезінде Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тіркелген. Мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жеріне қатысты осындай ақпаратты полиция органдары да ұсынған. Сонымен қатар, А.М.-ның аталған мекенжай бойынша тұрғын үйі меншік құқығында тіркелген.

Азаматтық процестік кодекстің 31-бабының 2-бөлігімен мұра қалдырушының кредиторлары мұрагерлерге, өсиетті орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) қоятын талап қоюлардың айрықша соттылығы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес, яғни жылжымайтын мүлікке қатысты белгіленген қағидалар бойынша мұрагерлік мүліктің орналасқан жері бойынша қаралатыны белгіленген.

Егер мұрагерлік мүліктің құрамына жылжымалы мүлік (банктердегі салымдар, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес, кооперативтердегі пайлар және т.б.) кірсе, кредиторлардың талап қоюларына соттылықтың жалпы қағидасы – жауапкердің орналасқан жері бойынша соттылық қолданылады.

Кәмелетке толмаған балалардың мұрагерлік құқықтарын қорғау туралы даулар Азаматтық процестік кодекстің 27-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда қаралады.

Жекелеген жағдайларда соттар істерді негізсіз түрде соттылығы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарға жібереді.

Қызылорда қалалық сотының 2024 жылғы 2 қазандағы ұйғарымымен И.-дің А.-ға мұрадан бас тарту туралы өтінішті заңсыз деп тану және мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қоюы жауапкердің талапкер алдында кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент бойынша берешегінің болуына байланысты Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына соттылығы бойынша жіберілген.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келіспей, ұйғарымның күшін жойып, істі мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберген. Бұл талап қою мұра қалдырушының мұрагерлері болып табылмайтын кәмелетке толмағандардың мүдделері үшін берілмегені көрсетілген.

Жалпы соттылық қағидасы (жауапкердің орналасқан жері бойынша) мұрагерлік құқықтардан туындайтын барлық өзге де істерге (өсиетті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы куәліктерді қоспағанда және т.б.) қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 ақпандағы ұйғарымымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық соттың 2025 жылғы 16 қаңтардағы ЖШС-нің С.-ға, Ф.-ға заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қайтару туралы ұйғарымының күші жойылған.

Талап қоюды қайтару кезінде бірінші сатыдағы сот талапкердің заңды тұлға болып табылатынын, жауапкер С.-ның жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) ретінде тіркелгенін, даудың шаруа қожалығындағы (бұдан әрі – ШҚ) ортақ үлестік меншікке қатысушылардың үлесіне қатысты туындағанын негізге алып, бұл корпоративтік даудың бар екенін және оның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың (бұдан әрі – МАЭС) соттылығына жататынын көрсеткен.

Сот алқасы бұл тұжырымдарды негізсіз деп танып, жауапкер С.-ның ЖШС немесе ШҚ қатысушысы, сондай-ақ аталған ұйымдардың басшысы немесе бұрынғы басшысы болып табылмайтынын, тиісінше даудың корпоративтік сипатта екені туралы соттың қорытындысы Азаматтық процестік кодекстің 27-бабының мазмұнына қайшы келетінін көрсеткен. С.-ның ЖК мәртебесі істі МАЭС-тің соттылығына жатқызу үшін маңызға ие емес, өйткені ЖШС-нің сотқа жүгінуі жауапкер – жеке тұлғаның құқық белгілейтін құжатын даулауға байланысты.

Азаматтық процестік кодекстің 307-бабына сәйкес заңдық маңызы бар фактіні анықтау жөніндегі істер бойынша өтініш өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі, ал жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың бар екендігі фактісін анықтау туралы істер бойынша өтініш жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріндегі сотқа беріледі.

Жамбыл облысының Тараз қалалық сотының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы шешімімен Л.Т.-ның мұра ашылған жердің заңдық фактісін анықтау туралы өтініші қанағаттандырылған. 1999 жылғы 24 қазанда қайтыс болған Л.С.-дан кейін мұра ашылған жер ретінде Тараз қаласы белгіленген.

Сотқа жүгінуге нотариус С.-ның 2024 жылғы 11 қазандағы қаулысы негіз болған. Аталған қаулымен өтініш берушіге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруден бас тартылып, мұрагерлік мүлік (Тараз қаласындағы пәтер) орналасқан жер бойынша жұбайының тіркелмегеніне және тіркеу орнынан шығарылғанына байланысты мұра ашылған жерді анықтау үшін сотқа жүгіну ұсынылған.

Бұл жағдайда нотариус мұрагерлік құқығы туралы куәлікті беруден негізсіз бас тартқан, өйткені Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес мұра ашылатын жер мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері, ал ол белгісіз болған жағдайда – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері болып табылады. Осыған байланысты сотта өтінішті қанағаттандыруға құқықтық негіздер болмаған.

Алматы қаласында тұратын А. сотқа екі фактіні: оның әжесі У.-мен туыстық қатынастарының болуын және Ақтөбе облысының Хромтау қаласының аумағында У. қайтыс болғаннан кейін ашылған мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы өтінішпен жүгінген.

Хромтау аудандық сотының 2024 жылғы 2 тамыздағы ұйғарымымен А.-ның өтініші Азаматтық процестік кодекстің 307-бабына сілтеме жасала отырып, істің соттылығына жатпауына байланысты қайтарылған.

Апелляциялық сатыдағы сот Азаматтық процестік кодекстің 31-бабының ережелеріне сілтеме жасай отырып, мұра қалдырушының жылжымайтын мүлкінің бар екенін көрсетіп, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күшін жойған.

Кейіннен Хромтау аудандық сотының 2024 жылғы 23 қазандағы ұйғарымымен мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы талап қою бөлігінде іс бойынша іс жүргізу Азаматтық процестік кодекстің 279-бабының 8) тармақшасы негізінде өтініштің кері қайтарып алынуына байланысты қараусыз қалдырылған.

Соттың 2024 жылғы 28 қазандағы шешімімен А.-ның туыстық қатынастар фактісін анықтау туралы өтініші қанағаттандырылған.

Ақтөбе облыстық сотының талдауында аталған істің Ақтөбе облысының аумақтық соттылығы бойынша қаралуының заңдылығы туралы мәселе қойылған, өйткені Азаматтық процестік кодекстің 307-бабына сәйкес заңдық маңызы бар фактіні анықтау жөніндегі істер бойынша өтініш өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі. Жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың бар екендігі фактісін анықтау туралы өтініштер ғана жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріндегі сотқа берілетіні осы ережеден ерекшелік болып табылады.

Бұл жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың ұстанымы дұрыс болып көрінеді, өйткені бастапқы өтінішті қарау кезінде Азаматтық процестік кодекстің 31-бабымен белгіленген айрықша соттылық қағидасын (жылжымайтын мүлік түріндегі мұраны қабылдау фактісін анықтау) ескеру қажет болған.

Нормативтік құқықтық база

Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолданылуға жататын нормативтік құқықтық актілер мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Кишинев конвенциясы;
  • 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясы және оған 1997 жылғы 28 наурыздағы хаттама;
  • Қазақ КСР Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Қазақ КСР АК);
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының АК, АК);
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
  • Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі;
  • Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі – ҚР ЖС) 1999 жылғы 29 маусымдағы № 5 «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы (бұдан әрі – Нормативтік қаулы);
  • ҚР ЖС-ның 2022 жылғы 28 маусымдағы № 13 «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидалары.

  

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Мұрагерлік мүлікке өндіріп алу

Мұрагерлік мүлікке өндіріп алу С. Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімін түсіндіру туралы арызбен сотқа жүгінді, оған сәйкес Ө пайдасына 20 040 00...

Толық оқу »

Мұрагерлік құқығы туралы даулар-Мұрагер мұрагерлікке шақыру туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылы

Мұрагерлік құқығы туралы даулар-Мұрагер мұрагерлікке шақыру туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылыМ.сотқа Ж., Г., А.,....

Толық оқу »

Мұрагерлік құқығы туралы даулар

Мұрагерлік құқығы туралы дауларЕгер алдыңғы бөлімде көзделген хабарлама жасалған сәттен бастап үш ай ішінде болмаған Мұрагер қалған мұрагерлерді мұраны бөлу туралы Келісімге қ...

Толық оқу »

Мұрагерді лайықсыз деп тану және мұрагерліктен алып тастау туралы талап-арыздар

Мұрагерді лайықсыз деп тану және мұрагерліктен алып тастау туралы талап-арыздарСоттылық.Мұрагерді лайықсыз деп тану және мұрагерліктен жою туралы талаптарды соттар АІЖК – нің...

Толық оқу »

Қайтыс болған азаматтың мүлкін басқа адамға беру мұрагерлік тәртібімен жүзеге асырылады

Қайтыс болған азаматтың мүлкін басқа адамға беру мұрагерлік тәртібімен жүзеге асырыладыАзаматтық кодекстің 6-бөлімінің ережелеріне сәйкес қайтыс болған азаматтың мүлкін басқа...

Толық оқу »

Жер учаскесіне меншік құқығы: меншік құқығын беру; меншік құқығын беру; әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен меншік құқығын беру (мұрагерлік) жолымен туындайды.заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру).

Жер учаскесіне меншік құқығы: меншік құқығын беру; меншік құқығын беру; әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен меншік құқығын беру (мұрагерлік) жолымен туындайды.заңды тұлған...

Толық оқу »

1070-бап. Мұра алу кезiндегi ерлi-зайыптылардың құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1070-бап. Мұра алу кезiндегi ерлi-зайыптылардың құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықты...

Толық оқу »

Тану заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік және мұрагерлік құқығын жарамсыз деп тану

Тану заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік және мұрагерлік құқығын жарамсыз деп тануСот сатылары материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаған және іс бойынша белгіленг...

Толық оқу »

1045-бап. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1045-бап. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген н...

Толық оқу »

1071-бап. Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлiк кезiнде оны басқару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1071-бап. Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлiк кезiнде оны басқару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағ...

Толық оқу »

45-бап. Мұраға қалдыру және азаматты хабар-ошарсыз кеткен, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп тану кезінде мемлекеттік тіркеу  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы

45-бап. Мұраға қалдыру және азаматты хабар-ошарсыз кеткен, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп тану кезінде мемлекеттік тіркеуЖылжымайтын мүлікке қ...

Толық оқу »

1121-бап. Мұрагерлiк бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1121-бап. Мұрагерлiк бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын ел...

Толық оқу »

Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы.

Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Бүк...

Толық оқу »

32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiндегi құқықтары Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қа...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырул...

Толық оқу »

6-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің санаттары Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

6-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің санаттарыТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай санаттарғ...

Толық оқу »

145-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

145-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушыл...

Толық оқу »

2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары  Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттарыТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:      1) та...

Толық оқу »

35-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің мұрагерлік бойынша ауысуы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

35-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің мұрагерлік бойынша ауысуы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер...

Толық оқу »

10-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

10-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сә...

Толық оқу »

145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Коде...

Толық оқу »

15-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншік Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

15-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншікТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Қазақстан Республикасының аумағындағы және...

Толық оқу »

1069-бап. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1069-бап. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның е...

Толық оқу »

1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасыТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Қ...

Толық оқу »

101-9-бап. Қайтыс болған (қаза тапқан), хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің, мұрагерлерінің құқықтары Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

101-9-бап. Қайтыс болған (қаза тапқан), хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау орган...

Толық оқу »

1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары...

Толық оқу »

2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттеріТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдал...

Толық оқу »

Пәтер түріндегі мұрагерлік мүлікті сенімгерлік басқарушыны тағайындау үшін нотариусқа жүгінуге мәжбүрлеу туралы

Пәтер түріндегі мұрагерлік мүлікті сенімгерлік басқарушыны тағайындау үшін нотариусқа жүгінуге мәжбүрлеу туралы29.08.2023 жылғы №6001-23-00-6ап/149Талапкер: "F" АҚ (бұдан әрі-...

Толық оқу »

Өз еркімен салынған құрылыс мұра қалдырушыға заңды түрде тиесілі мүлік болып табылмайды және оны мұрагерлік массаға қосуға болмайды

Өз еркімен салынған құрылыс мұра қалдырушыға заңды түрде тиесілі мүлік болып табылмайды және оны мұрагерлік массаға қосуға болмайдыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану т...

Толық оқу »

72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары  Нотариат туралы Заңы

72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды та...

Толық оқу »

1048-бап. Мұрагерлердi қосымша тағайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1048-бап. Мұрагерлердi қосымша тағайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қа...

Толық оқу »

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеу

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеуАлматы облысының Іле аудандық соты құрамында: ашық сот...

Толық оқу »

Қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған мұрагерлер деп тану туралы талап арыз

Қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған мұрагерлер деп тану туралы талап арыз Назар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігі...

Толық оқу »

Мүлікті тіркеуге байланысты даулар, егер мұраны қабылдаған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарса, мұра қалдырушының кредиторлары мәжбүрлеп тіркеуді талап етуге құқылы

Мүлікті тіркеуге байланысты даулар, егер мұраны қабылдаған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарса, мұра қалдырушының кредиторлар...

Толық оқу »

4-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілері Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

4-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілеріТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      1. Анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін облыстардың, республи...

Толық оқу »

16-бап. Тарих және мәдениет ескерткіші меншік иесінің құқықтары Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

16-бап. Тарих және мәдениет ескерткіші меншік иесінің құқықтарыТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Меншік иесіне тарих және мәдениет ескертк...

Толық оқу »

71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары Нотариат туралы Заңы

71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды тала...

Толық оқу »

Нотариусқа қатысты әділетке шағым

Нотариусқа қатысты әділетке шағымНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайым нақты жағдайдың талаптарына сәйк...

Толық оқу »

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1)...

Толық оқу »

Жоғарғы Соттың кассациялық алқасына өсиет пен мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы сот шешімі мен қаулысына өтінішхат

Жоғарғы Соттың кассациялық алқасына өсиет пен мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы сот шешімі мен қаулысына өтінішхатНазар аударыңыз! Заң және құқық заң...

Толық оқу »

Мұрадан бас тарту

Мұрадан бас тартуҚазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1074-бабына сәйкес, мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер...

Толық оқу »

13-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

13-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      1. Тарихи-м...

Толық оқу »

11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiТарихи-мәдени мұра о...

Толық оқу »

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514-IV Заңы      2003 жылғы 17 қазанда Па...

Толық оқу »

1073-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1073-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы...

Толық оқу »

Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру | мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану

Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру | мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану1992 жылғы 22 қыркүйектегі жекешелендіру туралы шарт негізінде: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, М...

Толық оқу »

60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау 9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы

60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы     ...

Толық оқу »