⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілері Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

4-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілері Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілері Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы 

      1. Анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары алдын ала есепке алу тізіміне енгізеді және олардың мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуға жатады. 

      2. Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізуді не оларды алдын ала есепке алу тізімінен алып тастауды тиісті мемлекеттік органдар олар алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде жүргізеді. 

       3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары екі жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. 

      4. Тарихи-мәдени мұра объектілері республикалық немесе жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген күннен бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесіне ие болады. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы