2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды және кеңінен танытуды қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық деңгейде кеңінен таныту;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы