1070-бап. Мұра алу кезiндегi ерлi-зайыптылардың құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ.
2. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы